Пресс-релизы
ҚазМұнайГаз және Самұрық-Қазына арасында ҚазТрансГаздың 100% жай акцияларына қатысты сенімгерлік басқару шарты жасалды
КазМунайГаз заключил с Самрук-Қазына договор доверительного управления в отношении 100% простых акций КазТрансГаза
2021 жылғы 11 наурызда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (бұдан әрі – Қор) және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) «ҚазТрансГаз» АҚ-ның (бұдан әрі – ҚТГ) 100% жай акцияларына қатысты сенімгерлік басқару шартына (бұдан әрі – СБШ немесе Шарт) қол қойды.
Сенімгерлік басқару шарты Қорға ҚТГ дамуының стратегиялық маңызды мәселелері бойынша қолдау көрсетуге, соның ішінде ішкі нарықта газ бағасын белгілеуді реттеу жұмыстарын жетілдіру, газ тасымалдау жүйесін жаңғырту мен кеңейту, ел өңірлерін әрі қарай газбен қамту үшін ҚТГ-ның басқару ісіне белсенді қатысуға мүмкіндік береді.
Шарт талаптарына сәйкес ҚМГ «ҚазТрансГазға» толық бақылауын сақтап қалады және оның бенефициар меншік иесі болып қалады. Алдағы уақытта да ҚТГ халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша ҚМГ қаржылық есептілігінде шоғырланатын болады. Шарт ҚТГ акцияларын сату немесе иеліктен шығаруды білдірмейді. ҚМГ мен ҚТГ-ның еурооблигациялары және басқа да халықаралық міндеттемелердегі ковенанттарды сақтау арқылы жасалып, кредиторларының келісімін алуды қажет етпейді. СБШ және оның талаптары ҚМГ мен ҚТГ-ның халықаралық кредит рейтингтерінің ағымдағы деңгейлерін сақтап қалуға ықпал етеді.
ҚМГ мен ҚТГ-ның халықаралық кредит рейтингтерін инвестициялық деңгейде сақтап тұру және халықаралық инвесторлардың, оның ішінде ҚМГ мен ҚТГ еурооблигацияларын ұстаушыларының мүддесін қорғау ҚМГ маңызды стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылады.
Бұған дейін 2020 жылғы маусымда Қорды басқару жөніндегі кеңестің отырысында Кеңес төрағасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Үкіметіне, Қорға, ҚМГ мен ҚТГ компанияларына ҚТГ-ны тікелей Қорға бағындыру жөніндегі мүмкіндікті қарастырып, кейіннен нақты шешім қабылдауды тапсырған болатын.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ туралы:
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның жетекші тігінен интеграцияланған компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау, өңдеуден бастап, тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызмет көрсетуге дейінгі барлық өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. Компания 2002 жылы құрылып, Қазақстанның мұнайгаз саласындағы мемлекеттік мүддесін қорғайды.
ҚМГ-ның негізгі активтері:
Барлау және өндіру: Теңізшевройл (ТШО) - 20%, Қарашығанақ (ҚПО) - 10%, Қашаган – 8,44% (1), Өзенмұнайгаз (ӨМГ) - 100%, Маңғыстаумұнайгаз (ММГ) - 50%, Ембімұнайгаз (ЕМГ) - 100%, Қазгермұнай (ҚГМ) - 50%, ПетроҚазақстан (ПҚИ) - 33%, Қаражанбасмұнай (ҚБМ) - 50%, Қазақойл Ақтөбе (ҚОА) - 50%, Қазақтүрікмұнай (ҚТМ) - 100%, ҚазМұнайТеңіз - 100%.
Мұнай мен газ тасымалдау, газ маркетингі: ҚазТрансОйл - 90%, Қазақстан-Қытай құбыры (ҚҚҚ) - 50%, Мұнай Тас - 51%, Batumi Oil Terminal - 100%, КҚК – 20,75% (2), Қазақтеңізкөлікфлоты - 100%, ҚазТрансГаз - 100%, ИОА - 100% , АГҚ - 50%, ҚТГ Аймақ - 100%, БШҚ - 50%, ҚазРосГаз - 50%.
Өңдеу: ПМХЗ - 100%, АМӨЗ – 99,53%, ПҚОП – 49,72%, KMG International - 100%, Петромидия – 54,63%, Вега – 54,63%.
«ҚазТрансГаз» АҚ туралы:
«ҚазТрансГаз» АҚ еліміздің және әлемдік газ нарығында мемлекеттің мүддесін қорғайтын, Қазақстан Республикасының газ энергетикалық және газ тасымалдау саласындағы ірі компания болып табылады. Компания тауар газын магистралды газ құбырлары және газ тарату желілері арқылы тасымалдау жөніндегі орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарады, халықаралық транзитті қамтамасыз етеді және ішкі және сыртқы нарыққа газ өндірумен, сатумен айналысады, газ құбыр жолдары мен газ қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады. ҚазТрансГаз – тұтынушыларға газ жеткізіп отырған Орта Азия өңіріндегі ірі газ тасымалдау желісі және ішкі газ жабдықтау жүйесі бар іргелі компания.
