Пресс-релизы
Қарағанды облысында халыққа ТЖ кезінде көмектесетін еріктілерден құралған 25 мобильді топ құрылды
В Карагандинской области сформировано 25 мобильных волонтерских команд, которые будут помогать населению во время ЧС
Қарағанды, 13 мамыр."Қызыл жарты ай қоғамы" қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментімен бірлестікте 130 еріктілерді оқытып, оларды 25 мобильді топқа бөлді. Бұл бастама Орталық Азияның Еуразия Қоры "Шеврон" компаниясымен серіктестікте жүзеге асырып отырған "Qolda 2.0" шұғыл көмек бағдарламасы аясында ұйымдастырылады.
"Инфо-Щит" жобасының негізгі мақсаттары - Қарағанды облысында волонтерлікті дамыту, азаматтық қоғамның төтенше жағдайларда тиімді әрекет ету қабілетін арттыру және қоғамдық және еріктілер ұйымдарының күш-жігерін үйлестіруді жақсарту болып табылады. Еріктілерден құралған мобильді топтар қамтитын аймақтар - Қарағанды қ, Осакаров, Бұқар Жырау және Шет аудандары.
"Бұл жобаның мәні мынада: біз таңдаған аймақтар төтенше жағдайларға өте сезімтал. Бұл елді мекендерде су тасқыны жиі болып тұрады. Алдымен еріктілер арнайы оқудан өтті, кейін олар ауыл тұрғындары үшін онлайн-тренингтер өткізді. Тренингтер барысында әр елді мекен үшін қауіп-қатер картасы әзірленді. Сол карталардың көмегімен тұрғындар өз елді мекендерінде төтенше жағдай қаупін анықтай алады және алдын-алуға тиісті әрекет жасай алады." - "Қызыл жарты ай қоғамы" ҮЕҰ Қарағанды облыстық филиалының жетекшісі Татьяна Абрамова.
2020 жылдың қарашасы мен 2021 жылдың сәуір айы аралығында мобильді топтар бірқатар рейдтер мен акцияларды өткізді, сонымен қатар төтенше жағдайлар кезінде не істеу керектігі туралы егжей-тегжейлі нұсқаулықтан тұратын отбасыларға арналған 116 дана жоспар құрды. Жоба Қарағанды қаласы, Осакаров, Бұқар жырау және Шет аудандарында тұратын 50 000 адамды қамтыды. Сондай-ақ, Қарағанды облысының тұрғындарына COVID-19 туралы 70 000 дана ақпараттық парақшалар таратылды. "Инфо-Щит" жобасы барысында ауыл-аймақ тұрғындарының төтенше жағдайлармен COVID-19-дың денсаулыққа тигізетін негативті әсерін азайтуға қажетті дағдыларды қалыптастыруға және стресстік жағдайда жедел әрекет ету қабілеті сияқты жеке қасиеттерді дамытуға ерекше назар аударылды.
"Инфо-Щит" жобасының соңында "Мемлекет пен Қазақстан Республикасының Қызыл жарты ай қоғамы апат кезінде әрекет етутиімділігін арттыру. Төтенше жағдайға дайындық кезіндегі еріктілердің рөлі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында жобаның қатысушылары мен еріктілері марапатталды.
"Qolda" шұғыл көмек бағдарламасы Орталық Азияның Еуразия Қоры "Шеврон" компаниясымен серіктестікте жүзеге асып отыр.
Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) - 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.
"Шеврон" - дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз қол жетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі табысты да тұрақты әлем құруда зор деп санаймыз. "Шеврон" мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Көміртек шығарындылары төмен болашақ құру үшін біз көміртек өндірісін тиімді төмендетуге, жаңғырмалы энергия көздерінің көлемдерін арттыуға, сонымен қатар төмен көрміртекті коммерциялық мақсаттағы технологияларға инвестициялауға ерекше назар аударамыз.
Караганда, 13 мая. Карагандинский областной филиал Общественного объединения "Общество Красного Полумесяца" совместно с ДЧС по Карагандинской области обучили 130 волонтеров и сформировали 25 мобильных волонтерских команд по оказанию помощи населению в условиях чрезвычайной ситуации (ЧС) и чрезвычайного положения (ЧП). Инициатива реализована в рамках программы экстренной помощи "Qolda 2.0" разработанной Фондом Евразия Центральной Азии в партнерстве с компанией “Шеврон”.
Задачами проекта "Инфо-Щит" являются развитие волонтерства в Карагандинской области, повышение способности гражданского общества эффективно реагировать на ЧС и улучшение координации усилий общественных и волонтерских организаций. География охвата мобильных групп - г. Караганда, Осакаровский, Бухар-Жырауский и Шетский районы Карагандинской области.
"Суть этого проекта заключается в том, что районы, которые мы выбрали, сильно подвержены чрезвычайным ситуациям. В этих населённых пунктах часто происходят паводки и наводнения. Сначала волонтеры прошли подготовку, после они провели онлайн-обучение для жителей посёлков, которое подразумевает разработку и изучение карты риска для каждого населённого пункта. Теперь жители смогут сами выявлять угрозу чрезвычайного происшествия в своих населённых пунктах и сумеют вовремя предотвратить ЧС",- говорит руководитель Карагандинского областного филиала ОО "Общество Красного Полумесяца" Татьяна Абрамова.
В период с ноября 2020 года по апрель 2021 года мобильные команды провели ряд рейдов и акций, а также составили 116 планов для семей с подробной инструкцией действий на случай ЧС. Проектом было охвачено 50 000 человек из г. Караганда, Осакаровского, Бухар-Жырауского и Шетского районов. Также, населению Карагандинской области было роздано 70 000 листовок по теме COVID-19. Особое внимание в ходе проекта "Инфо-Щит" было уделено формированию у жителей районов навыков по снижению неблагоприятноговлияния на здоровье последствий ЧС и COVID-19, а также развитию личных качеств, таких как умение быстро реагировать в стрессовой ситуации.
В завершении проекта "Инфо-Щит" был проведен круглый стол на тему "Повышение эффективности реагирования на бедствия со стороны государства и Общества Красного Полумесяца Республики Казахстан. Роль волонтеров в подготовке к ЧС". В ходе мероприятия состоялось награждение участников и волонтеров проекта.
Программа экстренной помощи "Qolda" разработана Фондом Евразия Центральной Азии (ФЕЦА) в партнерстве с компанией “Шеврон”.
ФЕЦА - общественная организация, основанная в регионе в 2005 году, мобилизует общественные и частные ресурсы, помогая гражданам принимать активное участие в построении собственного будущего посредством укрепления местных сообществ и повышения гражданского и экономического благосостояния.
"Шеврон" - одна из ведущих интегрированных энергетических компаний мира. Мы считаем, что доступная, надежная и чистая энергия имеет важное значение для построения более процветающего и устойчивого мира. "Шеврон" добывает нефть и природный газ, производит транспортное топливо, ГСМ и нефтехимию, а также разрабатывает технологии, которые улучшают наш бизнес и отрасль. Чтобы продвигать будущее с более низким уровнем выбросов углерода, мы сосредоточены на экономически эффективном снижении углеродоемкости, увеличении объемов возобновляемых источников энергии, а также инвестируем в низкоуглеродные технологии коммерческого назначения.