Пресс-релизы
Теңізшевройл деректер мен дәйектер. 2019 жылдың бірінші жартысы бойынша мәлімет Тенгизшевройл цифры и факты. Итоги первой половины 2019 года
Тарих/Қатысушылар:
- Әлемдегі ең терең және ірі мұнай кеніштерінің бірі болып саналатын Теңіз мұнай кеніші 1979 жылы ашылды.
- «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (әрі қарай - ТШО) 1993 жылы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасында жасалған келісім негізінде құрылды.
- ТШО-ның қазіргі кездегі серіктестері: «Шеврон» – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 20%, «ЭксонМобил Қазақстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛукАрко Б.К. » – 5%.
Өнім өндіру/Қорлар:
- Жалпы барланған қоры жөнінен Теңіз кенішінде 3,2 миллиард тонна (25,5 млрд. баррель), ал Королев кен алаңында 200 миллион тонна (1,6 млрд. баррель) шамасында мұнай бар деп есептеледі.
- Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 890 миллионнан 1,37 миллиард тоннаға дейінгі мөлшерді (7,1 - 10,9 миллиард баррель) құрайды.
- Теңіз коллекторының ені 20 шақырым (12 миль), ұзындығы 21 шақырым (13 миль).
- ТШО 2008 жылы Шикі газ айдау және Екінші буын зауыты (ШГА/ЕБЗ) жобасын аяқтап, нәтижесінде мұнай өндірудің тәуліктік көлемі шамамен 75 000 тоннаға немесе 600 000 баррельге, ал, табиғи газ 22 миллион текше метрге немесе 750 миллион текше футқа жетті.
- 2019 жылдың бірінші жартысында мұнай өндіру көлемі 14,96 миллион тоннаны (119,4 миллион баррель) құрады.
Денсаулық сақтау, өнеркәсіп қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
- 2000 жылдан бері ТШО табиғат қорғау шараларын іске асыруға 3,1 миллиард АҚШ доллар қаржы салған.
- 2000 жылдан бері өндірілген мұнайдың бір тоннасына шаққандағы атмосфераға жіберілген шығарындылардың көлемі 74%-ға азайды.
- 2019 жылдың бірінші жартысында ТШО өндірілген газдың 99%-ын кәдеге жаратты.
- 2019 жылдың бірінші жартысында ТШО-да суды қайта пайдалану көрсеткіші 30%-ды құрады. ТШО тұрмыстық ағын суларды кәдеге жарату, өндірістік мақсатта тазарту және қайта пайдалану арқылы суды үнемдеу бойынша іс-шараларды жүргізуді жалғастыруда.
- ТШО қалдықтардың 25-тен аса түрін қайта өңдеуге жібереді. 2019 жылдың бірінші жартысында ТШО-ның қалдықтарды қайта өңдеудің жалпы көрсеткіші 69%-ды құрады.
ТШО өнімінің өзге түрлері:
- 2019 жылдың бірінші жартысында ТШО сұйытылған газ сату көлемін шамамен 672 мың тоннадан асырып, құрғақ газ сату көлемін 4 миллиард текше метр, ал күкірт сату көлемін 1,3 миллион тоннаға жеткізді.
Қазақстан Республикасы үшін артықшылықтар:
- 1993 жылдан 2019 жылдың бірінші жартысына дейін ТШО-ның Қазақстан Республикасына тікелей қаржы төлемдері 141 миллиард АҚШ доллардан астам соманы құрады. Бұған ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
- 2019 жылдың бірінші жартысында Қазақстан Республикасына төленген тікелей төлемдердің көлемі 5,6 миллиард АҚШ доллардан асты.
- 2019 жылдың бірінші жартысында ТШО қазақстандық тауарлар мен қызметтерді пайдалануға 2,1 миллиард АҚШ доллардан астам қаржы жұмсады, оның 1,6 миллиард АҚШ доллардан астамы ККЖ-ҰЕҚБЖ аясында жұмсалды.
