Пресс-релизы
Атырау қаласындағы Абай атындағы орталықта STEAM JasSpace жастар мен жасөспірімдерге арналған кеңістік ашылды. В Центре им. Абая города Атырау открылось пространство для молодежи и подростков STEAM JasSpace.
Атырау қаласындағы Абай атындағы орталықта STEAM JasSpace жастар мен жасөспірімдерге арналған кеңістік ашылды.
Атырау - 17 мамыр. Абай атындағы орталықта STEAM JasSpace жасөспірімдер мен жастарға арналған кеңістіктің ашылу салтанаты өтті. Бұл шара «JasSpace: Атырау қ. жастарын дамыту бастамасы» бағдарламасын іске асыру мақсатында Атырау облысы әкімдігі, Облыстық білім беру басқармасы, «Шеврон» компаниясы, және «Орталық Азияның Еуразия Қоры» КҚ арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюға орайластырылды.
Бағдарламаның мақсаты – JasSpace кеңістігінің айналасында STEAM бағыттары бойынша жастарды оқытуды қамтамасыз ететін және осы салалардағы кәсіптердің танымал болуына ықпал ететін экожүйені құру.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Таушов Нариман Бахытұлының айтуынша, бұл орталық ел мен қоғамның дамуында ғана емес, сондай-ақ кейінгі ұрпақтарды тәрбиелеуде де үлкен рөл атқарады. «Облыс әкімінің атынан, қоғам атынан «Шеврон» компаниясына осы орталықты құруға тікелей қатысқаны үшін ризашылығымызды білдіреміз. Атырау облысының балалары мен жастары Абай орталығының JasSpace кеңістігінде жаңа технологияларды меңгереді және болашақта осы жоба аясында дайындықтан өткен жастар техникалық білімді қажет ететін аймақтың ірі мекемелерінің жұмысына ықпал етеді деп үміттенемін», – деп толықтырды Таушов мырза.
STEAM JasSpace кеңістігі – бұл жастар мен жасөспірімдерге арналған инновациялық жобалар мен бағдарламалар алаңы. STEAM бойынша білім беру ғылым, технология, инженерия, өнер және математика (STEAM – Science, Technology, Engineering, Art and Mathematics) сияқты салаларда бір уақытта дағдыларды дамыта отырып, оқытудың интеграцияланған және пәнаралық әдісіне негізделген.
«Шеврон» компаниясы Абай атындағы орталықтың құрылысына қатысты. Енді орталықта STEAM білім беруді дамытуға көмектесу – біз үшін үлкен мәртебе. «Шеврон» бірқатар білім беру, кәсіби және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырады. Осындай бағдарламалардың бірі – STEAM JasSpace. Жоба Атырау қаласының жастары мен балаларына пайдалы болып, техникалық дағдыларға үйрететініне және заманауи еңбек нарығында жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыратынына сенімдімін», – деп атап өтті «Шеврон» Еуразиялық бөлімшесі басқарушы директорының міндетін атқарушысы Марк Пэйн.
Бағдарлама «Шеврон» компаниясымен серіктестікте іске асырылады және STEAM бағдарламасы бойынша мектеп оқушыларын оқытуды, сондай-ақ STEAM бағыттары бойынша біліктілікті арттыру курстары арқылы Атырау облысы педагогтерінің әлеуетін кеңейтуді қамтиды. Бағдарламаны Орталық Азияның Еуразия Қоры Абай атындағы орталығымен, Атырау облысының әкімдігімен және жергілікті ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырады.
«Біздің Қордың міндеттерінің бірі – STEAM бағыттары бойынша Абай атындағы орталықтың оқытушыларының біліктілігін, Атырау облысының жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдерінің әлеуетін арттыру және Атырау облысының оқушылары мен жастарына STEAM бағыты бойынша қосымша білім беруді ұйымдастыруға көмек көрсету болып табылады», – деп атап өтті Орталық Азияның Еуразия Қорының директоры Ринад Темірбеков.
Байланыстар:
Салтанат Ноғайбаланова, жоба менеджері, saltanat@ef-ca.org, +7 701 722 68 12
Жанар Нұртөлеу, жоба үйлестірушісі, zhanar.n@ef-ca.org, + 7 702 612 08 53
Орталық Азия Еуразия Қоры (ОАЕҚ) – Қазақстанда 2005 жылы тіркелген қоғамдық ұйым. Ұйым қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдыра отырып, азаматтарға өз болашағын құруда белсенді болуға көмектеседі. Ұйым Қазақстанда және Орталық Азияда жылына 10-12 жергілікті қауымдастықтардың әлеуметтік және экономикалық жағдайын көтеретін жобаларды жүзеге асырады. ОАЕҚ туралы қосымша ақпаратпен http://ef-ca.kz/ сайтында танысуға болады.
