Пресс-релизы » ТОО "Тенгизшевройл"
Теңізшевройл. Деректер мен дәйектер Тенгизшевройл. Цифры и факты
2019 жылдың қорытындылары
Тарих/Қатысушылар
- Әлемдегі ең терең және ірі мұнай кеніштерінің бірі болып саналатын Теңіз мұнай кеніші 1979 жылы ашылды.
- «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (әрі қарай - ТШО) 1993 жылы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасында жасалған келісім негізінде құрылды.
- Қазіргі таңда ТШО серіктестері мен олардың үлесі келесідей: «Шеврон» - 50%, «КазМунайГаз» ҰҚ" АҚ - 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» - 25% және «ЛукАрко» - 5%.
Өнім өндіру/Қорлар
- Жалпы барланған қоры жөнінен Теңіз кенішінде 3,2 миллиард тонна (25,5 млрд баррель), ал Королев кен алаңында 200 миллион тонна (1,6 млрд баррель) шамасында мұнай бар деп есептелінеді.
- Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 890 миллионнан 1,37 миллиард тоннаға дейінгі мөлшерді (7,1 – 10,9 млрд баррель) құрайды. • Теңіз коллекторының ені 20 шақырым (12 миль), ұзындығы 21 шақырым (13 миль).
- ТШО 2008 жылы Шикі газ айдау және Екінші буын зауыты (ШГА/ЕБЗ) жобасын аяқтап, нәтижесінде мұнай өндірудің тәуліктік көлемі шамамен 75 000 тоннаға немесе 600 000 баррельге, ал, табиғи газ 22 миллион текше метрге немесе 750 миллион текше футқа жетті.
- 2019 жылы мұнай өндіру көлемі 29,79 миллион тоннаны (237,7 млн баррель) құрады.
Денсаулық сақтау, өнеркәсіп қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
- 2000 жылдан бері ТШО табиғат қорғау шараларын іске асыруға 3,1 миллиард АҚШ доллар қаржы салған.
- 2000 жылдан бері өндірілген мұнайдың бір тоннасына шаққандағы атмосфераға жіберілген шығарындылардың көлемі 73%-ға азайды.
- 2019 жылы ТШО өндірілген газдың 98,7%-ын кәдеге жаратты.
- 2019 жылы ТШО-да суды қайта пайдалану көрсеткіші 40%-ды құрады. ТШО тұрмыстық ағын суларды кәдеге жарату, өндірістік мақсатта тазарту және қайта пайдалану арқылы суды үнемдеу бойынша іс-шараларды жүргізуді жалғастыруда.
- ТШО қалдықтардың 35-тен аса түрін қайта өңдеуге жібереді. 2019 жылы ТШО-ның қалдықтарды қайта өңдеудің жалпы көрсеткіші 64%-ды құрады.
Өнімді сату
- 2019 жылы ТШО сұйытылған газ сату көлемін шамамен 1,3 миллион тоннадан асырып, құрғақ газ сату көлемін 7,9 миллиард текше метр, ал күкірт сату көлемін 2,6 миллион тоннадан асырды.
Қазақстан Республикасы үшін артықшылықтар
- 1993 жылдан 2019 жылға дейін ТШО-ның Қазақстан Республикасына тікелей қаржы төлемдері 146 миллиард АҚШ долларынан астам соманы құрады. Бұған ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
- 2019 жылы ТШО-ның Қазақстанға төлеген тікелей қаржы көлемі 10,6 миллиард АҚШ доллардан асты.
- 2019 жылы ТШО қазақстандық тауарлар мен қызметтерді пайдалануға 4,6 миллиард АҚШ доллары шамасында қаржы жұмсады, оның 3,25 миллиард АҚШ доллардан астамы ККЖ-ҰЕҚБЖ аясында жұмсалды.
- 1993 жылдан бері ТШО қазақстандық компаниялардың 32,9 миллиард АҚШ долларын құрайтын тауарлары мен қызметтерін пайдаланды.
Қызметкерлерді шыңдау
- Негізгі өндіріс пен ККЖ-ҰЕҚБЖ жұмыс істейтін қазақстандық қызметкерлердің үлесі 80% құрайды. ККЖ-ҰЕҚБЖ жұмысшыларын есепке алмағанда, ТШО-да қызметкерлердің 89% қазақстандықтар құрайды. 1993 жылы бұл көрсеткіш 50% құраған.
- Негізгі өндіріс пен ККЖ-ҰЕҚБЖ қсоа алғанда ТШО-дағы жергілікті ұлттық басшылардың, жоғары және орта буын жетекшілерінің үлесі жалпы басшылық құрамның 72% құрайды. ККЖ-ҰЕҚБЖ жұмысшыларын есепке алмағанда, ТШО-дағы жергілікті ұлттық басшылардың, жоғары және орта буын жетекшілерінің үлесі 80% құрайды. Кадрларды оқыту және шыңдау жөніндегі тұрақты бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде жауапты басшылық лауазымдарға тағайындалған жергілікті қызметкерлер қатары көбейе түсуде.
