Пресс-релизы » ТОО "Тенгизшевройл"
Теңізшевройл. Деректер мен дәйектер. 2020 жылдың бірінші тоқсаны бойынша мәлімет Тенгизшевройл цифры и факты. Итоги первого квартала 2020 года
Тарих/Қатысушылар
- Әлемдегі ең терең және ірі мұнай кеніштерінің бірі болып саналатын Теңіз мұнай кеніші 1979 жылы ашылды.
- «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (әрі қарай - ТШО) 1993 жылы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасында жасалған келісім негізінде құрылды.
- Қазіргі таңда ТШО серіктестері мен олардың үлесі келесідей: «Шеврон» - 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ" АҚ - 20%, «ЭксонМобил Қазақстан Венчурс Инк.» - 25% және «ЛукАрко» - 5%.
Өнім өндіру/Қорлар
- Жалпы барланған қоры жөнінен Теңіз кенішінде 3,2 миллиард тонна (25,5 млрд баррель), ал Королев кен алаңында 200 миллион тонна (1,6 млрд баррель) шамасында мұнай бар деп есептелінеді.
- Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 890 миллионнан 1,37 миллиард тоннаға дейінгі мөлшерді (7,1 – 10,9 млрд баррель) құрайды. • Теңіз коллекторының ені 20 шақырым (12 миль), ұзындығы 21 шақырым (13 миль).
- ТШО 2008 жылы Шикі газ айдау және Екінші буын зауыты (ШГА/ЕБЗ) жобасын аяқтап, нәтижесінде мұнай өндірудің тәуліктік көлемі шамамен 75 000 тоннаға немесе 600 000 баррельге, ал табиғи газ 22 миллион текше метрге немесе 750 миллион текше футқа жетті.
- 2020 жылдың бірінші тоқсанында мұнай өндіру көлемі 7,68 миллион тоннаны (60,67 миллион баррель) құрады.
Денсаулық сақтау, өнеркәсіп қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
- 2000 жылдан бері ТШО табиғат қорғау шараларын іске асыруға 3,1 миллиард АҚШ доллар қаржы салған.
- 2000 жылдан бері өндірілген мұнайдың бір тоннасына шаққандағы атмосфераға жіберілген шығарындылардың көлемі 73%-ға азайды.
- 2020 жылдың бірінші тоқсаны бойынша ТШО өндірілген газдың 99,2%-ын кәдеге жаратты.
- 2020 жылдың алғашқы тоқсанында ТШО-да суды қайта пайдалану көрсеткіші 40%-ды құрады. ТШО тұрмыстық ағын суларды кәдеге жарату, өндірістік мақсатта тазарту және қайта пайдалану арқылы суды үнемдеу бойынша іс-шараларды жүргізуді жалғастыруда.
- ТШО қалдықтардың 35-тен аса түрін қайта өңдеуге жібереді. 2020 жылдың бірінші тоқсаны бойынша ТШО-ның қалдықтарды қайта өңдеудің жалпы көрсеткіші 61%-ды құрады.
Өнімді сату
- 2020 жылдың бірінші тоқсанында ТШО сұйытылған газ сату көлемін шамамен 358 мың тоннадан асырып, құрғақ газ сату көлемін 2,1 миллиард текше метр, ал күкірт сату көлемін 692 мың тоннадан асырды.
Қазақстан Республикасы үшін артықшылықтар
- 1993 жылдан бастап, 2020 жылдың бірінші тоқсаны бойынша ТШО-ның Қазақстан Республикасына тікелей қаржы төлемдері 148 миллиард АҚШ доллардан астам соманы құрады. Бұған ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
- 2020 жылдың бірінші тоқсанында ТШО-ның Қазақстанға төлеген тікелей қаржы көлемі 2 миллиард АҚШ долларды құрады.
- 2020 жылдың бірінші тоқсанында ТШО қазақстандық тауарлар мен қызметтерді пайдалануға 1 миллиард АҚШ доллары шамасында қаржы жұмсады, оның 697 миллион АҚШ доллардан астамы ККЖ-ҰЕҚБЖ аясында жұмсалды.
