Пресс-релизы
NCOC КОМПАНИЯСЫНЫҢ 2021 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
РЕЗУЛЬТАТЫ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ КОМПАНИИ NCOC ЗА 2021 ГОД
Атырау, 2022 жылғы 28 ақпан: Солтүстік Каспий жобасының Операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC) компаниясы 2021 жылғы қызметінің нәтижелері туралы хабарлайды.
Солтүстік Каспий жобасының Операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC) компаниясы 2021 жылғы қызметінің нәтижелері туралы хабарлайды.
NCOC басқарушы директоры Оливье Лазар өз сөзінде былай деп атап өтті: «2021 жыл бүкіл дүние жүзі үшін, сондай-ақ NCOC компаниясы үшін күрделі кезең болды. Жалғасып жатқан пандемия жағдайында баршамызға да жаңа мән-жайларға бейімделуге және даму үшін жаңа мүмкіндіктер іздестіруге тура келді. NCOC компаниясы барлық қиындықтарға қарамастан тұрақтылықты, үздіксіз қызметті және көптеген маңызды жобалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ете алды.
NCOC осы жылға белгіленген өндірістік мақсаттарын табысты орындады. Қашаған кен орнында мұнай өндіру басталған кезден бес жыл өткен соң мұнай өндірудің іс жүзіндегі көлемі 500 миллион баррель құрады және біз мұнай өндіру көлемі бойынша рекорд орнатуды жалғастырып келеміз.
Біз Мақсатты нөлдік көрсеткішке жету бойынша жұмысты жалғастырдық және бүкіл жыл бойына өндірістік қауіпсіздік бойынша үздік нәтижелерге қол жеткіздік. Қондырғыларымыздың пайдалану сенімділігі 99 % құрап отыр. Сонымен бірге компаниямыздың қызметкерлері вакцина алу арқылы COVID-19 індетімен күресуге жеке үлестерін қосты, осылайша өздерін және әріптестерін вирустың жаппай таралуынан қорғады. Бүгінгі таңда компаниямыздың бүкіл персоналының 99% толық вакциналанды.
Мен NCOC компаниясының бүкіл ұжымына, сонымен қатар мердігерлерімізге, акционерлерімізге және Қазақстан Республикасының Yкiметiне бірлесіп жұмыс істеп, қолдау көрсеткендері үшін ризашылығымды білдіремін».
ӨНДІРІСТІК ОПЕРАЦИЯЛАР
2021 жылы NCOC компаниясындағы мұнай өндіру көлемі 16,2 млн тонна, табиғи газ өндіру көлемі 9,8 млрд м³ және күкірт өндіру көлемі 1,3 млн тонна құрады. NCOC компаниясында 2021 жылы газ дайындау және кері айдау деңгейі 99,66 % шамасында сақталды.
ЖОБАЛАР
NCOC компаниясы жұмыс істеп жатқан өндірістік нысандардың экономикалық тиімділігін арттыруға және одан әрі кеңеюді қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруда:
МГКДҚ-дағы (мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысы) жаңа су тазарту қондырғылары жобасы. 2021 жылы NCOC құрлық кешеніндегі жаңа су тазарту қондырғылары жобасы бойынша жұмыстарды жалғастырды. Осы ірі жобаның мақсаты — Астрахань-Маңғыстау құбыр желісінен су алуды 70%-ға азайту және булану тоғандарына төгілетін судың сапасын жақсарту.
Су түбін тереңдету жұмыстары. 2021 жылғы ІІ тоқсанда NCOC компаниясы су түбін тереңдету жұмыстары жобасын жүзеге асыру кезеңіне кірісті.
Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі мен оның NCOC теңіз кешені өндірістік нысандары маңында тайыздануы Қашаған кен орнындағы өндірістік операциялардың қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отыр. Сондықтан бұл жоба бойынша персоналды төтенше жағдайда эвакуациялауды және NCOC компаниясының теңіз кешені нысандары арасындағы теңіз кемелерінің қозғалысын қамтамасыз ету үшін Қашаған кен орнындағы кемелер жүретін маршруты бойында су түбін тереңдету қарастырылып отыр. Су түбін тереңдету алаңының жалпы ұзындығы 56 километр құрайды. NCOC компаниясы бүкіл Солтүстік Каспий акваториясында теңіз суының химиялық және физикалық параметрлеріне және теңіз биотасының күйіне тұрақты мониторинг жүргізуде.