- 1993 жылдан бастап ТШО қазақстандық компаниялардың 30 миллиард АҚШ доллардан астам қаражатын құрайтын тауарлары мен қызметтерін пайдаланды.
Қызметкерлерді шыңдау:
- Қазіргі таңда ТШО-да жұмыс істейтін қазақстандық қызметкерлердің үлесі 1993 жылғы 50% көрсеткішпен салыстырғанда 81,2%-ды құрайды.
- ТШО-дағы жергілікті ұлттық басшылардың, жоғары және орта буын жетекшілерінің үлесі жалпы басшылық құрамның 62,6%-ын құрайды. Кадрларды оқыту және шыңдау жөніндегі тұрақты бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде жауапты басшылық лауазымдарға тағайындалған жергілікті қызметкерлер қатары көбейе түсуде.
Әлеуметтік салаға үлес:
- 1993 жылдан бастап ТШО өз қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардың игілігі үшін Атырау облысының әртүрлі әлеуметтік жобаларына 1,8 миллиард АҚШ доллардан астам қаржы жұмсады.
- «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасының 2019 жылғы бюджеті 25 миллион АҚШ долларын құрайды. Аталмыш қаржының негізгі үлесі Атырау облысында балабақшалар, мектептер және басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысына жұмсалады.
- 2019 жылы Атырау облысының денсаулық сақтау және білім беру салаларына қолдау көрсету мақсатында ТШО-ның әлеуметтік инвестициялар бағдарламасына 1 миллион АҚШ доллардан астам қаржы бөлінеді.
Келешек кеңею жобасы - Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы
Жалпы мағлұмат
- 2016 жылы ТШО Серіктестері Теңіз кен орнының өндірістік қуаттылығын арттырудың келесі кезеңі болып табылатын Келешек кеңею жобасы мен Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасын (ККЖ-ҰЕҚБЖ) қаржыландыруға қатысты қорытынды шешімнің қабылданғаны туралы хабарлады.
- ТШО-ның сәтті жүзеге асқан ШГА/ЕБЗ жобасының негізінде, ККЖ мұнай өндіру көлемін жылына шамамен 12 миллион тоннаға немесе тәулігіне 260 000 баррельге арттырмақ. Мұнай өндірудің жалпы көлемі жылына шамамен 39 миллион тоннаны немесе тәулігіне 850 000 баррельді құрайды.
- ҰЕҚБЖ кеніштегі ұңғы ернеуіндегі қысымды төмендетіп, өнім зауытқа жеткен кезде қолданыстағы алты технологиялық желінің кіреберісіндегі қысымды көтеру арқылы Теңіз кен орнындағы қолданыстағы зауыттарды толық қуатта ұстап тұратын болады.
История/Участники:
- Тенгизское нефтяное месторождение было открыто в 1979 году и является одним из крупнейших и самых глубоких нефтяных месторождений в мире.
- Товарищество с ограниченной ответственностью «Тенгизшевройл» (далее – ТШО) было сформировано 6 апреля 1993 года на основе соглашения между Республикой Казахстан и компанией «Шеврон».
- В настоящее время партнерами ТШО являются: «Шеврон» - 50%, АО НК «КазМунайГаз» - 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» - 25% и СП «ЛукАрко» - 5%.
Добыча/Запасы:
- Общие разведанные запасы Тенгизского коллектора составляют 3,2 миллиарда тонн (25,5 млрд. баррелей) и 200 миллионов тонн (1,6 млрд. баррелей) в Королевском месторождении.
- Извлекаемые запасы нефти Тенгизского и Королевского месторождений составляют от 890 миллионов до 1,37 миллиарда тонн (7,1 – 10,9 млрд. баррелей).
- Коллектор месторождения Тенгиз имеет ширину 20 км (12 миль) и длину 21 км (13 миль).