- 1993 жылдан бері ТШО 33,9 миллиард АҚШ доллардан астам қаржыға қазақстандық компаниялардың тауарлары мен қызметтерін пайдаланды.
Қызметкерлерді шыңдау
- Негізгі өндіріс пен ККЖ-ҰЕҚБЖ жұмыс істейтін қазақстандық қызметкерлердің үлесі 80%-ды құрайды. ККЖ-ҰЕҚБЖ жұмысшыларын есепке алмағанда, ТШО-да қызметкерлердің 89%-ын қазақстандықтар құрайды. 1993 жылы бұл көрсеткіш 50%-ды құраған.
- Негізгі өндіріс пен ККЖ-ҰЕҚБЖ қоса алғанда ТШО-дағы жергілікті ұлттық басшылардың, жоғары және орта буын жетекшілерінің үлесі жалпы басшылық құрамның 72%-ын құрайды. ККЖ-ҰЕҚБЖ жұмысшыларын есепке алмағанда, ТШО-дағы жергілікті ұлттық басшылардың, жоғары және орта буын жетекшілерінің үлесі 82%-ды құрайды. Кадрларды оқыту және шыңдау жөніндегі тұрақты бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде жауапты басшылық лауазымдарға тағайындалған жергілікті қызметкерлер қатары көбейе түсуде.
Әлеуметтік салаға үлес
- 1993 жылдан бері ТШО өз қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардың игілігі үшін Атырау облысының әртүрлі әлеуметтік жобаларына 2 миллиард АҚШ доллардан астам қаржы жұмсады.
- «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасының 2020 жылғы бюджеті 25 миллион АҚШ долларын құрайды. Аталмыш қаржының негізгі үлесі Атырау облысында балабақшалар, мектептер және басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысына жұмсалады.
- 2020 жылы Атырау және Маңғыстау облыстарында денсаулық сақтау, білім беру сапасын көтеру және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ТШО-ның әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында 2,2 миллион АҚШ доллардан астам қаржы бөлінеді.
Келешек кеңею жобасы – Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы
Жалпы мағлұмат
- 2016 жылы ТШО Серіктестері Теңіз кен орнының өндірістік қуаттылығын арттырудың келесі кезеңі болып табылатын Келешек кеңею жобасы мен Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасын (ККЖ-ҰЕҚБЖ) қаржыландыруға қатысты қорытынды шешімнің қабылданғаны туралы хабарлады.
- ТШО-ның сәтті жүзеге асқан Шикі газ айдау/Екінші буын зауыты жобасына негізделген ККЖ мұнай өндіру көлемін жылына шамамен 12 миллион тоннаға немесе тәулігіне 260 мың баррельге арттырмақ. Мұнай өндірудің жалпы көлемі жылына шамамен 39 миллион тоннаны немесе тәулігіне 850 мың баррельді құрайды.
- ҰЕҚБЖ ұңғы ернеуіндегі қысымды төмендетіп, өнім зауытқа жеткен кезде қолданыстағы алты технологиялық желінің кіреберісіндегі қысымды көтеру арқылы Теңіз кен орнындағы қолданыстағы зауыттарды толық қуатта ұстап тұратын болады.
Қазақстандық қамту
- Ел аумағында ККЖ-ҰЕҚБЖ шеңберінде 43 000-нан астам қазақстандық еңбек етеді, бұл Қазақстандағы жоба қызметкерлері жалпы санының 91%-ын құрайды.
- ТШО қазақстандық компанияларды ККЖ-ҰЕҚБЖ аясындағы жобалау, сатып алу, модуль жасау жұмыстарына жұмылдырды және 2 300-ден аса қазақстандық компанияны алдын ала іріктеуден және 1 250-ден астам компанияны алдын ала квалификациялық бағалаудан өткізді. Жоба басынан бері ККЖ-ҰЕҚБЖ шеңберінде ҚҚ-ға жұмсалған қаржының жалпы көлемі 9,1 миллиард АҚШ долларын құрады.