Жылына 1 млрд текше метр газ тапсыру жобасы Осы жоба бойынша үшінші тараптың газ өңдеу зауытына газ жеткізу қарастырылып отыр, бұл мұнай өндіру көлемін тәулігіне 450 мың баррельге дейін арттыруға мүмкіндік бермек.
Қашаған кен орнының шикізатымен жұмыс істейтін үшінші тараптың газ өңдеу зауытының құрылысы 2021 жылғы маусымда басталды. Зауыт жылына 1 миллиард текше метрге дейін күкіртті газ өңдейтін болады және 815 миллион текше метр тауарлық газ және 119 мың тонна сұйылтылған газ, 212 мың тонна күкірт және 35 мың тонна газ конденсатын өндіреді.
ҚОРШАҒАН ОРТА
Каспий өңіріндегі бірегей биоалуандықты қорғау және сақтау NCOC үшін басты мақсат. 2021 жылы Компания экологиялық зерттеулер және әсер ету мониторингі, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын жүзеге асыру, жануарлар әлемінің мониторингі, Жайық-Каспий бассейніне бекіре балықтарының шабақтарын жіберу және Каспий итбалықтарын кешенді зерттеу сияқты экологиялық компоненттерге кең ауқымды мониторинг жүргізуді жалғастырды.
2021 жылы NCOC Атырауда және Батыс Ескенеде атмосфералық ауа сапасын зерттеу жұмыстарын аяқтады. Бұл жұмыстар Қазақстанда осындай ауқымда жүргізілген алғашқы зерттеулер және олар жұртшылықтың үндеуіне сәйкес ұйымдастырылды. Аталған зерттеу жұмыстары 2019 жылы басталып, көп жылдар бойы жүргізілген қадағалаулардың деректерін, сонымен қатар ағымдағы (2009–2021 жж. кезеңдегі) деректерді тексеру мен талдауды қамтыды. Зерттелген параметрлер Атырау мен Батыс Ескенедегі атмосфералық ауа құрамындағы күкіртсутегінің және ұшпа органикалық қосылыстардың концентрациясын, сонымен қатар Атыраудағы атмосфералық ауа құрамындағы азот оксидтерінің, күкірт диоксидінің және моноксидінің концентрациясын қамтыды.
ПЕРСОНАЛ
2021 жылдың аяғына қараған шақта NCOC компаниясының шамамен 3000 қызметкерінің 93 % және Солтүстік Каспий жобасына тартылған 10 000-ға жуық адамның 92 % Қазақстан Республикасының азаматтары болды.
20 жылдан асатын кезең ішінде Оператор Солтүстік Каспий жобасына жергілікті еңбек ресурстарын даярлау мақсатында кәсіби-техникалық оқытуға жалпы алғанда шамамен 294 миллион АҚШ долларын жұмсады. 2021 жылы Компанияда жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының 1731 азаматы оқудан өтті. Сонымен қатар NCOC жергілікті жастардың Қазақстандағы оқу орындарында білім алуына қаржы бөліп, стипендиялық бағдарламаны жүзеге асыруда. 2021-2022 оқу жылы NCOC еліміздің 73 оқу орнында мұнай саласымен байланысты мамандықтар бойынша оқып жатқан 454 студентке қаржылық көмек көрсетті.
ЖЕРГІЛІКТІ ҚАМТУ
2021 жылы NCOC тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алудағы жергілікті қамту үлесін арттырудағы оң үрдісті жалғастырып, жалпы шығындар көлеміндегі жергілікті қамту үлесі 562,8 миллион АҚШ долларын немесе 58,4 % құрады.
Нәтижесінде жергілікті тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге жұмсалған шығындардың 2004 жылдан бергі жиынтық көлемі 15,9 миллиард АҚШ долларынан асты. Осы және басқа да фактілер NCOC компаниясының жергілікті компанияларға мүмкіндіктер жасауға және олардың өндірістік қуаттарының дамуына мүдделілігін растап отыр.
