Пресс-релизы » ТОО "Тенгизшевройл"
Теңізшевройл Деректер мен дәйектер. 2018 жылдың бірінші жартысы бойынша мәлімет
Тенгизшевройл цифры и факты. Итоги первой половины 2018 года
Тарих/Қатысушылар:
- Әлемдегі ең терең және ірі мұнай кеніштерінің бірі болып саналатын Теңіз мұнай кеніші 1979 жылы ашылды.
- «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (әрі қарай - ТШО) 1993 жылы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасында жасалған келісім негізінде құрылды.
- ТШО-ның қазіргі кездегі серіктестері: «Шеврон» – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 20%, «ЭксонМобил Қазақстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛукАрко Б.К. » – 5%.
Өнім өндіру/Қорлар:
- Жалпы барланған қоры жөнінен Теңіз кенішінде 3,2 миллиард тонна (25,5 млрд. баррель), ал Королев кен алаңында 200 миллион тонна (1,6 млрд. баррель) шамасында мұнай бар деп есептелінеді. • Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 890 миллионнан 1,37 миллиард тоннаға дейінгі мөлшерді (7,1 - 10,9 млрд. баррель) құрайды. • Теңіз коллекторының ені 20 шақырым (12 миль), ұзындығы 21 шақырым (13 миль).
- ТШО 2008 жылы Шикі газ айдау және Екінші буын зауыты (ШГА/ЕБЗ) жобасын аяқтап, нәтижесінде мұнай өндірудің тәуліктік көлемі шамамен 75 000 тоннаға немесе 600 000 баррельге, ал, табиғи газ 22 миллион текше метрге немесе 750 миллион текше футқа жетті.
- 2018 жылдың бірінші жартысында мұнай өндіру көлемі 14,7 миллион тоннаны (117,3 миллион баррель) құрады.
Денсаулық сақтау, өнеркәсіп қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау:
- 2000 жылдан бері ТШО қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған жобаларға 3 миллиард АҚШ доллар көлемінде қаржы бөлді.
- Қазіргі таңда ТШО өндірілген газдың 98%-дан астамын кәдеге жаратуда.
- Жабдықтың сенімділігін арттыру шараларына жұмсалған инвестициялар 2000 жылдан 2018 жылдың бірінші тоқсаны дейінгі аралықта зауыттардағы техникалық ақаулар санын және алауда жоспардан тыс және технология бойынша шарасыз жағылатын шикі және қышқыл газ көлемін 99%-ға азайтуға мүмкіндік берді.
- 2000 жылдан бері өндірілген мұнайдың бір тоннасына шаққандағы атмосфераға жіберілген шығарындылардың көлемі 73%-ға азайды. ТШО күрделі жобаларды жүзеге асыру және жабдықтардың сенімділігіне жасалған инвестициялар нәтижесінде аталған мерзім ішінде жылдық мұнай өндіру көлемін 2,7 есе арттырды.
ТШО өнімінің өзге түрлері:
- 2018 жылдың бірінші жартысында ТШО сұйытылған газ сату көлемін шамамен 704 мың тоннадан асырып, құрғақ газ сату көлемін 3,9 миллиард текше метр, ал күкірт сату көлемін 1,2 миллион тоннаға жеткізді.
Қазақстан Республикасы үшін артықшылықтар:
- 1993 жылдан 2018 жылдың бірінші жартысына дейін ТШО-ның Қазақстан Республикасына тікелей қаржы төлемдері 129 миллиард АҚШ долларынан астам соманы құрады. Бұған ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
- 2018 жылдың бірінші жартысында Қазақстан Республикасына төленген тікелей төлемдердің көлемі 3 миллиард АҚШ долларына жетті.
- 2018 жылдың бірінші тоқсанында ТШО қазақстандық тауарлар мен қызметтерді пайдалануға 1,5 миллиард АҚШ доллары шамасында қаржы жұмсады, оның 936 миллион АҚШ долларынан астамы ККЖ-ҰЕҚБЖ аясында жұмсалды.
- 1993 жылдан бастап ТШО қазақстандық компаниялардың 25,5 миллиард АҚШ долларын құрайтын тауарлары мен қызметтерін пайдаланды.
Қызметкерлерді шыңдау:
- Қазіргі таңда ТШО-да жұмыс істейтін қазақстандық қызметкерлердің үлесі 1993 жылғы 50% көрсеткішпен салыстырғанда 82,2% құрайды.
