Пресс-релизы
ҚазМұнайГаз бен ExxonMobil Теңіз және Қашағандағы бірлескен
операцияларын талқылады
КМГ и ExxonMobil обсудили совместные операции на Тенгизе и Кашагане
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев ExxonMobil корпорациясының аға вице-президенті Нил Чапманмен кездесті.
М. Мырзағалиев Нил Чапманға және ExxonMobil компаниясына ҚМГ-мен ұзақ жылғы ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді. Кездесуде тараптар Теңіз кен орнындағы Болашақ кеңейту жобасын – Сағалық қысымды басқару жобасын (БКЖСҚБЖ) іске асыру барысын талқылады. ҚМГ басшысы аталмыш жобаның дер кезінде аяқталуы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ұлттық компанияның ерекше назарында екенін атап өтті. 2022-2023 жылдары БКЖ-СҚБЖ қызмет көрсететін жұмысшылардың жоспарланған ауқымды демобилизациясы кезінде әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мәселесіне де тоқталды. ҚМГ бұл мәселе бойынша «Теңізшевройл» ЖШС-мен бірлескен тығыз жұмыс атқарылатынына сенімді.
М. Мырзағалиев келісімшарт кезеңі аяқталған соң (2033 жылдан кейін) Теңіз кен орнын одан әрі игеру мәселесін де қозғады. Болашақта мұнай өндіру деңгейін сақтау үшін түрлі нұсқаларды зерттеуді ұсынды.
Тараптар Қашаған кен орнындағы (Солтүстік Каспий жобасы) бірлескен қызмет жайына да жеке тоқталды. Басқарма төрағасы кен орынды пайдаланудың бүкіл циклі жөніндегі стратегиясына (2041 жылдан кейін) сәйкес алдағы уақытта оны игеру кезеңдерінің тұжырымдамасын таңдау қажеттігін де қаперге салды.
Сондай-ақ кездесуде Солтүстік Каспий жобасында қазақстандық қамтуды одан әрі арттыру және еліміздің техникалық, басқарушылық кадрларын даярлау бойынша бірлескен жұмыс жағдайы талқыланды.
Председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» Магзум Мирзагалиев встретился со старшим вице-президентом корпорации ExxonMobil Нилом Чапманом.
М.Мирзагалиев поблагодарил Нила Чапмана и компанию ExxonMobil за многолетнее сотрудничество с КМГ. На встрече стороны обсудили реализацию Проекта будущего расширения – Проекта по управлению устьевым давлением (ПБРПУУД) на месторождении Тенгиз. Глава КМГ подчеркнул особую важность соблюдения сроков завершения проекта расширения для правительства Республики Казахстан и компании. Дополнительно он остановился на сохранении социальной стабильности в период планируемой масштабной демобилизации персонала, обслуживающего ПБР-ПУУД, в 2022-2023 годы. КМГ рассчитывает на совместную тесную работу с ТОО «Тенгизшевройл» по данному вопросу.
Кроме этого, М.Мирзагалиев затронул вопросы дальнейшей разработки месторождения Тенгиз за пределами контрактного периода (после 2033 года) и предложил изучить различные варианты для поддержания нефтедобычи в будущем.
Отдельно стороны остановились на совместной деятельности на месторождении Кашаган (Северо-Каспийский проект). Председатель Правления напомнил о необходимости выбора концепции последующих этапов освоения месторождения в соответствии со стратегией разработки на весь «цикл жизни» (за пределами 2041г.).
Также на встрече обсуждались совместные усилия по дальнейшему росту казахстанского содержания на Северо-Каспийском проекте и подготовке и национализации технических и управленческих кадров.