Пресс-релизы
Қазақстан: «Тоталь» Доңға кен орнын игерудің 3-ші фаза Жобасын жүзеге асыруға кіріседі Казахстан: «Тоталь» приступает к реализации Проекта Фаза 3 разработки месторождения Дунга
Париж, 2019 ж. 4 шілде «Тоталь» (Total) және оның серіктестері Қазақстанның батысында Маңғыстау облысының жағалық бөлігінде орналасқан Доңға кен орнын игерудің 3-ші Фаза Жобасын жүзеге асыруды бастау туралы шешімін бекітті.
Операторы «Тоталь» болып табылатын Доңға кен орнын игерудің 3-ші Фазасы өнімділікті 10%-ға арттыру және 2022 жылға қарай мұнай өндіру көлемін тәулігіне 20 000 баррельге жеткізу үшін қолданыстағы инфрақұрылымға жаңа ұңғымаларды қосуды және технологиялық объектілер қатарын модификациялауды қарастырады. Бұл өндіру көлемін 70 млн. баррельге арттыруға мүмкіндік береді.
Бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастапқыда 1994 жылы қол қойылған және 2024 жылы мерзімі өтетін Доңға кен орны өнімін бөлу келісімшартын тағы 15 жылға ұзарту туралы шешімінің арқасында мүмкін болып отыр.
Жобаны жүзеге асыру үшін 300 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция қажет болады және құрылыс шыңдығында облыста тағы 400 жұмыс орны құрылатын болады.
«Баррельге шаққанда шағын капитал жұмсалымымен бұл жоба кен орнының потенциалын барынша пайдалануға және өндірудің шыңдық деңгейін сақтауға мүмкіндік береді», - деді Тоталь «Барлау және Өндіру» (Total E&P) президенті Арно Брёйяк. «Игеру лицензиясын ұзартумен бірге Доңға кен орнын игерудің бұл жаңа кезеңі 70 миллион баррель көлемінде қосымша мұнай қорын шығаруға мүмкіндік беру арқылы Қазақстанның дамуына айтарлықтай үлесін қосады».
«Тоталь» (60% үлесімен) Доңға кен орнының Операторы болып табылады және оның серіктестері - «Оман Ойл Компани» (20% үлесімен) және «Партекс» (20% үлесімен).
Қазақстандағы «Тоталь» компаниясы
«Тоталь» Қазақстанда 1992 ж. бастап қызмет етіп келеді, оның бүкіл ел бойынша 380 қызметкерлері бар.
«Тоталь» тобы Қашаған (16,81% үлесімен) ірі кен орнын өңдеуді жетекші етуші «Солтүстік-Каспий Жобасы» консорциумының негізгі акционерлерінің бірі және Доңға кен орнының операторы (60% үлесімен).
Сондай-ақ, «Тоталь» Орталық Азияда «Total» маркалы майлау материалдарын сату үшін өзінің дистрибьюторлық желін кеңейтіп отыр, еншілес «Тоталь Эрен» (Total Eren) компаниясы арқылы күн және жаңартылған энергия көздерін пайдалану бойынша жобаларды жасақтап, сондай-ақ өзінің еншілес «Saft» компаниясы арқылы энергияны жинау және сақтау бойынша алдыңғы техникалық шешімдерді ұсынады.
«Тоталь» компаниясы жөнінде
«Тоталь» жанар-жағармай материалдарын, табиғи газды және төмен көміртекті электрлік энергетиканы өндіру мен сатуда ірі ойыншы болып табылады. Біздің 100 000 қызметкерлеріміз аса сапалы энергияны қауіпсіз, бәсекелес бағамен, таза және ең көп адам санына қолжетімді түрде алуға әрдайым ұмтылады. Әлемдегі 130 аса елдерде қызмет ете отыра, біз жауапты энергетикалық алыбы болуға ұмтыламыз.
«Тоталь» байланыстары
Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу бөлімі:
+33 1 47 44 46 99 l presse@total.com l @TotalPress
Инвесторлармен жұмыс істеу бөлімі:
+44 (0)207 719 7962
Ескертпе
Заң салдарының негізі бола алмайтын осы пресс-релиз тек ақпараттық мақсаттар үшін арналған. Тоталь концерні (TOTAL S.A.) тікелей не жанама инвестицияларына ие болатын субъектілер жеке заңды тұлғалар болып табылады. «Тоталь» концерні олардың әркеттеріне немесе әрекетсіздігіне жауапты болмайды. Осы құжатта «Тоталь» концернін және/немесе еншілес компанияларын білдіру үшін, «Тоталь» және «Тоталь» тобы атаулары ыңлайлық үшін қолданылады. Солайша «біз», «бізді» и «біздің» сөздері жалпылай еншілес компанияларды немесе оларға жұмыс жасайтындарды белгілеу үшін қолданылуы мүмкін.
