Пресс-релизы
Маңғыстау облысындағы кен орнында мұнай бұрқағы атқыладыНефтяной фонтан забил на месторождении в Мангистауской области
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Маңғыстау облысындағы Шығыс Бектұрлы барлау блогында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу барысында бұрқақты мұнай ағыны алынғанын хабарлайды.
12 мм штуцерде тәулігіне 100 м3 дейінгі дебитпен бұрқақты мұнай ағыны (мұнайдың үлес салмағы – 0,82-0,85 г/см3) тарихи деректерді кешенді геологиялық-геофизикалық зерттеу, бассейндік үлгілеу, жоғары технологиялық сейсмобарлау жұмыстарының және Шығыс Бектұрлы-1 іздестіру-барлау ұңғымасының оңтайлы орналасуы нәтижесінде орта юра дәуірі қабатынан алынды. Бұдан бөлек, мұнай (үлес салмағы – 0,82 г/см3) алдыңғы сынақ нысандарынан орта және төменгі юра қабаттарының сынамаларын іріктеу жолымен алынған болатын, сондай-ақ триас шөгінділерінен де көмірсутектің белгілері анықталды.
Қазіргі уақытта мұнай-газ көкжиегінің ерекшеліктері туралы қосымша ақпарат алу мақсатында ұңғымада кәсіпшілік геофизикалық және гидродинамикалық зерттеулер кешені жалғасуда.
Шығыс Бектұрлы учаскесі Маңғыстау облысының Қарақия ауданында Өзен-Қарамандыбас, Жетібай, Бектұрлы, Шығыс Жетібай, Ақтас және басқа да қолданыстағы мұнай-газ кен орындарына жақын маңда орналасқан. Шығыс Бектұрлы учаскесінде жоба операторы болып «Becturly Energy Operating» ЖШС табылады – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (50%) және «Көкел Мұнай» ЖШС (50%) бірлесіп бақылайтын ұйым.
ҚМГ жаңа кен орындарды игеруде серіктестермен өзара ынтымақтастық барысында кэрри-қаржыландыру талаптарын ұстанатынын атап өткен жөн. Яғни, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу шығындары серіктес ұйымға жүктеледі. Геологиялық барлау жұмыстары оң нәтиже берген жағдайда, серіктес ұйым жұмсалған шығынның орнын мұнай өндіру есебінен толтырады.
Анықтамалық ақпарат:
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның тігінен интеграцияланған жетекші компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау, өңдеуден бастап, тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызмет көрсетуге дейінгі барлық өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. Компания 2002 жылы құрылып, Қазақстанның мұнайгаз саласындағы мемлекеттің мүддесін қорғайды.
ҚМГ-ның негізгі активтері:
Барлау және өндіру: Теңізшевройл (ТШО) - 20%, Қарашығанақ (ҚПО) - 10%, Қашаган – 8,44%1, Өзенмұнайгаз (ӨМГ) - 100%, Маңғыстаумұнайгаз (ММГ) - 50%, Ембімұнайгаз (ЕМГ) - 100%, Қазгермұнай (ҚГМ) - 50%, ПетроҚазақстан (ПҚИ) - 33%, Қаражанбасмұнай (ҚБМ) - 50%, Қазақойл Ақтөбе (ҚОА) - 50%, Қазақтүрікмұнай (ҚТМ) - 100%, ҚазМұнайТеңіз - 100%.
Мұнай мен газ тасымалдау, газ маркетингі: ҚазТрансОйл - 90%, Қазақстан-Қытай құбыры (ҚҚҚ) - 50%,
Мұнай Тас - 51%, Batumi Oil Terminal - 100%, КҚК – 20,75%2, Қазақтеңізкөлікфлоты - 100%, ҚазТрансГаз -
100%, ИОА - 100% , АГҚ - 50%, ҚТГ Аймақ - 100%, БШҚ - 50%, ҚазРосГаз - 50%.
Өңдеу: ПМХЗ - 100%, АМӨЗ – 99,53%, ПҚОП – 49,72%, KMG International - 100%, Петромидия – 54,63%,
Вега – 54,63%.
