Пресс-релизы » ТОО "Тенгизшевройл"
bizbirgemiz: Атырау облысына 40 оттегі
концентраторы жеткізілді
#bizbirgemiz: 40 кислородных концентраторов доставлено в Атыраускую область
20 шілде 2020 ж., АТЫРАУ – «ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ» ЖШС Атырау облысындағы ауруханалардың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 40 оттегі концентраторларын сатып алды.
Оттегі концентраторларының бұл партиясы пандемиямен күресте аймақтағы медициналық мекемелерге қолдау көрсетудің келесі кезеңі аясында жеткізілді.
«ТШО басшылығы біздің облысқа 1 миллиард теңгеден астам сомада қосымша көмек көрсетуді ұйғарды, - деп айтып өтті Р.Артығалиев, ТШО-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері - Бұл қаражат медициналық мекемелерге қажетті жабдықтар мен құралдарды сатып алуға жұмсалады».
ТШО Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының өтінімі негізінде облыстағы ауруханаларға қажетті құралдарды сатып алып, жеткізіп беретіндігін атап өтті.
Бұған дейін ТШО пандемиямен күресті күшейту мақсатында облыстағы медициналық мекемелерді құрал-жабдықтармен және қаражатпен қамтамасыз ету үшін 2 миллиардтан астам теңге бөлді. Атап айтқанда, компания ПТР аппараттарын, жеке қорғаныс құралдарын, реанимация және жедел жәрдем көліктерін, жылу сканерлерін және тағы да басқаларын сатып алды. Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының қажеттіліктері үшін ТШО өз қорынан 6 оттегі концентраторын бөлді.
Анықтама үшін:
Оттегі концентраторы – қоршаған ортадағы оттегі құрамының қалыпты көлемін бұзусыз, ортаны молекулалық сүзу арқылы жоғары концентрациялы таза оттек алуға мүмкіндік беретін құрылғы.
Ол оттек терапиясында қолданылады – емделушіге қоршаған ортадағы ауамен салыстырғанда жоғары концентрациядағы оттегі беріледі. Ол сығылған оттегінің баламасы ретінде қолданылады, өйткені ол литрмен есептегенде қауіпсіз және тиімдірек.
###
«Теңізшевройл» ЖШС – шикі мұнай, сұйық және құрғақ газ, сонымен бірге күкірт өндірумен және өткізумен айналысатын қазақстандық компания. Жұмыстардың барлығы қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық талаптарға сай жүргізілуде. «Теңізшевройл» ЖШС 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы келісім негізінде құрылды. «Теңізшевройл» ЖШС-нің қазіргі кездегі серіктестері: «Шеврон» корпорациясы – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛукАрко» – 5%.
Келешек кеңею жобасы (ККЖ) мен Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ҰЕҚБЖ) – «Теңізшевройл» ЖШС бір мезгілде жүзеге асыратын біріктірілген екі жоба. ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кен орнындағы мұнай өндіру көлемін жылына шамамен 12 млн тоннаға немесе тәулігіне 260 мың баррельге арттыруға мүмкіндік береді және осының нәтижесінде өндіріс көлемі жылына шамамен 39 млн тоннаны немесе тәулігіне 850 мың баррельді құрайды. ККЖ өндіріс қуаттылығын арттыруға бағытталса, ҰЕҚБЖ ұңғыма ернеуіндегі қысымды азайту және қолданыстағы алты кешенді технологиялық желідегі қысымды арттыру арқылы Теңіздегі ағымдағы зауыттардың толыққанды жұмысын қамтамасыз етеді.
20 июль 2020 г., АТЫРАУ – ТОО “ТЕНГИЗШЕВРОЙЛ” осуществил закуп и доставку 40 кислородных концентраторов, которые в скором времени будут распределены в больницы Атырауской области.
Данная партия кислородных концентраторов была поставлена в рамках очередного этапа оказания поддержки медицинским учреждениям региона в борьбе с пандемией.
«Руководство ТШО приняло решение оказать дополнительную помощь нашей области в размере более 1 млрд тенге, — прокомментировал Р. Артыгалиев, генеральный менеджер ТШО по связям с правительством и общественностью, — Данная сумма будет направлена на закуп медицинского оборудования и средств для учреждений здравоохранения».
В ТШО подчеркнули, что компания осуществляет закуп и поставку необходимых средств в больницы области исходя из запросов Управления здравоохранения Атырауской области.
Ранее ТШО выделил более 2 млрд тенге для обеспечения медицинских учреждений области оборудованием и средствами для усиления борьбы с пандемией. В частности, компанией были закуплены ПЦР-аппараты, средства индивидуальной защиты, реанимобили и кареты скорой помощи, термосканнеры и пр. Из собственного резерва ТШО выделил 6 кислородных концентраторов для нужд Атырауской областной инфекционной больницы.
Для справки:
Кислородный концентратор — аппарат для выделения молекул кислорода из окружающей атмосферы, их концентрации и выдачи в виде потока чистого кислорода.
Используется при кислородной терапии — пациенту подаётся кислород в более высокой концентрации, чем в атмосферном воздухе. Используется как альтернатива сжатому кислороду, так как более безопасен и более производителен в расчёте на литр.
###
ТОО «Тенгизшевройл» осуществляет разработку, производство и сбыт сырой нефти, газа и серы. Все работы ведутся в соответствии с мировыми стандартами требований по технике безопасности и экологии. ТОО «Тенгизшевройл» было образовано в 1993 году Республикой Казахстан и корпорацией «Шеврон». Партнерами ТОО «Тенгизшевройл» на данный момент являются корпорация «Шеврон» - 50%, «КазМунайГаз» – 20%, «ЭксонМобил 25% и «ЛукАрко» - 5%.
Проект будущего расширения (ПБР) и Проект управления устьевым давлением (ПУУД) - это два интегрированных проекта, реализуемые ТШО одновременно. Реализация ПБР позволит увеличить объем добычи нефти на Тенгизском месторождении примерно на 12 млн тонн в год или 260 тыс. баррелей в сутки, и в результате составит около 39 млн тонн в год или 850 тыс. баррелей в сутки. Реализация ПБР направлена на расширение производственных мощностей, а ПУУД обеспечит полную загрузку перерабатывающих мощностей действующих на Тенгизе заводов путём снижения устьевого давления и повышения давления на шести действующих комплексных технологических линиях.