Әлеуметтік салаға үлес
- 1993 жылдан бастап ТШО өз қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардың игілігі үшін Атырау облысының әртүрлі әлеуметтік жобаларына 1,9 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы жұмсады.
- 2019 жылдың «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасы бюджеті 25 миллион АҚШ долларын құрады. Аталмыш қаржының негізгі үлесі Атырау облысында балабақшалар, мектептер және басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысына жұмсалуда.
- 2019 жылы Атырау және Маңғыстау облыстарының денсаулық сақтау, білім беру салаларына қолдау көрсету және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ТШО-ның әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында 2 миллион АҚШ доллардан астам қаржы бөлінді.
Келешек кеңею жобасы – Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы
Жалпы мағлұмат
- 2016 жылы ТШО Серіктестері Теңіз кен орнының өндірістік қуаттылығын арттырудың келесі кезеңі болып табылатын Келешек кеңею жобасы мен Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасын (ККЖ-ҰЕҚБЖ) қаржыландыруға қатысты қорытынды шешімнің қабылданғаны туралы хабарлады.
- ТШО-ның сәтті жүзеге асқан Шикі газ айдау/Екінші буын зауыты жобасына негізделген ККЖ мұнай өндіру көлемін жылына шамамен 12 млн тоннаға немесе тәулігіне 260 мың баррельге арттырмақ. Мұнай өндірудің жалпы көлемі жылына шамамен 39 млн тоннаны немесе тәулігіне 850 мың баррельді құрайды.
- ҰЕҚБЖ кеніштегі ұңғы ернеуіндегі қысымды төмендетіп, өнім зауытқа жеткен кезде қолданыстағы алты технологиялық желінің кіреберісіндегі қысымды көтеру арқылы Теңіз кен орнындағы қолданыстағы зауыттарды толық қуатта ұстап тұратын болады.
Қазақстандық қамту
- Ел аумағында ККЖ-ҰЕҚБЖ аясында 41 000-нан астам қазақстандық азамат еңбек етеді, бұл Қазақстандағы жалпы жоба қызметкерлері санының 91 пайызын құрайды.
- ТШО қазақстандық компанияларды ККЖ-ҰЕҚБЖ аясындағы жобалау, сатып алу, модуль жасау жұмыстарына жұмылдырды және 2 200-ден астам қазақстандық компанияны алдын ала іріктеуден және 1 200-ден астам компанияны алдын ала квалификациялық бағалаудан өткізді. Жоба басынан бері ККЖ-ҰЕҚБЖ аясында қазақстандық қамтуға жұмсалған қаржының жалпы көлемі шамамен 8,4 миллиард АҚШ долларын құрады.
Әлем бойынша жобаның жұмыс барысы
- Жобадағы жұмыс барысы 74%-дан асты.
- Инженерлік жобалау жұмыстары жалпы 97%-ға аяқталды. Сатып алулар жалпы 98%-ға аяқталды.
- “Ерсай” өндірістік алаңында барлық 75 құрастырмалы модуль эстакадасын (ҚМЭ) жасау жұмыстары тәмамдалды. Құбыр эстакадалары Теңіз кен орнына сәтті түрде жеткізілді.
- Италияның Авенца қаласындағы өндірістік алаңда барлық 5 газтурбиндік генераторын (ГТГ) жасау жұмыстары аяқталды. Барлық 5 ГТГ Теңіз кен орнына жеткізілді.
- Оңтүстік Кореяда құрастырмалы модульдік блоктардың жасалуы жалғасуда. 2019 жылы желтоқсанда Оңтүстік Кореядан барлық 60 модуль жөнелтілді. Шинхан қаласындағы өндірістік алаңда барлық модуль жасау жұмыстары тәмамдалды.
- 2019 жылғы теңіз тасымалы сәтті аяқталып, 235 ірі модульдік жүк Теңіз кен орнына жеткізілді.
Теңіз кен орнындағы жоба бойынша жұмыстардың барысы
- Теңіз кен орнындағы жалпы мақсаттағы қызметтер тобы барлық аса маңызды қызметтерді көрсетуді жалғастыруда. Теңіз кен орнындағы жұмыскерлердің саны ең жоғары шегіне жеткен 2019 жылдың барысында нысандарда аса маңызды қызметтерді қамтамасыз ету тобы құрылыс пен пайдалану жұмыстарына жұмылдырылған жұмыскерлерге қолдау көрсетіп отырды. Қоймалар, қоймалау аймағы мен механикалық/электр жабдықтарын, бақылау өлшеу аспаптарын (МЭЖжБӨА) монтаждау жөніндегі мердігерлердің уақытша құрылыс нысандары жұмыс істеп тұр.
