Пресс-релизы
«ШЕЛЛ ҚАЗАҚСТАН» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕСІСООБЩЕНИЕ КОМПАНИИ «ШЕЛЛ КАЗАХСТАН» О НАЗНАЧЕНИИ НОВОГО ГЛАВЫ КОНЦЕРНА ШЕЛЛ В КАЗАХСТАНЕ
Шелл Қазақстан (Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. акционері – 29,25%) қазіргі таңда «Шелл» компаниясының Бразилиядағы вице-президенті Херман Бурмайстер мырзаның 2021 жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстандағы Шелл концернінің басшысы қызметіне кірісетінін хабарлайды. Осы лауазымда ол «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» кәсіпорны басқарушы директоры қызметіне тағайындалған Оливье Лазар мырзаны алмастырады.
Херман Бурмайстердің Шелл компаниясында өткізген соңғы 20 жылды қоса есептегенде, жалпы мұнай және газ саласында 30-жылдық тәжірибесі бар. Ол мұнайшы инженер және іскерлік басқару магистрі (МВА) дәрежелеріне ие.
Херман Бурмайстер өзінің Шеллдағы мансабын 2001 жылы бастады. Сол кезден бастап ол Оңтүстік Америка, Еуропа және Африка елдерінде коммерциялық, басқару, стратегия және бизнесті дамыту секілді бөлімшелерде әр түрлі қызметтерді атқарып жүрді. 2014 жылдан бастап Бразилияда тұрады. 2016 жылғы Шелл мен Би Джи компанияларының бірлесуінен кейін Бурмайстер мырза елдегі терең судағы жобаларды жүзеге асыру бойынша бөлімшені басқарып келеді. Үйленген, үш баланың әкесі.
«Шелл Қазақстан» компаниясы Оливье Лазарға Шеллдың Қазақстандағы концернінің басшысы ретінде атқарған ерен еңбегі үшін алғысын білдіріп, оған және Бурмайстер мырзаға жаңа қызметтерінде сәттілік тілейді.
«Ройял Датч Шелл плс.» – мұнай мен табиғи газды барлау мен өндіру, қайта өңдеу мен маркетингін жасау, сондай-ақ мұнай-химия өнімдерін өндіру мен сату саласындағы мамандандырылған халықаралық энергетикалық концерн. Штаб-пәтері Гаага (Нидерланд елі) қаласында орналасқан. «Шелл» концерні Қазақстан Республикасындағы ең алғашқы ірі шетелдік инвесторлардың бірі болып табылады. «Шелл» концерні Қазақстандағы келесі жобаларға қатысады: Қарашығанақ кен орнының өнімін бөлу туралы түпкілікті келісім (қатысу үлесі – 29,25 %); Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім (қатысу үлесі – 16,81 %); Каспий Құбыр Консорциумы (қатысу үлесі – 7,4 %).
БАҚ-пен байланыс бойынша жауапты тұлға:
Ерлан Қасым, Шелл Қазақстан компаниясының ішкі ақпарат пен сыртқы байланыс бойынша кеңесші
+7 701 7470166
Шелл Казахстан (акционер Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. – 29,25%) сообщает о том, что Херман Бурмайстер, являющийся в настоящее время Вице-президентом компании «Шелл» в Бразилии, приступает к должности Главы концерна Шелл в Казахстане с 1 августа 2021 года. Он заменит на этом посту Оливье Лазара, назначенного Управляющим директором компании «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.».
Херман Бурмайстер имеет более чем 30-летний опыт работы в нефтегазовой отрасли, из которых последние 20 лет приходятся на Шелл. Имеет степень инженера-нефтяника и магистра делового администрирования (МВА).
Херман Бурмайстер начал свою деятельность в Шелл в 2001 году, занимая различные должности в таких подразделениях компании, как коммерческом, управления, стратегии и развития бизнеса в странах Южной Америки, Европы и Африки. Проживает в Бразилии с 2014 года. После объединения Шелл с Би Джи, состоявшегося в 2016 году, г-н Бурмайстер возглавил подразделение по реализации глубоководных проектов в стране. Женат, воспитывает троих детей.
Компания «Шелл Казахстан» благодарит Оливье Лазара за его выдающееся руководство в качестве Главы концерна «Шелл» в Казахстане и желает ему, а также г-ну Бурмайстеру успехов на новых должностях.
«Ройял Датч Шелл плс»– международный энергетический концерн, специализирующийся на разведке и добыче, переработке и маркетинге нефти и природного газа, а также производстве и продаже нефтехимических продуктов. Штаб-квартира находится в г. Гаага (Нидерланды). Шелл является одним из первых крупнейших иностранных инвесторов в Казахстане, участвующем в реализации трех проектов: Соглашение о разделе продукции Карачаганакского месторождения (доля участия - 29.25%), Соглашение о разделе продукции по Северному Каспию (доля участия - 16.81%) и Каспийский Трубопроводный Консорциум (доля участия - 7.4%).
Контактное лицо по связям со СМИ:
Ерлан Касым, советник по внутренним коммуникациям и внешним связям, Шелл Казахстан
+7 701 7470166