Пресс-релизы
«Жаңарған QazaqGaz»: Ұлттық компанияның жаңа даму көрінісі ұсынылды. «Жаңарған QazaqGaz»: Представлено новое видение развития Национальной компании.
Нұр-Сұлтан қ. — «QazaqGaz» ҰК» АҚ топ-менеджменті компаниялар тобының еліміз бойынша жиналған қызметкерлерімен Town Hall форматында кездесу өткізді. Офлайн және онлайн режимде өткен кездесуге Сараптамалық кеңес мүшелері, Ардагерлер кеңесі, орта буын басшылары, сондай-ақ өндірістік филиалдар мен еліміздің барлық өңірлері газ тасымалдау жүйесі объектілерінің басшылары және инженерлік құрам мен қатардағы қызметкерлерден тұратын шамамен 500-ге жуық адам қатысты. Ұлттық компания басшысы Санжар Жаркешов кәсіпорынның дамуына қатысты жаңа көзқарасты ұсынып, негізгі басымдықтарды айқындады.
Санжар Жаркешовтың айтуынша, «Жаңарған QazaqGaz» көрінісі 5 бағыттан тұрады. Біріншісі — Мемлекет басшысының компанияға толық аудит жүргізу туралы тапсырмасын орындап, қызметтің транспаренттілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ірі жобаларды іске асыру. Оның ішінде, Маңғыстау және Атырау облыстарының газ тасымалдау жүйелерін, Алматы қаласының ЖЭО-2, 3 қайта жаңарту, Қашаған газ өңдеу зауытын, сондай-ақ Түркістан облысында бу-газ қондырғыларын салу жоспарда бар.
«Бұдан басқа, газбен жабдықтау нарығының барлық қатысушыларының күш-жігерін шоғырландыру және сенімді серіктес беделін қалыптастыру қажет. Ұлттық компания мәртебесіне ие бола отырып, біз халықты үздіксіз газбен қамтамасыз етуге міндеттіміз. Біз, сондай – ақ сатып алулардың айқындылығын арттыруды және елдегі өндірісті оқшаулау арқылы сатып алулардағы жергілікті қамтуды дамыту арқылы шығындарды оңтайландыруды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті өз сөзінде Санжар Жаркешов.
Екінші бағыт адам капиталын дамытуды қамтиды. Бұл— меритократия, транспаренттілік қағидаттарына және өндірістік персоналдың еңбек жағдайын жақсартуға негізделген кадр саясатын жаңарту және жетілдіру.
Үшінші бағыт компанияның даму стратегиясын әзірлеу, оның ішінде газбен жабдықтау нарығының барлық қатысушыларының күшін шоғырландыруды қамтиды, оның ішінде трансұлттық компаниялар, Қашаған, Теңіз, Қарашығанақ және Жаңажол және т.б секілді жер қойнауын пайдаланушылар бар.
Төртінші бағыт — газ тасымалдау жүйесін тиісті пайдалану және ішкі нарықты қорғау арқылы газбен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету.
Бесінші бағыт – Компанияның сатып алуларының айқындылығын арттыру және сатып алудың жаңа моделін енгізу жолымен шығындарды оңтайландыру, оның ішінде сатып алудағы жергілікті қамтуды дамыту және өндірісті ҚР-да оқшаулау, сондай-ақ компаниялар тобының активтерін монополиясыздандыру және оңтайландыру және делдалдық құрылымдарды алып тастау бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Сонымен қатар, басқарма төрағасы, компанияның жаңартылған басшылығының екі ай ішіндегі жұмысының нәтижелерін ұсынды. Атап айтқанда, ол еліміздің газ саласын дамытудың кешенді жоспары пысықталып, мемлекеттік органдармен келісілгенін атап өтті. Баға белгілеудің әлеуметтік-әділ реформасы бойынша шаралар кешені әзірленді. Түркістан облысының 22 елді мекенінде газ тарату желілері пайдалануға берілді, аталған облыс халқы көгілдір отынды соңғы 10 жыл бойы күткен еді. Компанияда алғаш рет еңбек, қоршаған орта және өндірістегі қауіпсіздік техникасына жауапты HSE (Health, Safety&Environment) қызметінің басшысы лауазымы енгізілді.
Сонымен қатар, 100 млрд теңгеден астам сомаға делдалдық схемалар сәйкестендірілді.
«60 күн ішінде біз ішкі нарықты тауарлық газдың қосымша көлемімен қамтамасыз еттік. Жекелей алсақ, ТШО-ның 600 млн текше метр экспорттық газы ішкі нарықтың қажеттілігіне жұмсалды. Ішкі нарық үшін Оңтүстік Ақсай кен орындарында қосымша 100 млн текше газ ішкі нарыққа жіберіледі. «Қашаған» ГӨЗ құрылысының жобасы бойынша 1 млрд м³ «QazaqGaz»-ға берілді. Жылу беру кезеңінде газбен үздіксіз жабдықтау қамтамасыз етілді, ал өндірістік жұмыстар апатсыз жүргізілуде. Бұл соңы емес, біздің алдымызда көптеген, оның ішінде «Жаңарған QazaqGaz» стратегиясын әзірлеу міндеттері тұр», – деді басқарма төрағасы.