1 2015 жылғы қазанда Самұрық-Қазына опциондық келісімге сәйкес 2020 және 2022 жылдар ішінде акцияларды сатып алу құқығымен Қашағанның 50% үлесін сатып алды. ҚМГ және Самұрық-Қазынаға Қашағанның барлығы 16.88% үлесі тиесілі.
2 ҚМГ арқылы 19% және Kazakhstan Pipeline Ventures (KPV) арқылы 1.75%.
АО НК «КазМунайГаз» (далее – КМГ) сообщает, что в ходе геологоразведочных работ на разведочном блоке Бектурлы Восточный в Мангистауской области получен фонтанный приток нефти.
Фонтанный приток нефти дебитом до 100 м3/сут. при 12 мм штуцере (удельный вес нефти – 0,82-0,85 г/см3) был получен по результатам комплексного геолого-геофизического изучения исторических данных, бассейнового моделирования, высокотехнологичных сейсморазведочных работ и оптимального размещения поисково-разведочной скважины БВ-1 из среднеюрского интервала. Кроме того, нефть была получена (удельный вес нефти – 0,82 г/см3) на предыдущих объектах испытания путем отбора проб со средней и нижней юры, а также получены признаки углеводородов в триасовых отложениях.
В настоящее время продолжается комплекс промыслово-геофизических и гидродинамических исследований с целью получения дополнительной информации о свойствах нефтегазового горизонта.
Участок Бектурлы Восточный расположен на территории Каракиянского района Мангистауской области в непосредственной близости от действующих нефтегазовых месторождений, таких как Узень-Карамандыбас, Жетыбай, Бектурлы, Восточный Жетыбай, Актас и др. Оператором проекта на участке Бектурлы Восточный является ТОО «Becturly Energy Operating» – совместно-контролируемая организация АО «НК «КазМунайГаз» (50%) и ТОО «Кокел Мунай» (50%).
Необходимо отметить, что КМГ в сотрудничестве с партнерами при разработке новых месторождений придерживается условий кэрри-финансирования, то есть затраты на проведение геологоразведочных работ несет партнер. В случае, если геологоразведка оказывается положительной, то в последующем партнер возвращает затраченные средства, добывая нефть.
Справочная информация:
АО «Национальная компания» «КазМунайГаз» (КМГ) является ведущей вертикально-интегрированной нефтегазовой компанией Казахстана. КМГ управляет активами по всему производственному циклу от разведки и добычи углеводородов до транспортировки, переработки и предоставления специализированных услуг. Компания, основанная в 2002 году, представляет интересы Казахстана в нефтегазовой отрасли страны.
Существенные активы КМГ включают в себя:
Разведка и Добыча: Тенгизшевройл (ТШО) - 20%, Карачаганак (КПО) - 10%, Кашаган – 8,44%1 , Озенмунайгаз (ОМГ) - 100%, Мангистаумунайгаз (ММГ) - 50%, Эмбамунайгаз (ЭМГ) - 100%, Казгермунай (КГМ) - 50%, ПетроКазахстан (ПКИ) - 33%, Каражанбасмунай (КБМ) - 50%, Казахойл Актобе (КОА) - 50%, Казахтукрмунай (КТМ) - 100%, КазМунайТениз - 100%.
Транспортировка нефти и газа, маркетинг газа: КазТрансОйл - 90%, Казахстанско-Китайский Трубопровод (ККТ) - 50%, Мунай Тас - 51%, Batumi Oil Terminal - 100%, КТК – 20,75%2 , Казмортрансфлот - 100%, КазТрансГаз - 100%, ИЦА - 100% , АГП - 50%, КТГ Аймак - 100%, ГБШ - 50%, КазРосГаз - 50%.
Переработка: ПНХЗ - 100%, АНПЗ – 99,53%, ПКОП – 49,72%, KMG International - 100%, Петромидия – 54,63%, Вега – 54,63%.
1 В октябре 2015 г. Самрук-Казына приобрел 50% доли в Кашагане с правом выкупа акций в соответствии с опционным соглашением в течение 2020 и 2022 годов. КМГ и Самрук-Казына в общем принадлежат 16.88% доли в Кашагане.
2 19% через КМГ и 1.75% через Kazakhstan Pipeline Ventures (KPV).