- ТШО-дағы жергілікті ұлттық басшылардың, жоғары және орта буын жетекшілерінің үлесі жалпы басшылық құрамның 63,3% құрайды. Кадрларды оқыту және шыңдау жөніндегі тұрақты бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде жауапты басшылық лауазымдарға тағайындалған жергілікті қызметкерлер қатары көбейе түсуде.
Әлеуметтік салаға үлес:
- 1993 жылдан бастап ТШО өз қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардың игілігі үшін Атырау облысының әртүрлі әлеуметтік жобаларына 1,5 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы жұмсады.
- 2018 жылдың «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасы бюджеті 25 миллион АҚШ долларын құрады. Аталмыш қаржының негізгі үлесі Атырау облысында балабақшалар, мектептер және басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысына жұмсалады.
- 2018 жылы Атырау облысының денсаулық сақтау және білім беру салаларына қолдау көрсету мақсатында ТШО-ның әлеуметтік инвестициялар бағдарламасына 1 миллион АҚШ долларынан астам қаржы бөлінді.
Келешек кеңею жобасы - Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы
- 2016 жылы ТШО серіктестері Теңіз мұнай кен орнының өндірістік қуаттылығын арттырудың келесі кезеңі болып табылатын Келешек кеңею жобасы - Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасын (ККЖ-ҰЕҚБЖ) қаржыландыру жөніндегі ақырғы шешімнің қабылданғаны туралы жариялады.
- ККЖ-ҰЕҚБЖ нысандарының құрылысы барынша тиімділікті арттырып, қаражатты үнемдеу мақсатында бір уақытта орындалып жатыр.
- Өндірістік қуатты арттыру мақсатында табысты түрде жүзеге асырылған ТШО-ның алдыңғы ЕБЗ/ШГА жобасы тәжірибесін негізге ала отырып, ККЖ өндіріс қуатын жылына шамамен 12 миллион тонна немесе тәулігіне 260 мың баррельге арттырып, осылайша мұнай өндірісінің жылдық көлемін шамамен 39 миллион тоннаға немесе тәулігіне 850 мың баррельге жеткізуді көздейді.
- ҰЕҚБЖ атқылайтын ұңғылардың ернеулік қысымын төмендетіп, қолданыстағы алты кешенді технологиялық желінің кіре берісіндегі қысымды арттыру арқылы Теңіз кен орнында жұмыс жасайтын зауыттардың толық қуатпен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
- ККЖ-ҰЕҚБЖ аясында 42 мыңнан астам қазақстандықтар ел ішінде жұмысқа тартылды, бұл жобада жалпы қызмет етіп жатқандар санының 92%-ын құрап тұр.
- ТШО қазақстандық жабдықтаушыларды ККЖ-ҰЕҚБЖ үшін жобалау, сатып алу және модульдерді дайындау қызметтеріне белсенді түрде жұмылдыруда. Қазіргі таңда 2000-нан астам қазақстандық компания алдын-ала іріктеуден өтіп, соның ішінде 300 компаниямен келісімшарт жасалды. Қазақстандық компаниялардың әлеуетін бағалау үшін жоба өкілдері 150-ден астам компанияның нысандарын аралады. Жобаның басынан бастап ҚҚ-ға жұмсалған шығындар көлемі 4 млрд АҚШ долларынан асады.
- Негізгі нысандар бойынша жобалау жұмыстары жалғасуда.
- ККЖ-ҰЕҚБЖ жабдықтарының негізгі бөлігі Қазақстан, Оңтүстік Корея және Италияда жасалады. Біртұтас модульдерге алдын ала құрастырылғаннан кейін олар соңғы құрастырылуы үшін Теңіз кен орнына жеткізіледі.
- Қазақстандағы «ЕРСАЙ» өндірістік алаңында құрастырмалы модульдік эстакадаларды жасау жұмыстары орындалуда. «ЕРСАЙ» өндірістік алаңына алғашқы құрастырмалы модульдік эстакада кемеге сәтті тиеліп, жүк тасымалдау бағдары терминалына түсіріліп, Үшінші буын зауыты алаңына жеткізілді.
- Италияның Авенца қаласында «Фрейм 9» газ турбиндік генератор (ГТГ) модульдерін жасап, жеткізу жұмыстары жалғасуда. Маусым айында алғашқы ГТГ кемеге тиелді.