2021 жылы NCOC компаниясы жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасы шеңберінде жергілікті 450 компания арасында тауарлар мен қызметтердің 15 санатына қатысты жергіліктендіру бойынша нарықтық зерттеулер, жергілікті 36 компанияда тауарлар мен қызметтердің 2 санаты бойынша техникалық кемшіліктерді талдау жұмыстарын және жергілікті 7 компания үшін экологиялық/энергетикалық аудит пен техникалық консультациялар жүргізді. NCOC компаниясы халықаралық сертификаттау кезінде қолдау көрсетуді жалғастыруда: 2 жергілікті компания ASME және API сертификаттарына, ал 6 жергілікті компания ISO сертификаттарына ие болды. Жергілікті кәсіпорындарға арналған оқыту бағдарламасы кәсіби-техникалық даярлық және жалпы тақырып бойынша 88 курстан, сонымен қатар бүтіндікті сақтап тексеру әдістері бойынша оқытудан тұрды және жергілікті 25 компанияның 480 қызметкерін сертификаттауды қамтыды.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР
Солтүстік Каспий бойынша Өнім бөлісу туралы келісімге сәйкес NCOC компаниясы жыл сайын Атырау және Маңғыстау облыстары арасында бөлінетін әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бюджет бөледі. Жалпы алғанда 1998 жылдан бері екі облыста 225 әлеуметтік және инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды және жиынтық шығыстар 841,3 миллион АҚШ долларын құрады.
NCOC компаниясы демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы шеңберінде жергілікті халықтың қажеттіліктері мен сұраныстарына тікелей көңіл бөледі. 2021 жылы 41 жоба (Атырауда 21 жоба және Маңғыстауда 20 жоба) жүзеге асырылды. 1998 жылдан бері демеушілік және қайырымдылық жобаларына барлығы 25,3 миллион АҚШ долларына тең қаражат жұмсалды.
Маңғыстау облысының әкімдігі 2021 жылғы желтоқсанда NCOC компаниясының облыстың әлеуметтік дамуына қосқан елеулі үлесі үшін ризашылық белгісі ретінде Компанияға беделді «Жомарт жүрек» жүлдесін табыс етті.
COVID-19 ІНДЕТІНЕ ДЕН ҚОЮ
2021 жылы NCOC компаниясы COVID-19 індетінің жаппай таралуына жол бермеу мақсатында жергілікті билік органдарымен қоян-қолтық жұмыс істеуді жалғастырды. NCOC компаниясы 2020 жылғы қараша мен 2021 жылғы сәуір аралығындағы кезеңде Атырау жұқпалы аурулар ауруханасында COVID-19-бен ауырған науқастарды емдеуге көмектесу үшін Грузиядан келген төрт реаниматолог дәрігердің қызметіне қолдау көрсетті. Сонымен бірге NCOC компаниясы Маңғыстау облыстық ауруханасына өкпені жасанды желдететін 20 аппаратты (ӨЖЖ), кереует жанындағы 20 мониторды, ӨЖЖ жабдықтарының құрамына кіретін 200 медициналық шприцті сорғыны тегін табыс етті.
2020 жылдан бері Атырау және Маңғыстау облыстарының денсаулық сақтау жүйелеріне COVID-19 індетімен күресуге тікелей материалдық көмек ретінде 53 миллион АҚШ долларынан астам қаражат бөлінді.
2021 жылғы желтоқсанда NCOC компаниясы мен Компанияның денсаулық сақтау жөніндегі мамандары жаһандық пандемия жағдайында COVID індетімен байланысты қауіпті факторларды болжау, анықтау және бақылау бойынша жұмыс үшін Ұлыбританияның Еңбек медицинасы мамандарының кәсіби қоғамдастығының марапатына ие болып, «Еңбек медицинасы саласындағы үздік маман» атағы берілді.
БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
Компанияның жүйелері мен процестерінің анағұрлым ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес болуын қамтамасыз ету үшін NCOC тұрақты түрде жаңартылып тұратын халықаралық сертификаттаудан өтті. 2021 жылы NCOC 3 халықаралық ISO стандарты бойынша сертификаттаудан өтті: ISO 9001 «Сапа менеджменті жүйесі (QMS)», ISO 14001 «Экологиялық менеджмент жүйесі (EMS)», ISO 45001 «Еңбек қауіпсіздігі және денсаулық сақтау менеджментінің жүйелері (OH&S MS)».
ҚОСЫМША АҚПАРАТ АЛУ ҮШІН БАЙЛАНЫСАТЫН ТҰЛҒА:
NCOC сыртқы және ішкі қарым-қатынастар бөлімі
РЕДАКТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
«Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясы (NCOC) 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша Өнім бөлісу туралы келісім (ӨБК) мен оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар шеңберінде Консорциум құрамындағы жеті серіктес компания атынан Мұнай Операцияларын жүзеге асыруға тағайындалған Оператор ретінде қызмет атқарады.
Мердігерлік алаң Атыраудан оңтүстік-шығысқа қарай 80 км қашықтықта орналасқан Қашаған алып мұнай кен орнын қамтиды. Оған сонымен қатар Ақтоты және Қайраң кен орындары кіреді. Консорциум бойынша Серіктестердің қатысу үлестері: «ҚМГ Қашаған Б.В.» — 16,88 %; «Аджип Каспиан Си Б.В.» — 16,81 %; «ЭксонМобил Қазақстан Инк.» — 16,81 %; «Шелл Қазақстан Девелопмент Б.В.» — 16,81 %; «ТотальЭнерджиз» — 16,81 %; «ҚҰМК Қазақстан Б.В.» — 8,33 % и «Инпекс Норт Каспиан Си, Лтд» — 7,56%.
Атырау, 28 февраля 2022 г.: Оператор Северо-Каспийского проекта «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC) сообщил о результатах своей деятельности за 2021 год.
Оператор Северо-Каспийского проекта «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC) сообщил о результатах своей деятельности за 2021 год.
Управляющий директор NCOC г-н Оливье Лазар отметил: «2021 год был разноплановым для всего мира, в том числе и для нас, компании NCOC. В условиях продолжающейся пандемии всем нам пришлось приспосабливаться к новым обстоятельствам и изыскивать новые возможности для развития. Несмотря на все сложности, компании NCOC удалось обеспечить стабильную и непрерывную деятельность, а также продолжить реализацию ряда важных проектов.
NCOC успешно выполнила свои производственные цели, установленные на этот год. Мы достигли значительного рубежа по добыче - 500 миллионов баррелей нефти спустя пять лет с начала добычи нефти на месторождении Кашаган, и продолжаем бить рекорды по объемам добычи.
Мы продолжили работу по достижению Нулевого целевого показателя и достигли выдающихся показателей по производственной безопасности за весь год. Эксплуатационная надежность наших установок составляет 99 %. Более того, работники нашей компании внесли личный вклад в борьбу с COVID-19 благодаря вакцинации, тем самым защитив себя и своих коллег от массовой вспышки инфекции. На сегодняшний день 99 % всего персонала нашей компании полностью вакцинированы.
Я бы хотел поблагодарить весь коллектив NCOC, а также наших подрядчиков, акционеров и Правительство Республики Казахстан за сплоченную работу и поддержку».
ПРОИЗВОДСТВЕННЫЕ ОПЕРАЦИИ
В 2021 году объем добычи нефти в компании NCOC составил 16,2 млн тонн, природного газа - 9,8 млрд м³ и объем производства серы - 1,3 млн тонн. Уровень переработки и обратной закачки газа в 2021 году поддерживался на отметке 99,66 %.
ПРОЕКТЫ
NCOC продолжает реализацию ряда проектов, направленных на повышение экономической эффективности действующих производственных объектов и обеспечение дальнейшего роста:
Проект новых водоочистных сооружений на УКПНиГ. В 2021 году NCOC продолжила работы по проекту новых водоочистных сооружений на наземном комплексе. Целью данного крупного проекта является дальнейшее снижение водозабора из трубопровода Астрахань-Мангышлак до 70 % и улучшение качества воды, сбрасываемой в пруды-испарители.
