Пресс-релизы
«ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС және «ҚТЖ» ҰК» АҚ тепловоздарда сұйытылған газды қолдану туралы келісімге қол қойды ТОО «КазТрансГаз Өнімдері» и АО «НК «ҚТЖ» подписали соглашение о применении сжиженного газа на тепловозах
«ҚазТрансГаз» АҚ еншілес компаниясы «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды өрістету жөніндегі 2019 – 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 797 қаулысын назарға ала отырып, газды-дизельді қозғалтқышы бар тепловоздарда сұйытылған табиғи газды (бұдан әрі - СТГ) қолдану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Құжатқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев және «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС бас директоры (басқарма төрағасы) Алик Әшіров қол қойды.
Келісім СТГ-ні дизельді қозғалтқышы бар тепловоздарда қолдану, сынақтарды өткізу және СТГ жеткізу орындарын айқындау бойынша жүйелерді енгізу жоспарын әзірлеу мен іске асыруға бағытталған шаралар кешендерін қамтиды.
Келісімді іске асыру шеңберінде ақпаратпен, ұсыныстармен, идеялармен және пікірлермен өзара алмасу үшін жұмыс тобы құрылды.
Батыр Котырев «ҚТГ» ҰК» АҚ әркез жұмыста озық технологияларды қолдана отырып уақыт талабынан қалмауға тырысады, әрі тек қана сенімді серіктестермен ынтымақтасатындығын айтты. Сұйытылған газ, бұл үнемді, ең бастысы экологиялық отын және оны тепловоздарда қолдану тек қана оң нәтижелер көрсетуі тиіс.
«ҚазТрансГаз» АҚ елдің көлік секторын жаңғырту және оны дизельді отыннан табиғи газға ауыстыру бойынша үлкен жұмыс атқаруда екендігін ескеру қажет. Алматы, Талдықорған, Шымкент, Түркістан, Тараз, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау қалалары әкімдіктерімен муниципальдық техниканы және әлеуметтік автобустық парктерді экологиялық отынға ауыстыру туралы келісімдер жасалып қойды.
Бұдан бөлек, елдің негізгі автомагистральдарында автомобильдік газ толтыру компресорлық станциялары, криогендік автомобильдік жанар-жағар май станцияларының желілерін кеңейту жобаларына, аз тонналы зауыттарда СТГ өндіру бойынша инновациялық жобаларға бастама жасалды және іске асырылуда.
«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз-қызметі
тел: +7(7172) 55 23 16
Дочерняя компания АО «КазТрансГаз» ТОО «КазТрансГаз Өнімдері» и АО «НК «Қазақстан темір жолы», принимая во внимание, «План мероприятий по расширению использования природного газа в качестве моторного топлива на 2019-2022 годы» утвержденный Постановлением Правительства РК №797 от 29 ноября 2018г. подписали Соглашение о сотрудничестве в области применения сжиженного природного газа (далее - СПГ) на тепловозах с газодизельными двигателями.
Документ подписан главным инженером АО «НК «Қазақстан темір жолы» Батыром Котыревым и генеральным директором (председателем правления) ТОО «КазТрансГаз Өнімдері» Аликом Ашировым.
Соглашение включает комплекс мер, направленных на разработку и реализацию плана внедрения систем по применению СПГ на тепловозах с дизельными двигателями, определения мест проведения испытаний и поставки СПГ. Сформирована рабочая группа для взаимного обмена информацией, предложениями, идеями и мнениями в рамках реализации соглашения.
Батыр Котырев отметил, что АО «НК КТЖ» всегда старается идти в ногу со временем, применяя в работе передовые технологии, при этом сотрудничает только с надежными партнерами. Сжиженный газ, это экономичное, а главное экологичное топливо и его применение на тепловозах должно показать только положительные результаты.
Надо отметить, что АО «КазТрансГаз» проводит большую работу по вопросам модернизации транспортного сектора страны и его перевода с дизельного топлива на природный газ. Уже заключены соглашения о сотрудничестве с акиматами городов Алматы, Талдыкорган, Шымкент, Туркистан, Тараз, Кызылорда, Актобе, Атырау о переводе на экологичное топливо муниципальной техники и социальных автобусных парков.
Кроме этого, инициированы и реализуются проекты расширения сети автомобильных газонаполнительный компрессорных станции, криогенных автомобильных заправочных станций на основных автомагистралях страны и инновационные проекты по производству СПГ на малотоннажных заводах.
Пресс-служба АО «КазТрансГаз»
тел: +7(7172) 55 23 16