Пресс-релизы
ТШО пандемия қиындықтарына қарамастан, күрделі жөндеу жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтады
Несмотря на вызовы пандемии, ТШО завершил капитальный ремонт с опережением графика
2021 жыл 27 қыркүйек, АТЫРАУ қ., - «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) COVID-19 салдарынан туындаған қиындықтарға қарамастан, өзінің Теңіздегі нысандарының біріндегі күрделі жөндеу жұмыстарын жоспарланған мерзімнен төрт күн бұрын аяқтап, өндірісті қауіпсіз түрде қайта жаңғыртты.
2021 жылдың 1 тамызында басталған күрделі жөндеу жабдықтардың сенімділігі мен қауіпсіздігін қолдауға бағытталды. Биылғы профилактикалық жұмыстар Теңіз кенішіндегі шикі газ айдау (ШГА) және екінші буын зауыты (ЕБЖ) нысандарын қамтыды.
«ТШО мен мердігер ұйымдар арасындағы тығыз серіктестік күрделі жөндеу жұмыстарының қауіпсіз орындалуына ықпал етті. Біз, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары тарапынан көрсетілген қолдауды бағалаймыз»,- деді ТШО бас директоры Кевин Лайон.- Маған қызметкерлеріміздің күрделі жөндеу шеңберінде 1,4 миллион адам-сағатты қауіпсіз атқарудағы ерекше дағдылары қатты әсер етті».
COVID-19 пандемиясы жағдайында күрделі жөндеу жұмыстарын жүзеге асыруды техникалық және санитарлық мамандардан жұмысты қауіпсіз орындап, қызметкерлерді қорғау үшін ауқымды жоспарлау жұмыстарын жүргізуді талап етті. ТШО пандемия басталысымен кең ауқымды вакцинация бағдарламасын, капсульдық (қызметкерлерді тұрғын жайларда, көлікте және жұмыс орындарында бөлек жайғастыру) бөлу, ПТР- сынамасы мен оқшаулауды қамтитын бірқатар қорғаныс шараларын енгізді.
«Теңізшевройл» ЖШС туралы
«Теңізшевройл» ЖШС-і шикімұнай, газ және күкірт өндірумен және өткізумен айналысады. ТШО Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып, жаңа технологияларды қолданады және жұмыстардың барлығын қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық талаптарға сай жүргізеді. «Теңізшевройл» ЖШС 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы келісім негізінде құрылды. «Теңізшевройл» ЖШС-нің қазіргі кездегі серіктестері: «Шеврон» корпорациясы – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛукАрко» – 5%.
Келешек кеңею жобасы (ККЖ) мен Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ҰЕҚБЖ) – «Теңізшевройл» ЖШС бір мезгілде жүзеге асыратын біріктірілген екі жоба. ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кен орнындағы мұнай өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік береді. ККЖ өндіріс қуаттылығын арттыруға бағытталса, ҰЕҚБЖ ұңғыма ернеуіндегі қысымды азайту және қолданыстағы алты кешенді технологиялық желідегі қысымды арттыру арқылы Теңіздегі ағымдағы зауыттардың толыққанды жұмысын қамтамасыз етеді.
27 сентября, 2021, АТЫРАУ – ТОО «Тенгизшевройл» (ТШО) радо сообщить о том, что несмотря на вызовы пандемии COVID-19, компания завершила капитальный ремонт одного из своих объектов на Тенгизе на четыре дня раньше запланированного срока, и благополучно возобновила добычу.
Стартовавший 1 августа 2021 года капитальный ремонт был направлен на поддержание надежности и безопасности оборудования. В текущем году профилактические работы были сконцентрированы на объекте по Закачке сырого газа (ЗСГ) и Заводе второго поколения (ЗВП) на месторождении Тенгиз.
“Тесное партнерство между ТШО и подрядными организациями способствовали безопасному выполнению капитального ремонта. Мы также ценим поддержку оказанную государственными органами Республики Казахстан, - сказал Кевин Лайон, генеральный директор ТШО, - я впечатлен потрясающими навыками коллектива, который в рамках капитального ремонта благополучно отработал в общей сложности 1,4 млн человеко-часов».
Реализация капитального ремонта потребовала от технических и санитарных специалистов всестороннего планирования, чтобы защитить сотрудников и безопасно выполнить работы в условиях пандемии COVID-19. С начала пандемии ТШО внедрил ряд мер защиты, которые включают масштабную программу вакцинации сотрудников, капсульное разделение персонала (разделение персонала в жилых помещениях, транспорте и на рабочих местах), ПЦР-тестирование и изоляцию.
О ТОО «Тенгизшевройл»
ТОО «Тенгизшевройл» осуществляет производство и сбыт сырой нефти, газа и серы. ТШО внедряет новые технологии, все работы ведутся в соответствии с мировыми стандартами требований по технике безопасности и экологии, обеспечивая устойчивое развитие Казахстана ТОО «Тенгизшевройл» было образовано в 1993 году Республикой Казахстан и корпорацией «Шеврон». Партнерами ТОО «Тенгизшевройл» на данный момент являются корпорация «Шеврон» - 50%, «КазМунайГаз» – 20%, «ЭксонМобил 25% и «ЛукАрко» - 5%.
Проект будущего расширения (ПБР) и Проект управления устьевым давлением (ПУУД) - это два интегрированных проекта, реализуемые ТШО одновременно. Реализация ПБР позволит увеличить объем добычи нефти на Тенгизском месторождении. Реализация ПБР направлена на расширение производственных мощностей, а ПУУД обеспечит полную загрузку перерабатывающих мощностей действующих на Тенгизе заводов путём снижения устьевого давления и повышения давления на шести действующих комплексных технологических линиях.