Дноуглубительные работы. Во 2 квартале 2021 года компания NCOC приступила к этапу реализации проекта дноуглубительных работ.
Снижение уровня Каспийского моря и его обмеление в районе производственных объектов морского комплекса NCOC представляют угрозу для безопасности производственных операций на месторождении Кашаган. Поэтому данный проект предусматривает дноуглубление по судоходному маршруту на месторождении Кашаган, чтобы обеспечить эвакуацию персонала в случае чрезвычайной ситуации и движение морских судов между объектами морского комплекса NCOC. Общая протяженность участка дноуглубления составляет 56 километров. NCOC проводит постоянный мониторинг химических и физических параметров морской воды, гидрометеорологических показателей и состояния морской биоты по всей акватории Северного Каспия.
Проект передачи 1 млрд куб. м. газа в год. Данный проект предусматривает поставку газа на газоперерабатывающий завод третьей стороны, что позволит увеличить объем добычи до 450 тыс. баррелей нефти в сутки.
Строительство газоперерабатывающего завода третьей стороны, работающего на сырье с месторождения Кашаган, началось в июне 2021 года. Данный завод будет перерабатывать до 1 миллиарда кубометров сернистого газа в год и производить 815 миллионов кубометров товарного газа, 119 тысяч тонн сжиженного газа, 212 тысяч тонн серы и 35 тысяч тонн газоконденсата.
ОКРУЖАЮЩАЯ СРЕДА
Охрана и сохранение уникального биоразнообразия в Каспийском регионе является приоритетной задачей NCOC. В 2021 году Компания продолжила полномасштабный мониторинг экологических компонентов: фоновые экологические исследования и мониторинг воздействий, реализация программы производственного экологического контроля, мониторинг животного мира, выпуск мальков осетровых рыб в Урало-Каспийском бассейне и комплексные исследования каспийских тюленей.
В 2021 году NCOC завершила исследования качества атмосферного воздуха в г. Атырау и Западном Eскене, которые были организованы в ответ на просьбу общественности и стали первым исследованием, проведенным в таком объеме в Казахстане. Исследования начались в 2019 году и включали проверку и анализ как данных многолетних наблюдений, так и текущих данных (за период 2009–2021 гг.). Изучаемые параметры включали концентрацию сероводорода и летучих органических соединений в атмосферном воздухе в городе Атырау и Западном Eскене, а также концентрацию оксидов азота, диоксида серы и моноксида углерода в воздухе города Атырау.
ПЕРСОНАЛ
На конец 2021 года 93 % из порядка 3 000 работников NCOC составили граждане Казахстана, и 92 % из примерно 10 000 человек, задействованных на Северо-Каспийском проекте, являются гражданами Казахстана.
За период более 20 лет Оператор направил около 294 миллионов долларов США на профессионально-техническое обучение с целью подготовки местных трудовых кадров для Северо-Каспийского проекта. В 2021 году обучение прошли 1 731 казахстанских граждан, работающих в Компании. Кроме того, NCOC реализует стипендиальную программу, выделяя средства на обучение казахстанской молодежи в учебных заведениях Казахстана. В 2021–2022 учебном году NCOC оказала финансовую поддержку 454 студентам, обучающимся по специальностям, связанным с нефтяной отраслью, в 73 учебных заведениях страны.
МЕСТНОЕ СОДЕРЖАНИЕ
В 2021 году NCOC продолжила положительную тенденцию увеличения местного содержания в закупках местных товаров, работ и услуг, которые составили 562,8 миллиона долларов США или 58,4 % от общего объема затрат.
В результате суммарный объем затрат на местные товары, работы и услуги с 2004 года составил более 15,9 миллиарда долларов США. Эти и другие факты подтверждают приверженность NCOC в предоставлении возможностей местным компаниям и развитии их производственных мощностей.
В 2021 году в рамках программы развития местного содержания компания NCOC провела рыночные исследования по локализации по 15 категориям товаров и услуг среди 450 местных компаний, анализ технических пробелов по 2 категориям товаров и услуг в 36 местных компаниях и экологический/энергетический аудит и технические консультации для 7 местных компаний. NCOC продолжает оказывать поддержку в международной сертификации: 2 местные компании получили сертификаты ASME и API, и 6 местных компаний получили сертификаты ISO. Программа обучения для местных предприятий включала 88 курсов по профессионально-технической подготовке и общей тематике, а также обучение методам неразрушающего контроля и сертификацию 480 работников из 25 местных компаний.
