Пресс-релизы
ҚМГ мен Татнефть өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды КМГ и Татнефть подписали меморандум о взаимопонимании
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы (ҚМГ) Алик Айдарбаев пен ҚМГ делегациясы Татарстанның астанасы – Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды. Шілденің 10-ы күні «Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықтың қағидаттары туралы» үкіметаралық келісімнің шеңберінде «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Алик Айдарбаев Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездесті. Кездесу барысында тараптар мұнай-газ саласында ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастауға ынта білдірді. Атап айтқанда, геологиялық барлау жұмыстары, мұнай және газ химиясы, техникалық ынтымақтастық және цифрландыру мәселелері бойынша Татарстан Республикасының кәсіпорындары мен ҚМГ арасындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктері талқыланды.
Сол күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Татнефть» ЖАҚ арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжатта Қазақстан мен Ресей аумағында геологиялық зерттеу және бірлескен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу; мұнай өндірудің жаңа технологияларын енгізу және өндірісті цифрландыру бойынша тәжірибе алмасу саласындағы ынтымақтастықтың болжамды бағыттары айқындалған.
ҚМГ басшысы Алик Айдарбаев Татнефть және ҚазМұнайГаз компанияларын техникалық ақпаратпен алмасу және мамандар оқыту саласында ұзақ жылғы берік қарым-қатынастар байланыстыратынын атап айтты:
«Меморандумға қол қою арқылы біз бірлескен даңғыл жолдың жаңа кезеңіне жол ашатынымызға сенімдімін. Мұнай-газы бар Каспий маңы ойпатын игеру мәселесі ірі халықаралық мұнай компаниялары үшін үлкен қызығушылық тудырып отыр. Ресейдің, соның ішінде Татарстанның компаниялары осы процеске белсенді қатыса алады».
Тараптар Қазан қаласындағы кездесу мұнай-газ саласының қазіргі сынтегеуіріндерін талқылауға арналған алаң ғана емес, сондай-ақ ынтымақтастықтың жаңа әрі өзара тиімді бағыттарын анықтаудың керемет мүмкіндігі екенін атап өтті. Қатысушылар кездесу Қазақстан мен Татарстанның жетекші мұнай-газ компаниялары арасындағы серіктестік қатынастардың нығаюына өз септігін тигізетініне сенім білдірді.
Анықтамалық ақпарат:
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – көмірсутектерді барлау, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау бойынша қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ акцияларының 90,42%-ы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға және 9,58%-ы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне тиесілі.
«Татнефть» ЖАҚ – Ресейдің ірі мұнай компанияларының бірі, деңгейлес біріктірілген холдинг. Компанияның өндірістік кешені құрамында мұнай-газ өндіру, мұнай өңдеу, мұнай химиясы, шина кешені және ЖМҚС желісі тұрақты дамып келеді. Компанияның тұтқырлығы жоғары мұнайды игеруде және мұнай химиялық өндірістерді дамытуда үлкен тәжірибесі бар. Сондай-ақ, Татнефть қаржы (банк және сақтандыру) секторы компанияларының капиталына қатысады.
Председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» (КМГ) Алик Айдарбаев и делегация КМГ побывали с визитом в столице Татарстана – городе Казани.
10 июля в рамках межправительственного соглашения «О принципах торговоэкономического, научно-технического и культурного сотрудничества» состоялась встреча председателя правления АО «Самрук-Қазына» Ахметжана Есимова и Алика Айдарбаева с Президентом Республики Татарстан Рустамом Миннихановым, на которой стороны выразили стремление начать новый этап сотрудничества в нефтегазовой области. В частности, обсуждались возможности взаимодействия между предприятиями Республики Татарстан и КМГ в вопросах геологоразведочных работ, нефте- и газохимии, технического сотрудничества и цифровизации.
В этот же день состоялось подписание Меморандума о взаимопонимании между АО НК «КазМунайГаз» и ПАО «Татнефть». В документе обозначены предполагаемые направления сотрудничества в области геологического изучения и проведения совместных геологоразведочных работ на территории Казахстана и России; внедрения новых технологий добычи нефти и обмена опытом по цифровизации производства.
Глава КМГ Алик Айдарбаев отметил, что компании Татнефть и КазМунайГаз связывают давние и прочные отношения в области обмена технической информацией и обучения специалистов:
«Уверен, что подписанием Меморандума мы дадим старт новому этапу большого совместного пути. Перспективы освоения нефтегазоносной Прикаспийской впадины вызывают большую заинтересованность у крупных международных нефтяных компаний. Российские, в том числе татарстанские компании, могли бы стать активным участником этого процесса».
Стороны подчеркнули, что встреча в Казани – не только площадка для обсуждения современных вызовов нефтегазовой отрасли, но и отличная возможность найти новые, взаимовыгодные точки сотрудничества. Участники выразили уверенность, что она послужит укреплению партнерских отношений между ведущими нефтегазовыми компаниями Казахстана и Татарстана.
Справочная информация:
АО «Национальная компания «КазМунайГаз» казахстанский национальный оператор по разведке, добыче, переработке и транспортировке углеводородов. 90,42% акций АО НК «КазМунайГаз» принадлежит АО «Фонд национального благосостояния «Самрук-Казына», 9,58% Национальному банку Республики Казахстан.
ПАО «Татнефть» – одна из крупнейших российских нефтяных компаний, вертикально-интегрированный холдинг. В составе производственного комплекса Компании стабильно развиваются нефтегазодобыча, нефтепереработка, нефтехимия, шинный комплекс и сеть АЗС. Компания имеет значительный опыт в освоении месторождений сверхвязкой нефти и развитии нефтехимических производств. Татнефть также участвует в капитале компаний финансового (банковского и страхового) сектора