Жоба жұмыстарының барысы
- Қазақстандағы және бүкіл әлемдегі көптеген компаниялар секілді, «Теңізшевройл» (ТШО) қиын жағдайда жұмыс істеп келеді және қызметкерлерінің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау және COVID-19 коронавирус инфекциясының өндірістік қызметке тигізетін әсерін азайту мақсатында тиісті шараларды қолдануда.
- ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасы 77%-ға аяқталды және ТШО жобаны одан әрі жетілдіру мақсатында негізгі аса маңызды жұмыстарды қауіпсіз түрде жүзеге асыруда.
- 2020 жылғы бірінші тоқсанның соңына Оңтүстік Кореядан теңіз көлігімен 66 модуль жөнелтілді.
- Үшінші буын зауытында (ҮБЗ) механикалық/ электр жабдықтарын және БӨА монтаждау жұмыстары жүргізілуде; 4 модуль іргетасқа орнатылды.
- ШГАҮБ алаңында жөндеу-эксплуатация аймағы ғимаратының құрылысы жалғасуда.
- Аса маңызды құрылыс жұмыстарын жалғастыра отырып, біз COVID-19 коронавирус инфекциясының қызметкерлерімізге әсерін азайту мақсатында аса маңызды емес жұмыстарға тартылған қызметкерлерді Теңіз кен орнынан уақытша шығарып жатырмыз.
История/Участники
- Тенгизское нефтяное месторождение было открыто в 1979 году и является одним из крупнейших и самых глубоких нефтяных месторождений в мире.
- Товарищество с ограниченной ответственностью «Тенгизшевройл» (далее – ТШО) было сформировано 6 апреля 1993 года на основе соглашения между Республикой Казахстан и компанией «Шеврон».
- В настоящее время партнерами ТШО являются: «Шеврон» - 50%, АО НК «КазМунайГаз» - 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» - 25% и СП «ЛукАрко» - 5%.
Добыча/Запасы
- Общие разведанные запасы Тенгизского коллектора составляют 3,2 миллиарда тонн (25,5 млрд баррелей) и 200 миллионов тонн (1,6 млрд баррелей) в Королевском месторождении.
- Извлекаемые запасы нефти Тенгизского и Королевского месторождений составляют от 890 миллионов до 1,37 миллиарда тонн (7,1 – 10,9 млрд баррелей). • Коллектор месторождения Тенгиз имеет ширину 20 км (12 миль) и длину 21 км (13 миль).
- В 2008 году ТШО завершил проект Закачки сырого газа и Завода второго поколения (ЗСГ/ЗВП), в результате которого суточная добыча нефти достигла приблизительно 75 000 тонн (600 000 баррелей) и суточное производство природного газа - 22 миллиона кубических метров (750 млн кубических футов).
- В первом квартале 2020 года объемы добычи сырой нефти составили 7,68 миллиона тонн (60,67 млн баррелей).
Охрана здоровья, промышленная безопасность и защита окружающей среды
- С 2000 года ТШО инвестировал 3,1 миллиарда долларов США на реализацию природоохранных мероприятий.
- С 2000 года общий объем выбросов в атмосферу на тонну добытой нефти уменьшился на 73%.
- Показатель утилизации газа ТШО по состоянию на первый квартал 2020 года составил 99,2%.
- Общий показатель повторного использования воды в ТШО в первом квартале 2020 года составил 40%. ТШО продолжает осуществлять меры по экономии водных ресурсов путем утилизации бытовых сточных вод, а также переработки и повторного использования в промышленных целях.
- ТШО передает более 35 видов отходов на переработку. Общая доля переработанных отходов по состоянию на первый квартал 2020 года составила 61%.
Реализация продукции
- В первом квартале 2020 года ТШО реализовал более 358 тысяч тонн сжиженного газа, 2,1 миллиарда кубических метров сухого газа, а также более 692 тысяч тонн серы.
Преимущества для Республики Казахстан
- С 1993 года по первый квартал 2020 года прямые финансовые выплаты ТШО Республике Казахстан составили более 148 миллиардов долларов США, включая заработную плату казахстанским сотрудникам, закупки товаров и услуг отечественных товаропроизводителей и поставщиков, платежи государственным предприятиям, выплаты дивидендов казахстанскому партнеру, а также в виде налогов и роялти, перечисляемых в государственный бюджет.