- Өндірісті біріктірілген басқару орталығының (ӨББО) құрылысы жалғасуда. Осы бақылау бөлмесі ТШО-ның келешек өндірістік қызметтерін біріктіретін орталық болмақ.
- Басқару және электрмен қамтамасыз ету жүйелері: Қазіргі уақытта базалық кіші станция жұмыс істеп тұр. Кезең 4 шеңберіндегі ауыстырып қосу жұмыстары сәтті орындалды.
- 30 қазанда мұнай жинау жүйесінде алғашқы мұнай алынып, жоғары қысымды мұнай жинау жүйесінің бірінші кезегіндегі 10 ұңғы іске қосылды.
- ҮБЗ аумағында жалпы құрылыс және жерасты коммуникацияларын төсеу жұмыстары жалғасуда. Барлық 44 ҚМЭ және энергоқұралдар алаңының модульдері іргетасына орнатылды.
- ШГАҮБ аумағындағы алаң 45-тің (энергоқұралдар алаңы) барлық модульдері іргетасына орнатылып, модульдерді кері құрастыру жұмыстары басталды. Барлық 29 ҚМЭ іргетасына орнатылды.
Итоги 2019 года
История/Участники
- Тенгизское нефтяное месторождение было открыто в 1979 году и является одним из крупнейших и самых глубоких нефтяных месторождений в мире.
- Товарищество с ограниченной ответственностью «Тенгизшевройл» (далее – ТШО) было сформировано 6 апреля 1993 года на основе соглашения между Республикой Казахстан и компанией «Шеврон».
- В настоящее время партнерами ТШО являются: «Шеврон» - 50%, АО НК «КазМунайГаз» - 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» - 25% и СП «ЛукАрко» - 5%.
Добыча/Запасы
- Общие разведанные запасы Тенгизского коллектора составляют 3,2 миллиарда тонн (25,5 млрд баррелей) и 200 миллионов тонн (1,6 млрд баррелей) в Королевском месторождении.
- Извлекаемые запасы нефти Тенгизского и Королевского месторождений составляют от 890 миллионов до 1,37 миллиарда тонн (7,1 – 10,9 млрд баррелей). • Коллектор месторождения Тенгиз имеет ширину 20 км (12 миль) и длину 21 км (13 миль).
- В 2008 году ТШО завершил проект Закачки сырого газа и Завода второго поколения (ЗСГ/ЗВП), в результате которого суточная добыча нефти достигла приблизительно 75 000 тонн (600 000 баррелей) и суточное производство природного газа - 22 миллиона кубических метров (750 млн кубических футов).
- В 2019 году объемы добычи сырой нефти составили 29,79 миллиона тонн (237,7 млн баррелей).
Охрана здоровья, промышленная безопасность и защита окружающей среды
- С 2000 года ТШО инвестировал 3,1 миллиарда долларов США на реализацию природоохранных мероприятий.
- С 2000 года общий объем выбросов в атмосферу на тонну добытой нефти уменьшился на 73%.
- Показатель утилизации газа ТШО в 2019 году составил 98,7%.
- Общий показатель повторного использования воды в ТШО в 2019 году составил 40%. ТШО продолжает осуществлять меры по экономии водных ресурсов путем утилизации бытовых сточных вод, а также переработки и повторного использования в промышленных целях.
- ТШО передает более 35 видов отходов на переработку. Общая доля переработаных отходов в 2019 году составила 64%.
Реализация продукции
- В 2019 году ТШО реализовал более 1,3 миллиона тонн сжиженного газа, 7,9 миллиарда кубических метров сухого газа, а также более 2,6 миллиона тонн серы.
Преимущества для Республики Казахстан
- С 1993 года по 2019 год прямые финансовые выплаты ТШО Республике Казахстан составили более 146 миллиардов долларов США, включая заработную плату казахстанским сотрудникам, закупки товаров и услуг отечественных товаропроизводителей и поставщиков, платежи государственным предприятиям, выплаты дивидендов казахстанскому партнеру, а также в виде налогов и роялти, перечисляемых в государственный бюджет.
- В 2019 году прямые выплаты Республике Казахстан превысили 10,6 миллиарда долларов США.
- В 2019 году ТШО приобрел товары и услуги казахстанских поставщиков на сумму более 4,6 миллиарда долларов США, включая более 3,25 миллиарда долларов США в рамках ПБР-ПУУД.
- С 1993 года ТШО закупил товаров и услуг казахстанских поставщиков на сумму более 32,9 миллиарда долларов США.
