Пресс-релизы
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының 11 ҮЕҰ мен 7 БАҚ «Qolda» жедел көмек көрсетуге грант алды 11 НПО и 7 СМИ из Нур-Султана и Алматы получили гранты от проекта экстренной помощи «Qolda»
Алматы қ., 24 сәуір, 2020 ж. Орталық Азияның Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен бірге карантиннің халыққа тигізетін кері әсерін төмендету, қоғамдық және еріктілер ұйымдарын қолдау, БАҚ арқылы халықты ақпараттандыру мақсатында өткізген «Qolda» жедел көмек көрсету жобасы шағын гранттар байқауының жеңімпаздарын атады.
Жалпы байқауға халыққа ерікті, гуманитарлық және қайырымдылық көмек көрсететін үкіметтік емес ұйымдардан және COVID-19 жайлы ақпарат таратумен айналысатын құралдардан 100-ден аса өтінім түсті. Оларды ҮЕҰ, бизнес, БАҚ және т.б. салаларды меңгерген 9 сарапшы іріктеді.
Түскен өтінімдер сапасының жоғары екендігін ескеріп, гранттық комитет БАҚ-қа тағайындалатын гранттар санын 5-тен 7-ге, ал ҮЕҰ-ға тапсырылатын гранттар санын 10-нан 11-ге көбейтті. Қосымша гранттардың бірін «Qolda» жедел көмек көрсету жобасына қосқан үлесі ретінде Орталық Азияның Еуразия Қоры бөлді.
Іріктеудің нәтижесінде медициналық қызметкерлерді қолдау, халықтың осал топтары мен мигранттарға гуманитарлық көмек көрсету, пандемияның салдарымен күреске азаматтық қоғамды қауіпсіз тарту, жұмыс орындарын ашу, микро- және нано-бизнеске консультативтік қолдау көрсету бойынша бастамаларға 24 000 000 теңге бөлінді.
Сонымен қатар пандемияның негативті салдары мен позитивті әсері туралы халықты ақпараттандыру, үкіметтің, қоғамдық ұйымдардың, халық пен бизнестің тарапынан жүзеге асырылып отырған шараларды дәріптеу, және де мемлекеттік тілде COVID-19 тақырыбындағы сапалы контентін көбейтуге бұқаралық ақпарат құралдарына 10 061 000 теңге бөлінді.
«Бүгінгі күні біз пандемиядан туындаған бірталай мәселелерді шешуге бағытталған Қазақстан Республикасы үкіметінің, бизнес пен азаматтық қоғамның әрекеттерін қолдауға ұмтылып отырмыз. Осындай қысқа мерзімде жүзеге асырып отырған бұл біздің үшінші жобамыз. Өкпені жасанды желдету аппараттарымен қамтамасыз ету, және қазақстандық мамандармен білім алмасуға келген Қытай дәрігерлеріне біз көмек көрсетіп үлгердік. Бүгін тұсауын кесіп жатқан жобамыз да Қазақстан азаматтарының тұрмысын жеңілдетіп, дәл осындай қиын заманда басымызды біріктіреді деп біз үміттенеміз», - деп «Шеврон» компаниясының өкілі Лейла Айтмуханова ойын бөлісті.
Жеңімпаз аталған жобалар туралы қысқаша мәліметті және «Qolda» жобасы туралы толығырақ байқаудың сайтынан оқыңыз: https://qolda.org және t.me/Qolda_project
«Qolda» жедел көмек көрсету жобасын Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жасады.
ОАЕҚ - Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) - 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.
Корпорация «Шеврон» Бұл әлемдегі ең ірі интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі, 100-ден астам елде өз жұмысын атқарады және мұнай-газ саласының барлық саласында жұмыс істейді. Сонымен қатар, компания жаңартылатын энергия мен алдыңғы қатарлы технологияларды дамытуға инвестиция жасайды. «Шеврон» Қазақстандағы жетекші жеке мұнай компаниясы болып табылады және елдің ең ірі екі кен орны - Теңіз және Қарашығанақта маңызды үлестерге ие. Корпорация Каспий Құбыр Консорциумындағы ең ірі жеке акционері.
г. Алматы, 24 апреля, 2020 г. - Проект экстренной помощи «Qolda» Фонда Евразия Центральная Азия, разработанный в партнерстве с компанией “Шеврон” с целью минимизации негативного влияния карантина на население, поддержки общественных и волонтерских организаций, повышения информированности населения через СМИ, называет победителей конкурса малых грантов.
Всего на конкурс было подано более 100 заявок от неправительственных организаций, оказывающих волонтерскую, гуманитарную и благотворительную помощь населению, а также СМИ, которые занимаются освещением COVID-19. Отбор заявок производился 9 экспертами в области НПО, бизнеса, СМИ и др.
Учитывая высокое качество поданных заявок, грантовый комитет увеличил количество присужденных грантов СМИ - с 5 до 7, и НПО - с 10 до 11. Один из дополнительных грантов выделен Фондом Евразия Центральной Азии как вклад в проект экстренной помощи ”Qolda” (*).
В результате отбора 24 000 000 тенге было выделено на инициативы по поддержке медицинских работников, гуманитарную помощь уязвимым слоям населения и мигрантам, безопасное вовлечение гражданского общества в борьбу с последствиями пандемии, создание рабочих мест, консультативную поддержку микро- и нано-бизнеса.
Также 10 061 000 тенге было выделено средствам массовой информации на повышение информированности населения о позитивном влиянии и негативных последствиях пандемии, популяризации мер, предпринимаемых в период пандемии со стороны правительства, общественных организаций, населения и бизнеса, а также на увеличение качественного контента по теме COVID-19 на государственном языке.
“Сегодня мы стремимся поддержать усилия правительства Республики Казахстан, бизнеса и гражданского общества по решению множества проблем, вызванных пандемией. Это наш третий проект, осуществляемый за этот короткий промежуток времени. Надеюсь, наряду с аппаратами ИВЛ и врачами из Китая, которым мы помогли приехать и встретиться с казахстанскими коллегами, данный проект также облегчит жизнь наших граждан и объединит нас еще больше в это нелегкое время”, - говорит представитель компании “Шеврон” Лейла Айтмуханова.
Подробности и краткое описание проектов можно найти на сайте конкурса qolda.org и t.me/Qolda_project
Проект экстренной помощи «Qolda» разработан Фондом Евразия Центральной Азии (ФЕЦА) в партнерстве с компанией «Шеврон».
ФЕЦА - общественная организация, основанная в регионе в 2005 году, мобилизует общественные и частные ресурсы, помогая гражданам принимать активное участие в построении собственного будущего посредством укрепления местных сообществ и повышения гражданского и экономического благосостояния.
Корпорация «Шеврон» является одной из крупнейших в мире интегрированных энергетических компаний, осуществляющих свою деятельность в более чем 100 странах мира и работая во всем спектре нефтегазовой промышленности. Кроме того, компания вкладывает инвестиции в развитие возобновляемых источников энергии и передовых технологий. Компания Шеврон является ведущей частной нефтедобывающей компанией в Казахстане и обладает значительными пакетами акций в двух крупнейших месторождениях страны – Тенгиз и Карачаганак. Корпорация также является крупнейшим частным акционером в Каспийском трубопроводном консорциуме.