- В первом квартале 2020 года прямые выплаты Республике Казахстан составили 2 миллиарда долларов США.
- В первом квартале 2020 года ТШО приобрел товары и услуги казахстанских поставщиков на сумму в 1 миллиард долларов США, включая 697 миллионов долларов США в рамках ПБР-ПУУД.
- С 1993 года ТШО закупил товаров и услуг казахстанских поставщиков на сумму более 33,9 миллиарда долларов США.
Развитие кадров
- Совокупный штат основного производства и ПБР-ПУУД состоит на 80% из граждан Казахстана. Без учета персонала ПБР-ПУУД, в штате ТШО 89% работников – казахстанцы. В 1993 году этот показатель составлял 50%.
- Доля казахстанских руководителей высшего и среднего звена составляет 72% от общего числа руководящего состава. Без учета ПБР-ПУУД доля казахстанских руководителей высшего и среднего звена составляет 82%. В результате постоянно действующих программ обучения и развития кадров все больше сотрудников выдвигаются на более ответственные должности.
Вклад в социальную сферу
- С 1993 года ТШО направил более 2 миллиардов долларов США на финансирование различных социальных проектов для населения Атырауской области и сотрудников.
- В 2020 году бюджет добровольной социально-инфраструктурной программы «Игилик» составит 25 миллионов долларов США, основная часть которого будет направлена на строительство детских садов, школ и других социальных объектов в Атырауской области.
- В 2020 году ТШО выделит более 2,2 миллиона долларов США на улучшение качества здравоохранения, образования, а также развитие социального предпринимательства в Атырауской и Мангистауской областях в рамках Программы социальных инвестиций.
Проект будущего расширения - Проект управления устьевым давлением
Общие сведения
- В 2016 году компании-участники ТШО объявили об утверждении окончательного решения о финансировании Проекта будущего расширения - Проекта управления устьевым давлением (ПБР-ПУУД), следующего этапа масштабного расширения производственных мощностей Тенгизского месторождения.
- Исходя из опыта успешной реализации проекта ЗСГ/ЗВП ТШО, ПБР увеличит объёмы производства примерно на 12 миллионов тонн в год или 260 000 баррелей в сутки. Общий объём производства составит порядка 39 миллионов тонн в год или 850 000 баррелей в сутки.
- ПУУД обеспечит полную загрузку перерабатывающих мощностей действующих на Тенгизе заводов путём снижения устьевого давления фонтанирующих скважин и повышения давления на входе шести действующих комплексных технологических линий.
Казахстанское содержание
- Свыше 43 000 казахстанцев работают на ПБР-ПУУД внутри страны, что составляет 91% от общей численности персонала проекта в Казахстане.
- Компания ТШО привлекла казахстанские организации к участию в ПБР-ПУУД для выполнения работ по проектированию, закупкам и изготовлению модулей. Свыше 2 300 казахстанских компаний приняли участие в предварительном отборе, а более 1 250 компаний прошли предварительную квалификационную оценку. За период с начала реализации проекта расходы ПБР-ПУУД на КС составили 9,1 миллиарда долларов США.
Ход выполнения работ по проекту
- Как и многие другие компании в Казахстане и по всему миру, Тенгизшевройл (ТШО) продолжает работать в сложных условиях и принимает соответствующие меры для защиты здоровья и безопасности работников и минимизации воздействия коронавирусной инфекции COVID-19 на нашу производственную деятельность.
- Проект ПБР-ПУУД завершен на 77%, и ТШО предпринимает действия для безопасного выполнения ключевых работ с целью продвижения реализации проекта.
- На конец первого квартала 2020 года из Южной Кореи морским транспортом отправлено 66 модулей.
- На заводе третьего поколения (ЗТП) ведутся работы по монтажу механического/ электрического оборудования и КИП; 4 модуля установлены на фундаменты.
- На ЗСГТП продолжается строительство здания ремонтно-эксплуатационного участка.
- По мере продолжения критически важных строительных работ, мы проводим временную демобилизацию персонала, незадействованного на критически важных работах, с целью снижения воздействия коронавирусной инфекции COVID-19 на работников.