Развитие кадров
- Совокупный штат основного производства и ПБР-ПУУД состоит на 80% из граждан Казахстана. Без учета персонала ПБР-ПУУД, в штате ТШО 89% работников – казахстанцы. В 1993 году этот показатель составлял 50%.
- Доля казахстанских руководителей высшего и среднего звена составляет 72% от общего числа руководящего состава. Без учета ПБР-ПУУД доля казахстанских руководителей высшего и среднего звена составлят 80%. В результате постоянно действующих программ обучения и развития кадров все больше сотрудников выдвигаются на более ответственные должности.
Вклад в социальную сферу
- С 1993 года ТШО направил более 1,9 миллиарда долларов США на финансирование различных социальных проектов для населения Атырауской области и сотрудников.
- В 2019 году бюджет добровольной социально-инфраструктурной программы «Игилик» составил 25 миллионов долларов США, основная часть которого направлена на строительство детских садов, школ и других социальных объектов в Атырауской области.
- В 2019 году ТШО выделил более 2 миллионов долларов США на поддержку сфер здравоохранения, образования, а также развитие социального предпринимательства в Атырауской и Мангистауской областях в рамках Программы социальных инвестиций.
Проект будущего расширения - Проект управления устьевым давлением
Общие сведения
- В 2016 году партнёры ТШО объявили об утверждении окончательного решения о финансировании Проекта будущего расширения - Проекта управления устьевым давлением (ПБР-ПУУД), следующего этапа масштабного расширения производственных мощностей Тенгизского месторождения.
- Исходя из опыта успешной реализации проекта ЗСГ/ ЗВП ТШО, ПБР увеличит объёмы производства примерно на 12 млн тонн в год или 260 000 баррелей в сутки. Общий объём производства составит порядка 39 млн тонн в год или 850 000 баррелей в сутки.
- ПУУД обеспечит полную загрузку перерабатывающих мощностей действующих на Тенгизе заводов путём снижения устьевого давления фонтанирующих скважин и повышения давления на входе шести действующих комплексных технологических линий.
Казахстанское содержание
- Свыше 41 000 казахстанцев работают на ПБР-ПУУД внутри страны, что составляет 91% от общей численности персонала проекта в Казахстане.
- Компания ТШО привлекла казахстанские организации к участию в ПБР-ПУУД для выполнения работ по проектированию, закупкам и изготовлению модулей. Свыше 2 200 казахстанских компаний приняли участие в предварительном отборе, а более 1 200 компаний прошли предварительную квалификационную оценку. За период с начала реализации проекта расходы ПБР-ПУУД на КС составили порядка 8,4 миллиарда долларов США.
Ход выполнения работ по проекту по всему миру
- Показатель выполнения работ по проекту превысил 74%.
- Работы по проектированию выполнены на 97%. Общий показатель хода выполнения работ по закупкам равен 98%.
- На производственной площадке «Ерсай» успешно завершено изготовление всех 75 сборных модульных эстакад. Трубные эстакады благополучно доставлены на Тенгиз.
- На производственной площадке в г. Авенца, Италия, завершено изготовление всех 5 газотурбинных генераторов (ГТГ). Все 5 ГТГ доставлены на Тенгиз.
- В Южной Корее продолжаются работы по изготовлению сборных модульных блоков. На конец декабря 2019 г. из Кореи отгружены в общей сложности 60 модулей. Работы по изготовлению модулей на производственной площадке в г. Шинхан закончены.
- Морские перевозки 2019 года успешно завершены: 235 единиц крупногабаритного модульного груза доставлены на Тенгиз.
Ход работ по проекту на Тенгизе
- На Тенгизе группа общих услуг продолжает обеспечивать все критически необходимые услуги. Группа обеспечения критически важных услуг на объектах оказывала поддержку персоналу, занятому на строительстве и эксплуатации в течение 2019 г., когда численность персонала на Тенгизе достигла максимума. Введены в эксплуатацию склады, участок временного хранения, а также временные здания и сооружения подрядчиков по монтажу механического, электрического оборудования и КИП (МЭиКИП).
- Ведутся работы по строительству объединённого центра управления производством (ОЦУП). Этот центр станет основой управления всего будущего производства ТШО.
- Системы управления и электроснабжения: подстанция «Базовая» введена в эксплуатацию. Успешно завершены переключения в рамках Фазы 4.
- 30 октября получена первая нефть на системе сбора; введены в действие 10 скважин первой очереди системы сбора высокого давления.
- Продолжаются общестроительные работы и прокладка подземных коммуникаций на ЗТП. Все 44 СМЭ и все модули участка энергоресурсов установлены на фундаменты.
- На ЗСГТП все модули участка 45 (участок энергоресурсов) установлены на фундаменты, началась обратная сборка модулей. Все 29 СМЭ установлены на фундаменты.