Пресс-релизы » АО «КазТрансОйл»
«ҚазТрансОйл» АҚ және «Транснефть» ЖАҚ жарамсыз мұнай үшін өтемақы механизмін талқылады АО «КазТрансОйл» и ПАО «Транснефть» обсудили механизм компенсации за некондиционную нефть
2019 жылғы 20 маусымда Санкт-Петербургте өткен халықаралық Мұнай тасымалдаушылар қауымдастығы басқармасының отырысы аясында «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов және «Транснефть» ЖАҚ президенті Николай Токарев Усть-Луга портында жөнелтілген жарамсыз мұнай үшін қазақстандық жүкжөнелтушілерге залалды өтеу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
Димаш Досанов «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор ретінде компанияның мұнай құбырлары жүйесі арқылы мұнай тасымалдау кезінде Қазақстан Республикасы мен жүкжөнелтушілердің мүддесін қамтамасыз ететіндігін атап өтті. – Құбыр нарығының барлық қатысушылары мұнайдың хлорорганикамен ластануы проблемасына алғашқы рет тап болды. «Транснефть» кәсіби деңгейде ден қойды, салдарын жою үшін қолдан келгенін жасады деп ойламын. Ресейлік серіктестермен Усть-Луга портында жөнелтілген жарамсыз мұнай үшін шығындарды өтеу бойынша уағдаластыққа қол жеткіздік».
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры «Транснефть» ЖАҚ тарапынан жарамсыз мұнай үшін есептер мен төлемдерді едәуір жеңілдететін өтемақы механизмі ұсынылғандығын айтып өтті. Механизмнің егжей-тегжейін және төлемдер сомасын «Транснефть» ЖАҚ мүдделі тараптарға белгіленген тәртіпте ұсынатын болады.
Анықтама үшін:
2019 жылғы сәуір-мамырда «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесінде тасымалданатын мұнайда хлорорганикалық қосылыстардың жоғары концентрациясына байланысты төтенше жағдай орын алды, ол Усть-Луга портында қазақстандық жүкжөнелтушілер үшін танкерлерге жарамсыз мұнайды жөнелтуге әкеп соқты. «Транснефть» ЖАҚ-тың хабарламалық мәлімдемесіне сәйкес бұл жағдай «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесіне жүкжөнелтушілердің мұнайын қабылдау кезінде жоғары органикалық хлоридтері бар химиялық реагенттер араласқан мұнайдың «Дружба» магистральдық мұнай құбырына құйылуы нәтижесінде орын алған.
«ҚазТрансОйл» АҚ өз тарапынан қазақстандық өндірушілердің ресурстарын Усть-Луга портында жөнелту үшін «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесіне толық көлемде және тиісті сапада тапсыруды қамтамасыз етті.
«ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс
және ішкі коммуникациялар департаменті
В рамках заседания правления международной Ассоциации транспортировщиков нефти в Санкт-Петербурге, прошедшего 20 июня 2019 года, генеральный директор АО «КазТрансОйл» Димаш Досанов и президент ПАО «Транснефть» Николай Токарев достигли договоренности о компенсации ущерба казахстанским грузоотправителям за отгрузку некондиционной нефти в порту Усть-Луга.
«АО «КазТрансОйл» как национальный оператор по магистральному нефтепроводу обеспечивает интересы Республики Казахстан и грузоотправителей при транспортировке нефти по системе нефтепроводов компании, - отметил Димаш Досанов. - Все участники трубопроводного рынка впервые столкнулись с проблемой загрязнения нефти хлорорганикой. Я считаю, что «Транснефть» отреагировала профессионально, сделала все возможное для ликвидации последствий. Мы достигли договоренностей с российскими партнерами по возмещению затрат за отгрузку некондиционной нефти в порту Усть-Луга».
Генеральный директор АО «КазТрансОйл» пояснил, что со стороны ПАО «Транснефть» был предложен механизм компенсации, который существенно упростит расчеты и выплаты за некондиционную нефть. Детали механизма и сумма выплат будут представлены ПАО «Транснефть» заинтересованым сторонам в установленном порядке.
Для справки:
В апреле - мае 2019 года в системе магистральных нефтепроводов ПА «Транснефть» сложилась чрезвычайная ситуация, связанная с наличием в транспортируемой нефти высоких концентраций хлорорганических соединений, приведшая к отгрузке некондиционной нефти для казахстанских грузоотправителей на танкеры в порту Усть-Луга. Согласно информационному уведомлению ПАО «Транснефть», указанная ситуация сложилась в результате попадания в магистральный нефтепровод «Дружба» нефти с вовлечением химического реагента с высоким содержанием органических хлоридов при приеме нефти грузоотправителей в систему магистральных нефтепроводов ПАО «Транснефть».
Со своей стороны АО «КазТрансОйл» обеспечило сдачу ресурсов казахстанских производителей в систему магистрального нефтепровода ПАО «Транснефть» для отгрузки в порту Усть-Луга в полном объеме и соответствующего качества.
Департамент по связям с общественностью
и внутренним коммуникациям
АО «КазТрансОйл»