- В 2008 году ТШО завершил проект Закачки сырого газа и Завода второго поколения (ЗСГ/ЗВП), в результате которого суточная добыча нефти достигла приблизительно 75 000 тонн (600 000 баррелей) и суточное производство природного газа - 22 миллиона кубических метров (750 млн. кубических футов).
- В первой половине 2019 года объемы добычи сырой нефти составили 14,96 миллионов тонн (119,4 миллионов баррелей).
Охрана здоровья, промышленная безопасность и защита окружающей среды:
- С 2000 года ТШО инвестировал 3,1 миллиарда долларов США на реализацию природоохранных мероприятий.
- С 2000 года общий объем выбросов в атмосферу на тонну добытой нефти уменьшился на 74%.
- Показатель утилизации газа ТШО в первой половине 2019 года составил 99%.
- Общий показатель повторного использования воды в ТШО в первой половине 2019 года составил 30%. ТШО продолжает осуществлять меры по экономии водных ресурсов путем утилизации бытовых сточных вод, а также переработки и повторного использования в промышленных целях.
- ТШО передает более 25 видов отходов на переработку. Общая доля переработаных отходов в первой половине 2019 года составила 69%.
Реализация продукции:
- В первой половине 2019 года ТШО реализовал порядка 672 тысяч тонн сжиженного газа, 4 миллиарда кубических метров сухого газа, а также 1,3 миллиона тонн серы.
Преимущества для Республики Казахстан:
- С 1993 года по первую половину 2019 года прямые финансовые выплаты ТШО Республике Казахстан составили более 141 миллиарда долларов США, включая заработную плату казахстанским сотрудникам, закупки товаров и услуг отечественных товаропроизводителей и поставщиков, платежи государственным предприятиям, выплаты дивидендов казахстанскому партнеру, а также в виде налогов и роялти, перечисляемых в государственный бюджет.
- В первой половине 2019 года прямые выплаты Республике Казахстан составили более 5,6 миллиарда долларов США.
- В первой половине 2019 года ТШО приобрел товары и услуги казахстанских поставщиков на сумму более 2,1 миллиарда долларов США, включая более 1,6 миллиарда долларов США в рамках ПБР-ПУУД.
- С 1993 года ТШО закупил товаров и услуг казахстанских поставщиков на сумму более 30 миллиардов долларов США.
Развитие кадров:
- Доля штатных казахстанских сотрудников ТШО составляет 81,2% по сравнению с 50% в 1993 году.
- Доля казахстанских руководителей высшего и среднего звена составляет 62,6% от общего числа руководящего состава. В результате постоянно действующих программ обучения и развития кадров все больше сотрудников выдвигаются на более ответственные должности.
Вклад в социальную сферу
- С 1993 года ТШО направил более 1,8 миллиарда долларов США на финансирование различных социальных проектов для населения Атырауской области и сотрудников.
- В 2019 году бюджет добровольной социально-инфраструктурной программы «Игилик» составит 25 миллионов долларов США, основная часть которого будет направлена на строительство детских садов, школ и других социальных объектов в Атырауской области.
- В 2019 году ТШО выделит более 1 миллиона долларов США на поддержку здравоохранения и образования в Атырауской области в рамках Программы социальных инвестиций.
Проект будущего расширения - Проект управления устьевым давлением
Общие сведения
- В 2016 году партнёры ТШО объявили об утверждении окончательного решения о финансировании Проекта будущего расширения - Проекта управления устьевым давлением (ПБР-ПУУД), следующего этапа масштабного расширения производственных мощностей Тенгизского месторождения.
- Исходя из опыта успешной реализации проекта ЗСГ/ЗВП ТШО, ПБР увеличит объёмы производства примерно на 12 миллионов тонн в год или 260 000 баррелей в сутки. Общий объём производства составит порядка 39 миллионов тонн в год или 850 000 баррелей в сутки.
- ПУУД обеспечит полную загрузку перерабатывающих мощностей действующих на Тенгизе заводов путём снижения устьевого давления фонтанирующих скважин и повышения давления на входе шести действующих комплексных технологических линий.