ПРОЕКТЫ СОЦИАЛЬНОГО НАЗНАЧЕНИЯ
В соответствии с Соглашением о разделе продукции по Северному Каспию ежегодно NCOC выделяет бюджет на реализацию проектов инфраструктуры и социального назначения, который распределяется между Атырауской и Мангистауской областями. В целом с 1998 года было реализовано 225 проектов инфраструктуры и социального назначения в двух областях на общую сумму 841,3 миллиона долларов США.
В рамках Программы спонсорства и благотворительности NCOC напрямую реагирует на нужды и запросы местного населения. В 2021 году был реализован 41 проект (21 в Атырау и 20 в Мангистау). Всего с 1998 года на проекты спонсорства и благотворительности было направлено 25,3 миллиона долларов США.
В знак признания значительного вклада компании NCOC в социальное развитие области Акимат Мангистауской области вручил Компании в декабре 2021 года престижную награду «Жомарт Журек».
РЕАГИРОВАНИЕ НА COVID-19
В течение 2021 года NCOC продолжила тесное сотрудничество с местными органами власти с целью предотвращения массового распространения инфекции COVID-19. В период с ноября 2020 года по апрель 2021 года NCOC оказывала поддержку в привлечении четырех врачей-реаниматологов из Грузии, которые помогали лечить пациентов с COVID-19 в Атырауской инфекционной больнице. Кроме того, NCOC передала безвозмездно Мангистауской областной больнице 20 аппаратов искусственной вентиляции легких (ИВЛ), 20 прикроватных мониторов и 200 медицинских шприцевых насосов, которые являются частью оборудования ИВЛ.
В общей сложности с 2020 года было выделено более 53 миллионов долларов США в качестве непосредственной материальной помощи системам здравоохранения Атырауской и Мангистауской областей для борьбы с COVID-19
В декабре 2021 года специалисты по охране здоровья компании NCOC были отмечены наградой «Выдающийся специалист в области медицины труда» Профессиональным сообществом специалистов медицины труда Великобритании за работу по прогнозированию, выявлению и контроль опасных факторов, связанных с COVID, в условиях глобальной пандемии.
СИСТЕМА УПРАВЛЕНИЯ
С целью обеспечения соответствия систем и процессов Компании самым высоким международным стандартам NCOC имеет международные сертификации, которые регулярно подтверждаются. В 2021 году NCOC прошла сертификацию по 3 международным стандартам ISO: ISO 9001 «Система менеджмента качества (QMS)», ISO 14001 «Система экологического менеджмента (EMS)», ISO 45001 «Системы менеджмента безопасности труда и охраны здоровья (OH&S MS)».
ЗА ДОПОЛНИТЕЛЬНОЙ ИНФОРМАЦИЕЙ, ПОЖАЛУЙСТА, ОБРАЩАЙТЕСЬ:
Отдел по внешним и внутрикорпоративным связям NCOC
ИНФОРМАЦИЯ ДЛЯ РЕДАКЦИИ
Компания «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC) действует от лица семи участников Консорциума в качестве назначенного Оператора для осуществления Нефтяных Операций в рамках Соглашения о разделе продукции по Северному Каспию от 18 ноября 1997 года с изменениями и дополнениями.
Подрядный Участок включает гигантское нефтяное месторождение Кашаган, расположенное в 80 км к юго-востоку от Атырау. Он также включает месторождения Актоты и Кайран. Долевое участие Партнеров по Консорциуму распределяется следующим образом: «КМГ Кашаган Б.В.» — 16,88 %; «Аджип Каспиан Си Б.В.» — 16,81 %; «ЭксонМобил Казахстан Инк.» — 16,81 %; «Шелл Казахстан Девелопмент Б.В.» — 16,81 %; «ТотальЭнерджиз» — 16,81 %; «КННК Казахстан Б.В.» — 8,33 % и «Инпекс Норт Каспиан Си, Лтд» — 7,56%.