Пресс-релизы
«ҚазТрансГаз» АҚ түркімен газын Ресейге транзиттеуді қайта бастады
АО «КазТрансГаз» возобновил транзит туркменского газа в Россию
Ұлттық газ операторы «ҚазТрансГаз» АҚ «Орта Азия - Орталық» магистральдық газ құбыры бойынша Ресей Федерациясына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы түркімен тауарлық газын транзиттеуді қайта бастады.
«ҚазТрансГаз» АҚ қысқа мерзім ішінде магистральдық газ құбырлары жүйесі арқылы транзитті қайта жаңғыртуға қажет шараларды жүзеге асырды. Заманауи технологиялардың және «Орта Азия - Орталық» магистральдық газ құбырында жүргізілген модернизация жұмыстарының арқасында маршруттық бағыттар әртараптандырылды және бірнеше тәулік ішінде тасымалдау режимі қалыпты жұмысқа қосылды.
«Орта Азия - Орталық» магистральдық газ құбыры бойынша Ресей Федерациясына түркімен газын тасымалдау көлемі тәулігіне 15 млн. текше метрді құрайды. Қазақстан аумағы арқылы транзитті қайта бастаған сәттен бері 220 млн. текше метрден астам газ тасымалданды.
Қазақстанның газ тасымалдау жүйесі арқылы түркімен газының транзиті 2016 жылдан бастап тоқтатылған болатын.
2019 жылдың басында Түркіменстан мен Ресей Федерациясының арасында газ саласындағы 2028 жылға дейінгі ынтымақтастық жөніндегі қолданыстағы үкіметаралық келісім шеңберінде газды жеткізуді қайта қолға алу туралы уағдаластық жасалды. Бұл бірден үш мемлекетке газ саласында өзара тиімді ынтымақтастықты қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Соңғы жылдары қазақстандық газ саласы ауқымды жаңғыртудан өтті және мамандардың бағалауы бойынша ҚазТрансГаз компаниясы Орта және Орталық Азиядағы газ ағындарының маңызды және технологиялық аса қуатты операторына айналды.
«ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз-қызметі
Тел: 8 (7172) 55 23 16
Национальный оператор АО «КазТрансГаз» возобновил транзит туркменского товарного газа через территорию Республики Казахстан в Российскую Федерацию по магистральному газопроводу «Средняя Азия – Центр».
АО «КазТрансГаз» смог возобновить транзит через свою систему газопроводов в рекордно короткие сроки. Благодаря современным технологиям и модернизации магистрального газопровода «Средняя Азия – Центр», режим транспортировки туркменского газа был сформирован (запущен) всего за несколько суток.
Объем транспортировки туркменского газа в Российскую Федерацию по магистральному газопроводу «Средняя Азия – Центр» составляет 15 млн. кубометров в сутки. С начала возобновления транзита через территорию Казахстана уже про транспортировано более 220 млн. кубометров газа.
Напомним, что транзит туркменского газа через газотранспортную систему Казахстана был прекращен в 2016-м году.
В начале 2019 года между Туркменистаном и Российской Федерацией были достигнуты договоренности о возобновлении поставок газа в рамках действующего межправительственного Соглашения о сотрудничестве в газовой сфере до 2028 года. Это позволило восстановить взаимовыгодное сотрудничество в газовой сфере сразу трем государствам.
За последние годы казахстанская газовая отрасль прошла масштабную модернизацию и, по оценке специалистов, компания «КазТрансГаз» стала важнейшим и технологически самым мощным оператором газовых потоков в Средней и Центральной Азии.
Пресс-служба АО «КазТрансГаз»
Тел: 8 (7172) 55 23 16