Пресс-релизы
«I have a dream» – жасөспірімдерге арналған шығармашылық байқау
«I have a dream» – творческий конкурс для подростков
Қазақстан жасөспірімдері нені армандайды? Болашақта кім болғысы келеді? Қандай шыңдарды бағындырады? Қандай кітаптар жазады? Олар жер шарын саяхаттайтын шығар, әлде жаңа көлік түрін ойлап таба ма? Бәлкім әлемдік мәселелердің шешімін табатын шығар, әлде барлық ауруды емдейтін дәрі жасар ма екен?
Ал Қазақстан болашақта қандай болады? Еліміз қалай өзгереді? Ғалымдарымыз қандай жаңалық ашады? Стартаптарымыз бүкіл әлемге танымал бола ала ма? Мүмкін футболшыларымыз әлем чемпионатында жеңіске жететін шығар?
2021 жылдың 16 наурызынан 25 сәуіріне дейін қазақстандық жасөспірімдер республикалық «I have a dream» эсселер мен көркемөнер байқауына қатыса алады.
Жобаны Қазақстандағы «Шеврон» компаниясы, АҚШ-тың Бас консулдығы, American Space Almaty, «Тартпа» шығармашылық бірлестігі мен Vласть интернет-журналы өткізеді.
“Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына 30 жыл толды. Осы уақыт аралығында Қазақстан небір қиын-қыстау кезеңді басынан өткерді. Қазір өзгерістер өте жылдам орнайтын заман. 1990 жылдары дүниеде келген ұрпаққа қарағанда, қазіргі жасөспірімдер тәуелсіз Қазақстанда өскен. Ал сол ұрпақтың арманын қазір білсек, еліміздің болашағын да елестете аламыз”, – дейді байқау ұйымдастырушылары.
«I have a dream» жобасы Қазақстанның болашағын құрайтын қазақстандықтардың жаңа буынына үн беріп, оларды жақсырақ тану үшін жасалды. Біз оларға өзінің өмірі мен кәсіби жолын болашақта қалай елестететіні туралы, елін, қаласын, қоғамды қалай көретіні туралы айтып беруді ұсынамыз».
Эссе байқауына 14 жасқа дейінгі балалар қатыса алады. Олар қазақ немесе орыс тілінде шағын әңгіме жазуы керек. Ең қызық деген жұмыстар кітапқа басылады, сайтқа жарияланады, ал жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар беріледі: кітап, журнал және курстарға қатысу сияқты арманға жақындау мүмкіндігі.
Көркем шығарма байқауына 13 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер қатыса алады. Қатысушылардың жұмысы әртүрлі болуы мүмкін: сурет, коллаж, компьютерлік графика, аппликация сияқты сан қырлы шығармашылық жұмыстар. Байқау жеңімпазына iPad беріледі.
Жұмыстарды арнайы комиссия таңдайды. Оның құрамына Қазақстанның баспагерлері, өнер мен мәдениет қайраткерлері, қоғам қайраткерлері, әлеуметтанушылар және журналистер кіреді.
Қатысу үшін толық ақпаратты байқаудың арнайы порталдарынан біле аласыз.
Эсселер байқауы – сайт
Көркемөнер байқауы – сайт
Көркемөнер байқауы жетекшілерінің байланыс нөмірлері:
+7 707 122 48 28 – Айжан
+7 702 215 44 44 – Сымбат
Эссе байқауы жетекшісінің байланыс нөмірі:
+7 775 776 02 04 – Владислав
О чем мечтают юные казахстанцы? Кем они хотят стать в будущем? Какие вершины покорят? Какие книги напишут? Совершат ли они кругосветное путешествие или придумают новый вид транспорта? А может быть, они смогут решить все мировые проблемы или изобрести универсальное лекарство?
А каким будет Казахстан в будущем? Как изменится наша страна? Какие открытия сделают наши ученые? Станут ли наши стартапы всемирно известными? И выиграют ли наши футболисты чемпионат мира?
С 16 марта по 25 апреля 2021 года казахстанские подростки могут принять участие в республиканском конкурсе сочинений и художественных работ «I have a dream».
Проект проводится представительством корпорации «Шеврон» в Казахстане, Генеральным консульством США, American Space Almaty, творческим объединением «Тартпа» и интернет-журналом Vласть.
“В этом году независимости нашей страны исполнится 30 лет. За это время Казахстан прошел непростой путь. Мы живем в то время, когда изменения происходят очень быстро. В отличии от поколения 1990-х, нынешние подростки выросли в независимом Казахстане. Поняв их мечты сейчас, мы сможем представить, каким может стать Казахстан в будущем”, - говорят инициаторы конкурса.
“Проект «I have a dream» направлен на то, чтобы дать голос новому поколению казахстанцев, которому предстоит строить будущий Казахстан. Одновременно это еще и шанс лучше их узнать. Мы предлагаем им рассказать о том, какими они видят себя, свою жизнь и профессиональный путь в будущем, какой представляют свою страну, свой город, свое общество”
К конкурсу сочинений приглашаются дети до 14 лет, которым предлагается написать короткий рассказ на казахском или русском языках. Самые интересные работы войдут в книгу, появятся на сайте проекта, а их победители получат ценные призы – книги, журналы, возможность учиться на интересных курсах и стать ближе к своей мечте”.
В конкурсе художественных работ могут принять участие подростки от 13 до 18 лет. Это могут быть работы различных форм: рисунок, коллаж, компьютерная графика, аппликация и многое другое. Победители конкурса получат iPad.
Работы будут отбираться специальной комиссией, в которую войдут издатели, деятели культуры и искусства, общественные деятели, социологи и журналисты Казахстана.
Подробную информацию об участии можно посмотреть в отдельных порталах конкурсов:
Контакты координаторов художественного конкурса:
+7 707 122 48 28 – Айжан
+7 702 215 44 44 – Сымбат
Контакты координатора конкурса сочинений:
+7 775 776 0204 – Владислав