- Алғашқы құрастырмалы модульдік блоктар мұхит кемелеріне қауіпсіз тиеліп, Оңтүстік Кореядағы өндірістік алаңынан Теңіз кен орнына қарай жөнелтілді. Аталмыш блоктар Оңтүстік Кореядан жөнелтілген алғашқы жүк болды.
- Жүк тасымалдау бағдары пайдалануға әзір, ал терминалда бірінші жүктерді қабылдау басталды.
- Теңіз кен орнында автокөлік жолдарының құрылысы жүргізілуде.
- Қолданыстағы технологиялық зауыттардың толық қуатта жұмыс істеуі үшін қажетті кеніш нысандары мен құбырларды салу жұмыстарымен қатар, бұрғылау жұмыстары жалғасуда.
- Үшінші буын зауыты алаңында нөлдік цикл жұмыстарына қатысты алғашқы межеге қол жеткізілді, маусым айында «қызыл бағдардың» құрылысы аяқталды.
- Үшінші буын шикі газ айдау алаңында бетон құю жұмыстары жалғасуда, сонымен қатар жер асты құбырларын орнату жұмыстары және іргетастарды орнында құю жұмыстары жүргізілуде.
История/Участники:
- Тенгизское нефтяное месторождение было открыто в 1979 году и является одним из крупнейших и самых глубоких нефтяных месторождений в мире.
- Товарищество с ограниченной ответственностью «Тенгизшевройл» (далее – ТШО) было сформировано 6 апреля 1993 года на основе соглашения между Республикой Казахстан и компанией «Шеврон».
- В настоящее время партнерами ТШО являются: «Шеврон» - 50%, АО НК «КазМунайГаз» - 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» - 25% и СП «ЛукАрко» - 5%.
Добыча/Запасы:
- Общие разведанные запасы Тенгизского коллектора составляют 3,2 миллиарда тонн (25,5 млрд. баррелей) и 200 миллионов тонн (1,6 млрд. баррелей) в Королевском месторождении.
- Извлекаемые запасы нефти Тенгизского и Королевского месторождений составляют от 890 миллионов до 1,37 миллиарда тонн (7,1 – 10,9 млрд. баррелей). • Коллектор месторождения Тенгиз имеет ширину 20 км (12 миль) и длину 21 км (13 миль).
- В 2008 году ТШО завершил проект Закачки сырого газа и Завода второго поколения (ЗСГ/ЗВП), в результате которого суточная добыча нефти достигла приблизительно 75 000 тонн (600 000 баррелей) и суточное производство природного газа - 22 миллиона кубических метров (750 млн. кубических футов).
- В первой половине 2018 года объемы добычи сырой нефти составили 14,7 миллионов тонн (117,3 миллионов баррелей).
Охрана здоровья, промышленная безопасность и защита окружающей среды:
- С 2000 года ТШО инвестировал 3 миллиарда долларов США на проекты по снижению воздействия на окружающую среду.
- В настоящее время ТШО утилизирует более 98% газа.
- Инвестиции в повышение надёжности оборудования позволили снизить количество технических сбоев на заводах. За период с 2000 г. по первую половину 2018 г. объёмы сырого и кислого газа, внепланово и технологически неизбежно сжигаемого на факелах, уменьшились на 99%.
- С 2000 года общий удельный объем выбросов в атмосферу на тонну добытой нефти уменьшился на 73%, при этом ТШО увеличил годовой объем добычи нефти в 2,7 раза в результате реализации капитальных проектов и инвестиций в надежность оборудования.
Реализация продукции:
- В первой половине 2018 года ТШО реализовал порядка 704 тысяч тонн сжиженного газа, 3,9 миллиарда кубических метров сухого газа, а также 1,2 миллион тонн серы.
Преимущества для Республики Казахстан:
- С 1993 года по первую половину 2018 года прямые финансовые выплаты ТШО Республике Казахстан составили более 129 миллиардов долларов США, включая заработную плату казахстанским сотрудникам, закупки товаров и услуг отечественных товаропроизводителей и поставщиков, платежи государственным предприятиям, выплаты дивидендов казахстанскому партнеру, а также в виде налогов и роялти, перечисляемых в государственный бюджет.
- В первой половине 2018 года прямые выплаты Республике Казахстан превысили 3 миллиарда долларов США.
- В первой половине 2018 года ТШО приобрел товары и услуги казахстанских поставщиков на сумму более 1,5 миллиарда долларов США, включая более 936 миллионов долларов США в рамках ПБР-ПУУД.