«Шеврон» – әлемдегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Компания қол жетімді, сенімді және таза энергия гүлденген және тұрақты әлем құру үшін қажет деп санайды. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ өндіреді, көлік отынын, ЖЖМ және мұнай-химия өнімдерін өндіреді, сондай-ақ бизнес пен саланы жақсартатын технологияларды әзірлейді. Компания өз қызметінің көміртегі сыйымдылығын төмендетуге бағытталған және өзінің дәстүрлі бизнес бағыттарымен қатар төмен көміртекті бизнесті дамытуға ұмтылады. Шеврон туралы қосымша ақпаратпен www.chevron.com сайтында танысуға болады.
Атырау – 17 мая. В Центре им. Абая прошла церемония открытия пространства для подростков и молодежи STEAM JasSpace. Открытие было приурочено к подписанию Меморандума о сотрудничестве между акиматом Атырауской области, Управлением образования области, компанией «Шеврон», и КФ «Фонд Евразия Центральной Азии» для реализации программы «JasSpace: Инициатива по развитию молодежи г. Атырау».
Цель Программы - создание экосистемы вокруг пространства JasSpace, которая будет обеспечивать обучение молодежи по направлениям STEAM и способствовать популяризации профессий в этих областях.
По словам заместителя акима Атырауской области, Таушова Наримана, данный центр играет большую роль не только в развитии страны и общества, но также в воспитании последующих поколений. «От имени акима области, от имени общественности выражаем компании «Шеврон» признательность за непосредственное участие в создании этого центра. Дети и молодежь Атырауской области освоят новые технологии в пространстве JasSpace Центра Абая, и надеюсь, что в будущем молодые люди, прошедшие подготовку в рамках этого проекта, будут способствовать работе крупнейших учреждений региона, которым требуется техническое образование», - добавил Таушов.
Пространство STEAM JasSpace – это площадка инновационных проектов и программ для подростков и молодежи. В основе STEAM образования лежит интегрированный и междисциплинарный подход к обучению, когда одновременно развиваются навыки в таких областях, как естественные науки, технологии, инженерия, искусство и математика (STEAM - Science, Technology, Engineering, Art and Mathematics).
«Компания «Шеврон» приняла участие в строительстве Центра им. Абая, и теперь для нас большая честь помогать в развитии STEAM-образования в этом центре. «Шеврон» реализует ряд образовательных, профессиональных и социальных программ, одной из которых является STEAM JasSpace. Уверен, что этот проект будет полезен для детей и молодежи города Атырау, обучит техническим навыкам и повысит их шансы трудоустройства на современном рынке труда», - отметил Марк Пэйн, исполняющий обязанности управляющего директора Евразийского подразделения компании «Шеврон».
Программа реализуется в партнерстве с компанией «Шеврон» и включает в себя обучение школьников по программе STEAM, а также расширение потенциала педагогов Атырауской области через курсы повышения квалификации по направлениям STEAM. Программа будет реализована Фондом Евразия Центральной Азии совместно с Центром им. Абая, акиматом Атырауской области и местными организациями.
«Одной из задач нашего Фонда является повышение квалификации преподавателей центра им. Абая по направлениям STEAM, потенциала учителей общеобразовательных школ Атырауской области и оказание помощи в организации дополнительного образования учащихся и молодежи Атырауской области по направлению STEAM» - отметил Ринад Темирбеков, директор Фонда Евразия Центральной Азии.
Контакты:
Салтанат Ногайбаланова, менеджер проекта, saltanat@ef-ca.org, +7 701 722 68 12
Жанар Нұртөлеу, координатор проекта, zhanar.n@ef-ca.org, + 7 702 612 08 53
ФЕЦА (Фонд Евразия Центральной Азии) – общественная организация, основанная в регионе в 2005 году, мобилизует общественные и частные ресурсы, помогая гражданам принимать активное участие в построении собственного будущего посредством укрепления местных сообществ и повышения гражданского и экономического благосостояния. Больше информации о ФЕЦА вы найдете на http://ef-ca.kz/
«Шеврон» – одна из ведущих интегрированных энергетических компаний мира. Компания считает, что доступная, надежная и чистая энергия имеет важное значение для построения более процветающего и устойчивого мира. «Шеврон» добывает нефть и природный газ, производит транспортное топливо, ГСМ и нефтехимические продукты, а также разрабатывает технологии, которые улучшают бизнес и отрасль. Компания сосредоточена на снижении углеродоемкости своей деятельности и стремится развивать бизнес с низким уровнем выбросов углерода наряду со своими традиционными направлениями бизнеса. Больше информации о «Шеврон» вы найдете на www.chevron.com.