Осы құжат нақты экономикалық, бәсекелестік және нормативтік ортада жасалған кейбір экономикалық деректер мен болжамдарға негізделген болжамды ақпараттан және мәліметтерден тұруы мүмкін. Болашақта олар дәл емес болып шығып, кейбір қатер факторларына ұшырауы мүмкін. «Тоталь» концерні, не оның қандай болса да еншілес компаниялары, жаңа ақпаратты алудың, келешекте жағдайлардың болуының немесе өзгенің нәтижесінде осы құжатта көрсетілген кез келген болжамды ақпаратты немесе мәліметті, мақсаттарды не тенденцияларды жариялы түрде жаңарту бойынша кез келген міндеттемелерді өзіне алмайды.
Париж, 4 июля 2019 г. «Тоталь» (Total) и его партнеры утвердили решение о начале Фазы 3 проекта разработки м. Дунга, расположенного в береговой части Мангистауской области на западе Казахстана.
Фаза 3 разработки м.Дунга, оператором которого является компания «Тоталь», предусматривает подключение новых скважин к существующей инфраструктуре и ряд модификаций технологических объектов для увеличения производительности на 10% и доведение объемов добычи до 20 000 баррелей нефти в сутки к 2022 году. Это позволит увеличить общий объем добычи на 70 млн баррелей.
Это стало возможным благодаря решению Правительства Республики Казахстан о продлении еще на 15 лет Договора о разделе продукции м. Дунга, первоначально подписанного в 1994 году и истекающего в 2024 году.
Для реализациия проекта потребуются инвестиции в объеме 300 млн долларов США и будут созданы еще 400 рабочих мест в регионе на пике строительства.
«Настоящий проект с незначительными капитоловложениями на баррель позволит максимально использовать потенциал месторождения и продлить период поддержания пикового уровня добычи», - сказал Арно Брёйяк, президент «Тоталь Разведка и Добыча» (Total E&P). «Этот новый этап разработки месторождения Дунга, вместе с продлением лицензии на разработку, позволит извлечь дополнительные запасы нефти в объеме 70 миллионов баррелей и внесет существенный вклад в развитие Казахстана».
Оператором м. Дунга является компания «Тоталь» (с долей 60%) совместно с партнерами «Оман Ойл Компани» (с долей 20%) и «Партекс» (с долей 20%).
«Тоталь» в Казахстане
«Тоталь» осуществляет деятельность в Казахстане с 1992г., и насчитывает 380 человек своего персонала по стране.
Группа «Тоталь» является одним из основных акционеров консорциума «Северо-Каспийский Проект», курирующего разработку крупного месторождения Кашаган (с долей 16,81%), и оператором месторождения Дунга (с долей 60%).
Также «Тоталь» расширяет свою дистрибьюторскую сеть в Центральной Азии для реализации смазочных материалов марки «Total», разрабатывает проекты по использованию возобновляемых источников энергии через дочернюю компанию «Тоталь Эрен» (Total Eren) и разрабатывает передовые технические решения по накоплению и сохранению энергии через свою дочернюю компанию «Saft».
О компании «Тоталь»
«Тоталь» является крупным игроком в производстве и реализации горюче-смазочных материалов, природного газа и низкоуглеродной электроэнергии. Наши 100 000 сотрудников постоянно стремятся к получению более качественной энергии - безопасной, конкурентной по цене, чистой и доступной для максимально возможного количества людей. Работая в более чем 130 странах мира, мы стремимся стать ответственным энергетическим гигантом.
Контакты «Тоталь»
Отдел по работе со средствами массовой информации:
+33 1 47 44 46 99 l presse@total.com l @TotalPress
Отдел по работе с инвесторами :
+44 (0)207 719 7962
Примечание
Настоящий пресс-релиз, который не может быть источником юридических последствий, предназначен только для информационных целей. Субъекты, в которых концерн «Тоталь» (Total S.A.) прямо или косвенно владеет инвестициями, являются отдельными юридическими лицами. Концерн «Тоталь» не несет ответственности за их действия или бездействие. В настоящем документе названия «Тоталь» и «Группа Тоталь» используются для удобства, когда имеется в виду концерн «Тоталь» и/или его дочерние компании. Аналогичным образом, слова «мы», «нас» и «наши» также могут использоваться для обозначения дочерних компаний в целом или тех, кто работает на них.
Настоящий документ может содержать прогнозную информацию и заявления, основанные на некоторых экономических данных и предположениях, сделанных в конкретной экономической, конкурентной и нормативной среде. Они могут оказаться неточными в будущем и могут быть подвержены некоторым факторам риска. Ни концерн «Тоталь», ни какие-либо ее дочерние компании не берут на себя каких-либо обязательств по публичному обновлению любой прогнозной информации или заявлений, целей или тенденций, содержащихся в данном документе в результате получения новой информации, будущих событий или чего-либо иного.