Пресс-релизы
Солтүстік Қазақстан облысында тұратын 300 аз қамтылған отбасыға гуманитарлық көмек көрсетіледі
300 нуждающихся семей в Северо-Казахстанской области получат гуманитарную помощь
Петропавл, 20 сәуір. "Жаңғыру" Солтүстік Қазақстандық немістер қоғамдастығы" қоғамдық бірлестігі Солтүстік Қазақстан облысының аймақтарында тұратын аз қамтылған 300 отбасыға азық-түлік қораптарын жеткізеді. Көмек Орталық Азияның Еуразия Қоры "Шеврон" компаниясымен серіктестікте жүзеге асырып отырған "Qolda" шұғыл көмек бағдарламасы аясында ұйымдастырылады.
Азық-түлік қораптарын жинау және мұқтаж жандарға жеткізу жобасы "Жақсылық кезеңі" деп аталады. Жүзеге асыру мерзімі екі ай. Қоғамдық бірлестіктің қызметкерлері мен еріктілердің алдына қойылған негізгі міндет - COVID-19 пандемиясына байланысты еңгізілген карантиннің негативті салдарынан өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға әлеуметтік-гуманитарлық қолдау көрсету.
Солтүстік Қазақстан облысында "Жақсылық кезеңі" жобасын іске асыру барысында қоғамдық бірлестік ауылдық округ әкімдіктерінің, жергілікті мектеп мұғалімдерінің, еріктілердің, белсенділер мен әлеуметтік педагогтардың көмегімен мұқтаж отбасылардың тізімдерін құрастырды.
"Жобаға Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 50-ге жуық еріктілер мен біздің бірлестіктің 20 белсендісі қатысады. Жақын арада біздің ассоциация Солтүстік Қазақстан облысындағы барлық 300 аз қамтылған және күнкөріс деңгейі төмен отбасыларды азық-түлік қораптарымен қамтамасыз етедідеп жоспарлап отырмыз. "Qolda 2.0"шұғыл көмек бағдарламасының арқасында осындай қиын уақытта көмекке мұқтаж азаматтарға қолдау көрсетуге мүмкіндік берілгені үшін алғыс айтамыз." - "Жаңғыру" Солтүстік Қазақстандық немістер қоғамдастығы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Римма Лотц.
Қазіргі таңда көмекті Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев және Есіл аудандарының тұрғындары, сондай-ақ елдің оңтүстік аймақтарынан қоныс аударған отбасылар алды. Азық-түлік қораптарын алған отбасылар қоғамдық бірлестікке өз алғыстарын білдіріп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, "Жаңғыру" Солтүстік Қазақстандық немістер қоғамы" қоғамдық бірлестігі "Qolda 2.0" шұғыл көмек бағдарламасы аясында гуманитарлық грант иегері атанған алты ҮЕҰ-ныңбірі болып табылады. 2021 жылдың ақпан айында өткен сайыснәтижесі бойынша Қазақстанның бес облысынан (Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары) алты ҮЕҰ-ға онкологиялық науқастарға, зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, еңбек ардагерлері, бұрын қамауда болған азаматтар мен мүгедектігі бар балаларға гуманитарлық көмек көрсету мақсатында жалпы сомасы 21,4 миллион теңгені құрайтын грант берілді.
"Qolda" шұғыл көмек бағдарламасын Орталық Азияның Еуразия Қоры "Шеврон" компаниясымен серіктестікте жүзеге асып отыр.
Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) - 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.
"Шеврон" Корпорациясы - бұл әлемдегі ең ірі интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі, 100-ден астам елде өз жұмысын атқарады және мұнай-газ саласының барлық саласында жұмыс істейді. Сонымен қатар, компания жаңартылатын энергия мен алдыңғы қатарлы технологияларды дамытуға инвестиция жасайды. "Шеврон" Қазақстандағы жетекші жеке мұнай компаниясы болып табылады және елдің ең ірі екі кен орны - Теңіз және Қарашығанақта маңызды үлестерге ие. Корпорация Каспий Құбыр Консорциумындағы ең ірі жеке акционер.
Петропавловск, 20 апреля. Общественное объединение "Северо-Казахстанское общество немцев "Возрождение" доставит продуктовые корзины трёмстам малоимущим семьям, проживающим в регионах Северо-Казахстанской области. Помощь будет оказана в рамках программы экстренной помощи "Qolda 2.0", разработанной Фондом Евразия Центральной Азии в партнерстве с компанией “Шеврон”.
Проект по формированию и доставке продуктовых корзин нуждающимся назван "Этап добра" и продлится два месяца. Основная задача, которую поставили перед собой сотрудники объединения и волонтеры - это оказание социально-гуманитарной поддержки гражданам, оказавшимся в трудной жизненной ситуации в результате введения карантина.
В рамках проекта "Этап добра" в Северо-Казахстанской области общественное объединение собрало списки нуждающихся семей при помощи акиматов сельских округов, учителей местных школ, волонтеров, активистов и социальных педагогов.
"В проекте задействовано почти 50 волонтеров по всему СКО и наши 20 активистов. В ближайшее время наше объединение планирует завершить выдачу продуктовых наборов всем трёмстам нуждающимся семьям в СКО. Спасибо программе экстренной помощи "Qolda 2.0" за то, что предоставляет возможность поддержать тех, кто нуждается в помощи в такое нелегкое время." - председатель общественного объединения "Северо-Казахстанское общество немцев "Возрождение" Римма Лотц.
Помощь уже получили жители Тимирязевского и Есильского районов СКО, а также семьи переселенцев с южных регионов страны. Общественное объединение получает в свой адрес слова благодарности от людей, которые получили продуктовые наборы.
Напомним, общественное объединение "Северо-Казахстанское общество немцев "Возрождение" является одним из шести НПО-обладателей гуманитарных грантов в рамках программы экстренной помощи "Qolda 2.0". В ходе конкурса, проведенного в феврале 2021 года, шесть НПО из пяти областей Казахстана (Восточно-Казахстанская, Павлодарская, Костанайская, Северо-Казахстанская и Акмолинская) получили грант на общую сумму 21,4 млн тенге на оказание гуманитарной помощи онкобольным, пенсионерам, ветеранам ВОВ, ветеранам труда, бывшим осужденным и детям с инвалидностью.
Программа экстренной помощи "Qolda" разработана Фондом Евразия Центральной Азии (ФЕЦА) в партнерстве с компанией “Шеврон”.
ФЕЦА - общественная организация, основанная в регионе в 2005 году, мобилизует общественные и частные ресурсы, помогая гражданам принимать активное участие в построении собственного будущего посредством укрепления местных сообществ и повышения гражданского и экономического благосостояния.
Корпорация "Шеврон" является одной из крупнейших в мире интегрированных энергетических компаний, осуществляющих свою деятельность в более чем 100 странах мира и работая во всем спектре нефтегазовой промышленности. Кроме того, компания вкладывает инвестиции в развитие возобновляемых источников энергии и передовых технологий. Компания “Шеврон” является ведущей частной нефтедобывающей компанией в Казахстане и обладает значительными пакетами акций в двух крупнейших месторождениях страны – Тенгиз и Карачаганак. Корпорация также является крупнейшим частным акционером в Каспийском трубопроводном консорциуме.