Пресс-релизы
«ҚазТрансГаз» АҚ қысқа мерзімде оңтүстік шекара маңындағы Бағыс елдімекенін газдандырды
АО «КазТрансГаз» в короткие сроки газифицировал приграничный населенный пункт Бағыс в Туркестанской области
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша "ҚазТрансГаз" АҚ Түркістан облысының әкімдігімен бірлесіп Қазығұрт, Сарыағаш және Келес аудандарының 19 елді мекеніне газ жеткізу жұмыстарын аяқтады. Газ жеткізілген Қызылсеңгір, Тұғыр, Заңғар, Қақпақ, Сырлысай, Бағыс, Шымырбай, Дарбаза, Жаңаталап, Тегісшіл, Таскескен, Мәдениет, Мәдениет-2, Жылысу, Ақүй, Дастан, Алғабас, Құркелес және Таскескен-2 елдімекендеріне көгілдір отын "Қақпақ" және "Таскескен" автоматты газ тарату станцияларынан берілетін болады. Бұл ауылдарда 22 мыңнан астам адам тұрады.
Жиынтығы 300 км астам газ құбыры салынды, бұл 5000-нан астам отбасына табиғи газға қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Таратып айтсақ, 22 000-нан астам тұрғын және 250-ге жуық әлеуметтік сала мен кәсіпкерлік нысандары көгілдір отынның қызығын көреді.
«Мен мұнда 35 жыл тұрдым, күлмен, пеш жағумен және көмірмен алысып, көп азаптандық. Бұл өте қиын болды. Мен тіпті «газ келеді» дегенге де сенбедім, кейін қарасақ, құрылысшылар қазуды бастады, содан кейін газ мамандары келді. Қазір менің үйім ауылдағы көгілдір отынға қосылған алғашқы үй болып тұр. Біз қуаныштымыз, біз бақыттымыз, енді бұрынғыдай азап шекпейміз деп", - дейді Бағыс ауылының тұрғыны Тамара Әбетова.
Шекара маңындағы Бағыс ауылы мен оған жақын маңдағы елдімекендерді газдандыру жұмыстары ең қысқа мерзімде – 2021 жылғы мамырдан тамызға дейін орындалды. Бірінші болып көптен күткен көгілдір отынға Бағыс және Тегісшіл ауылдарының үйлері қосылды, символдық түрде газ алауы жағылды. Енді жоғарыда аталған елді мекендерді газға қосу жұмыстары кезең-кезеңімен жалғаса береді. Ауыл тұрғындарын бүгінгі қуаныштарымен құттықтай отырып, газ қызметкерлері тұрғындарға қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамалар таратты. "Газ – тиімді де пайдалы отын, бірақ оны пайдалану кезінде қауіпсіздік шаралары бірінші кезекте тұруы керек" дейді газ мамандары.
Газдандыру жұмыстары қарқын алған Қазығұрт ауданында 64 елдімекен бар, оның ішінде 44 ауыл газдандырылған, бұл 68% құрайды. Сарыағаш ауданындағы 72 елдімекеннің 42 -сі газдандырылған, бұл ауданда газдандыру көрсеткіші 58% - ға жетті. Келес ауданында газдандыру деңгейі 46,9%, яғни аудандағы 83 елдімекеннің 39-ы газға қосылған.
Осы елдімекендерді газдандыру арқылы Түркістан облысы бойынша газдандыру деңгейі 66,2 пайызға жетіп отыр. Осы жылдың наурыз айында Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша вице-премьер Е. Тоғжанов Бағыс ауылының тұрғындарымен кездесті, онда ауылдарда газдың болмауы мәселесі көтерілді. Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімдігіне және ұлттық операторға проблемалық мәселелерді шешу бойынша шаралар қабылдау туралы тапсырма берілді.
«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі
тел: +7(7172) 55 23 16
По поручению Президента Республики Казахстан Национальным оператором АО «КазТрансГаз» совместно с акиматом Туркестанской области проведены работы по прокладке подводящих газопроводов к 19-ти населенным пунктам Казыгуртского, Сарыагашского и Келесского районов: Кызылсенгир, Тугыр, Зангар, Какпак, Сырлысай, Багыс, Шымырбай, Дарбаза, Жанаталап, Тегисшил, Таскескен, Мадениет, Мадениет-2, Жылысу, Акуй, Дастан, Алгабас, Куркелес и Таскескен-2. Газ к этим населенным пунктам будет подаваться с автоматических газораспределительных станций «Какпак» и «Таскескен» по специально построенным газоотводящим и распределительным газопроводам. В селах проживают более 22 тысяч человек.
Всего проложено более 300 км газопровода, что позволило обеспечить доступ к природному газу более 5000 семьям. Это более 22 000 жителей и около 250 объекта социальной сферы и предпринимательства. «Я тут живу уже 35 лет, мы тут мучились с этой золой, печками и углем. Было очень сложно. Я даже всерьез не приняла слова чиновников и представителей компаний, потом смотрю, приехали строители, начали копать, а потом приехали ребята газовики. Теперь мой дом первый в ауле, который подключен к голубому топливу. Мы рады, мы счастливы, теперь не будем мучиться как раньше», — говорит Тамара Абетова жительница с. Багыс.
Работы по газификации приграничного поселка Багыс и близлежащих сел выполнены в самые короткие сроки – с мая по август 2021 года. Первыми долгожданное голубое топливо получили жители сел Багыс и Тегісшіл, газовиками был зажжен символический газовый факел. Теперь, начнутся работы по поэтапному подключению к газоснабжению других вышеназванных населенных пунктов.
В районе несколько распределительных пунктов подачи газа, которые обеспечивают круглосуточное снабжение голубым топливом. На каждой станции работают мастера своего дела. В первую очередь газовики призывают жителей быть бдительными и соблюдать все правила безопасности пользования природным газом. Поздравляя сельчан с радостным событием, газовики раздали жителям памятки с правилами безопасности.
Газификация даст возможность планировать работы по прокладке подводящих газопроводов к другим населенным пунктам Казыгуртского района. В районе 64 населенных пункта, из них 44 села – газифицированы, что составляет 68%. В Сарыагашском районе 72 населенных пункта, из них 42 села – газифицированы, что составляет 58%. В Келеском районе 83 населенных пункта, из них 39 села – газифицированы, что составляет 46,9%. С учетом газификации данных населенных пунктов общий охват газификацией Туркестанской области достигнет 66,2 процентов.
Напомним, что в марте этого года по поручению Президента Казахстана К. Токаева вице-премьер Е. Тугжанов встретился с жителями с.Багыс, где, в том числе, поднимался вопрос отсутствия газа в селах. По итогам встречи акимату области и нацоператору было дано поручение о принятии мер по решению проблемных вопросов.
Пресс-служба АО «КазТрансГаз»
тел: +7(7172) 55 23 16