Сондай-ақ, Санжар Жаркешов компаниялар тобы бойынша өндірістік персоналдың жалақысы 15%-дан 45%-ға дейін өскенін атап өтті.
Бұдан басқа, «QazaqGaz» ҰК» АҚ басшылығының жаңартылған құрамы барлық өңірлерден компаниялар тобы қызметкерлерінің сұрақтарына, соның ішінде еңбекақы төлеу, өндірістегі жағдай мен қауіпсіздік техникасын жақсарту, персоналды оқыту және т.б. қатысты сұрақтарға жауап берді.
Іс-шара соңында операциялық воркшоп-сессиясы өткізілді, оның нәтижелері бойынша компаниялар тобының қызметкерлері QazaqGaz болашақ даму стратегиясын қалыптастыруға өз үлестерін қосты.
г. Нур-Султан — В АО «НК «QazaqGaz» прошла встреча топ-менеджмента с сотрудниками группы компаний со всей страны в формате Town Hall. На встрече в офлайн и онлайн режиме приняли участие порядка 500 человек, состоящих из членов Экспертного совета, Совета ветеранов, руководителей среднего звена, а также представителей производственных филиалов и объектов газотранспортной системы со всех регионов Казахстана, включая инженерный состав и рядовых сотрудников. Санжар Жаркешов, глава Национальной компании представил новое видение развития предприятия и обозначил ключевые приоритеты.
По словам Санжара Жаркешова, видение «Жаңарған QazaqGaz» состоит из 5 направлений. Первое — исполнение поручений Главы государства по проведению полного аудита компании и обеспечению транспарентности ее деятельности, а также реализации крупных проектов. В том числе, в планах реконструкция газотранспортных систем Мангистауской и Атырауской областей, ТЭЦ-2, 3 г.Алматы, строительство газоперерабатывающего завода Кашаган, а также парогазовых установок в Туркестанской области.
«Помимо всего необходима консолидация усилий всех участников рынка газоснабжения и формирование репутации надежного партнера. Имея статус национальной компании, мы обязаны обеспечить население бесперебойным газоснабжением. Мы также планируем повысить прозрачность закупок и оптимизацию затрат через развитие местного содержания в закупках, путем локализации производства в стране», – отметил в своем выступлении Санжар Жаркешов.
Второе направление включает в себя развитие человеческого капитала. Это — обновление и совершенствование кадровой политики, основанной на принципах меритократии, транспарентности и улучшении условий труда производственному персоналу.
Третье направление включает в себя разработку новой стратегии развития для решения беспрецедентных вызовов, стоящих перед новой национальной компанией. Эта работа потребует консолидации усилий всех участников рынка газоснабжения, в том числе транснациональных компаний, недропользователей, вовлеченных в проекты месторождений Кашаган, Тенгиз, Карачаганак, Жанажол и др.
Четвертое направление – обеспечение бесперебойного газоснабжения путем надлежащей эксплуатации ГТС и защиты внутреннего рынка.
Пятое направление – повышение прозрачности закупок Компании и оптимизация затрат путем внедрения новой модели закупок, в том числе развитие местного содержания в закупках и локализацию производства в РК, а также выработка предложений по демонополизации и оптимизации активов группы компаний и исключению посреднических структур.
Председатель правления представил результаты работ обновленного руководства компании за два месяца. В частности, он отметил, что доработан и согласован с государственными органами Комплексный план развития газовой отрасли страны. Разработан комплекс мер по социально-справедливой реформе ценообразования. В 22 населенных пунктах Туркестанской области введены в эксплуатацию газораспределительные сети, где население ожидало газ последние 10 лет. Впервые в компании введена должность руководителя службы HSE (Health, Safety&Environment), отвечающей за охрану труда, окружающей среды и технику безопасности на производстве.
Вместе с тем идентифицированы посреднические схемы на более 100 млрд тенге.
«За 60 дней мы обеспечили внутренний рынок дополнительными объемами товарного газа. В частности, 600 млн м³ экспортного газа ТШО направлено на нужды внутри страны. Дополнительно 100 млн м³ газа месторождения Южный Аксай будут направлены на внутренний рынок. Проект строительства ГПЗ «Кашаган» мощностью 1 млрд м³/год передан в «QazaqGaz». Кроме того, обеспечено бесперебойное газоснабжение в отопительный период, а производственные работы проходят без происшествий. Это только начало, перед нами стоит немало задач, в том числе разработка полномасштабной стратегии «Жаңарған QazaqGaz», – сказал Председатель Правления.
Также Санжар Жаркешов отметил, что по группе компаний увеличена заработная плата производственного персонала от 15% до 45%.
Кроме того, обновленный состав руководства АО «НК «QazaqGaz» ответил на интересующие вопросы работников группы компаний со всех регионов, в том числе касательно оплаты труда, улучшения условий и техники безопасности на производстве, обучение персонала и др.
В заключении была проведена операционная воркшоп-сессия, по результатам которой работники группы компаний внесли свой вклад в формирование будущей стратегии развития QazaqGaz.