- С 1993 года ТШО закупил товаров и услуг казахстанских поставщиков на сумму более 25,5 миллиарда долларов США.
Развитие кадров:
- Доля штатных казахстанских сотрудников ТШО составляет 82,2% по сравнению с 50% в 1993 году.
- Доля казахстанских руководителей высшего и среднего звена составляет 63,3% от общего числа руководящего состава. В результате постоянно действующих программ обучения и развития кадров все больше сотрудников выдвигаются на более ответственные должности.
Вклад в социальную сферу
- С 1993 года ТШО направил более 1,5 миллиарда долларов США на финансирование различных социальных проектов для населения Атырауской области и сотрудников.
- В 2018 году бюджет добровольной социально-инфраструктурной программы «Игилик» составил 25 миллионов долларов США, основная часть которого направлена на строительство детских садов, школ и других социальных объектов в Атырауской области.
- В 2018 году ТШО выделил более 1 миллиона долларов США на поддержку здравоохранения и образования в Атырауской области в рамках Программы социальных инвестиций.
Проект будущего расширения - Проект управления устьевым давлением
- В 2016 году Партнеры ТШО объявили об утверждении окончательного решения о финансировании Проекта будущего расширения - Проекта управления устьевым давлением (ПБР-ПУУД), который является следующим этапом расширения производственных мощностей Тенгизского месторождения.
- В целях существенного повышения эффективности и экономии средств, строительство объектов ПБР-ПУУД выполняется одновременно.
- Ориентируясь на успешную реализацию предыдущего проекта ТШО по расширению производственных мощностей, заключавшегося в строительстве ЗСГ/ЗВП, ПБР ставит своей целью увеличение производства примерно на 12 миллионов тонн в год или 260 тыс. баррелей в сутки, что составит около 39 миллионов тонн в год или 850 тыс. баррелей в сутки.
- ПУУД обеспечит полную загрузку перерабатывающих мощностей действующих на Тенгизе заводов путём снижения динамического давления на устьях скважин и повышения давления в соответствии с требованиями на входе шести действующих технологических линий.
- Более чем 42 тысячи казахстанцев трудоустроено на ПБР-ПУУД на территории страны, что составляет 92% всего персонала проекта в Казахстане.
- ТШО привлек к участию в проекте ПБР-ПУУД казахстанские компании, оказывающие услуги в области проектирования, закупок и изготовления модулей. На сегодняшний день предварительный отбор прошли более 2000 казахстанских компаний, с 300 из них заключены контракты. Представители проекта посетили объекты более 150 казахстанских компаний для оценки их потенциала. По состоянию с начала проекта расходы на КС cоставили более 4 млрд. долл. США.
- Продолжаются работы по проектированию основных объектов.
- Основной объём оборудования ПБР-ПУУД будет изготовлен в Казахстане, Южной Корее и Италии и, после его предварительной сборки в модули, будет отправлен на Тенгиз для окончательной сборки и монтажа.
- На производственной площадке «Ерсай» в Казахстане выполняется монтаж сборных модульных эстакад (СМЭ). Успешно осуществлена отгрузка первой СМЭ с производственной площадки «Ерсай», после чего она были разгружена на терминале МаТраГ и доставлена на Завод третьего поколения (ЗТП).
- В г. Авенца, Италия продолжаются работы по изготовлению и поставке модулей газотурбинных генераторов (ГТГ) «Фрейм 9». В июне успешно произведена отгрузка первого ГТГ.
- Первые сборные модульные блоки были погружены без травм и происшествий на океанское судно и отправлены с производственной площадки в Южной Корее в направлении Тенгизского месторождения. Эти блоки стали первыми грузами, отправленными из Южной Кореи.
- Маршрут транспортировки грузов готов к эксплуатации, а на терминале уже начат приём первых грузов.
- На Тенгизском месторождении ведётся строительство автомобильных дорог.
- Одновременно с буровыми работами продолжается строительство промысловых сооружений и трубопроводов, необходимых для загрузки производственных мощностей действующих заводов.
- На заводе третьего поколения завершён первый из основных этапов работ нулевого цикла, в июне закончено строительство «красного маршрута».
- На объектах закачки сырого газа третьего поколения ведутся работы по заливке бетона, а также продолжается прокладка подземных трубопроводов и устройство фундаментов на месте.