(1) 2015 жылғы қазанда Самұрық-Қазына опциондық келісімге сәйкес 2020 және 2022 жылдар ішінде акцияларды сатып алу құқығымен Қашағанның 50% үлесін сатып алды. ҚМГ және Самұрық-Қазынаға Қашағанның жалпы 16.88% үлесі тиесілі.
(2) ҚМГ арқылы 19% және Kazakhstan Pipeline Ventures (KPV) арқылы 1.75%.
11 марта 2021 года АО НК «КазМунайГаз» (далее – КМГ) и АО ФНБ «Самрук-Қазына» (далее – Фонд) подписали договор доверительного управления (далее – ДДУ или Договор) в отношении 100% простых акций АО «КазТрансГаз» (далее – КТГ).
Заключение ДДУ позволит Фонду более активно вовлекаться в управление КТГ для оказания поддержки по стратегически важным вопросам его развития, в том числе совершенствования регулирования ценообразования газа на внутреннем рынке, модернизации и расширения газотранспортной системы, дальнейшей газификации регионов страны.
Согласно условиям Договора КМГ сохранит полный контроль над КТГ и останется его бенефициарным собственником. КТГ будет и далее консолидироваться в финансовой отчетности КМГ по стандартам МСФО. Договор не является продажей или отчуждением акций КТГ, заключен с соблюдением ковенантов в еврооблигациях и других международных обязательствах КМГ и КТГ, не требует получения согласия их кредиторов. ДДУ и его условия способствуют сохранению текущих уровней международных кредитных рейтингов КМГ и КТГ.
Поддержание международных кредитных рейтингов КМГ и КТГ на инвестиционном уровне и соблюдение интересов международных инвесторов, в том числе держателей еврооблигаций КМГ и КТГ, является одним из важных стратегических приоритетов КМГ.
Ранее в июне 2020 года на заседании Совета по управлению Фондом Председатель Совета, Первый Президент Казахстана, Елбасы Нурсултан Назарбаев обратился к Правительству Казахстана, Фонду, КМГ и КТГ с поручением изучить возможность и последующим принятием окончательного решения о переподчинении КТГ непосредственно Фонду.
Об АО «Национальная компания «КазМунайГаз»:
АО «Национальная компания» КазМунайГаз» (КМГ) является ведущей вертикально-интегрированной нефтегазовой компанией Казахстана. КМГ управляет активами по всему производственному циклу от разведки и добычи углеводородов до транспортировки, переработки и предоставления специализированных услуг. Компания, основанная в 2002 году, представляет интересы Казахстана в нефтегазовой отрасли страны.
Основные активы КМГ включают в себя:
Разведка и Добыча: Озенмунайгаз (ОМГ) – 100%, Эмбамунайгаз (ЭМГ) – 100%, Казахтуркмунай (КТМ) – 100%, КазМунайТениз – 100%, Урихтау (УО) – 100%, Мангистаумунайгаз (ММГ) – 50%, Казгермунай (КГМ) – 50%, Каражанбасмунай (КБМ) – 50%, Казахойл Актобе (КОА) – 50%, ПетроКазахстан Инк (ПКИ) – 33%, Тенгизшевройл (ТШО) – 20%, Карачаганак (КПО) – 10%, Кашаган – 8,44%.
Транспортировка нефти и газа, маркетинг газа: КазТрансОйл – 90%, Казахстанско-Китайский Трубопровод (ККТ) – 50%, МунайТас – 51%, Batumi Oil Terminal – 100%, Каспийский Трубопроводный Консорциум (КТК) – 20,75%, Казмортрансфлот – 100%, КазТрансГаз – 100%, Интергаз Центральная Азия (ИЦА) – 100%, Азиатский Газопровод (АГП) – 50%, КазТрансГаз Аймак – 100%, Газопровод Бейнеу-Шымкент (ГБШ) – 50%, КазРосГаз – 50%.
Переработка: ПНХЗ – 100%, АНПЗ – 99,53%, ПКОП – 49,72%, KMG International – 100%, Петромидия – 54,63%, Вега – 54,63%.
Об АО «КазТрансГаз»:
АО «КазТрансГаз» является основной газоэнергетической и газотранспортной компанией Республики Казахстан, представляющей интересы государства как на отечественном, так и зарубежном газовом рынке. Компания управляет централизованной инфраструктурой по транспортировке товарного газа по магистральным газопроводам и газораспределительным сетям, обеспечивает международный транзит и занимается продажей газа на внутреннем и внешнем рынках, разрабатывает, финансирует, строит и эксплуатирует трубопроводы и газохранилища. КазТрансГаз – надежный поставщик газа потребителям, с крупнейшей в центрально-азиатском регионе газотранспортной сетью, единой системой внутреннего газоснабжения.