Пресс-релизы » АО «КазТрансОйл»
«ҚазТрансОйл» АҚ тарихи ластанған жерлерді қалпына келтіруге 4,5 млрд теңге инвестициялады
АО «КазТрансОйл» инвестировало в восстановление исторически загрязненных земель 4,5 млрд тенге
Бүлінген жерлерді (тарихи ластануларды) қалпына келтіру жобасы аясында 2020 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының аумағында орналасқан «Өзен - Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырының 984-985 км бірінші учаскесіндегі 4 гектар жерді қалпына келтіру жұмыстарын орындады. Аталған табиғат қорғау іс-шарасына 1,2 млрд теңге бөлінді.
«Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбыры бойындағы тарихи ластануларды жою жұмыстары 2011 жылдан бастап жүргізілуде. Он жыл ішінде жалпы сомасы 4,5 млрд.теңгеге 20,07 гектар жер қалпына келтірілді.
2021 жылы «Өзен - Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырының 984-985 км екінші учаскесіндегі 4 гектар жерді қалпына келтіру жоспарлануда.
Тарихи ластанған жерлерді қалпына келтіру екі кезеңде жүзеге асырылады: техникалық және биологиялық. Қалпына келтірудің техникалық кезеңі мұнаймен ластанған топырақты алуды, шығаруды, ластанған топырақты кәдеге жаратуды, таза топырақты әкелуді және аумақты жоспарлауды көздейді. Биологиялық кезең техникалық кезең аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады және тыңайтқыштарды қолдану мен топырақты жақсартатын дақылдарды өсіру арқылы құнарлы топырақ қабатын табиғи деңгейге дейін қалпына келтіруден тұрады.
Анықтама:
«ҚазТрансОйл» АҚ - Қазақстан Республикасының магистральді мұнай құбырының ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың тобына кіреді. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа 5 бағыт бойынша тасымалдайды: «Атырау – Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (мұнайды танкерлерге құяды), темір жол (цистерналарға құяды), КҚК жүйесіне ауыстырып тиейді. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік нысандары Нұр-Сұлтан қ., Шымкент қ., Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы және Ақтөбе облыстарында орналасқан.
«ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және
ішкі коммуникациялар департаменті
В рамках проекта рекультивации нарушенных земель (исторических загрязнений) в 2020 году АО «КазТрансОйл» выполнило работы по восстановлению 4 гектаров земли на первом участке 984-985 км магистрального нефтепровода «Узень - Атырау - Самара», расположенном на территории Акжаикского района Западно-Казахстанской области. На данное природоохранное мероприятие было выделено 1,2 млрд тенге.
Работа по ликвидации исторических загрязнений вдоль магистрального нефтепровода «Узень – Атырау - Самара» проводится с 2011 года. За десять лет восстановлено 20,07 гектаров земли на общую сумму 4,5 млрд тенге.
В 2021 году планируется рекультивация 4 гектаров земли на втором участке 984-985 км магистрального нефтепровода «Узень - Атырау - Самара».
Рекультивация исторически загрязненных земель проводится в два этапа: технический и биологический. Технический этап рекультивации предусматривает снятие, выемку загрязненного нефтью грунта, утилизацию загрязненного грунта, завоз чистого грунта и планировку территории. Биологический этап выполняется после завершения технического и заключается в восстановлении плодородного слоя почвы до естественного уровня путем внесения удобрений и выращивания почвоулучшающих культур.
Справка:
АО «КазТрансОйл» - национальный оператор Республики Казахстан по магистральному нефтепроводу. Входит в группу АО НК «КазМунайГаз». Владеет диверсифицированной сетью магистральных нефтепроводов протяженностью 5,4 тыс. км. Транспортирует нефть на казахстанские нефтеперерабатывающие заводы и на экспорт по 5 направлениям: нефтепроводы «Атырау – Самара» и «Казахстан-Китай», порт Актау (налив нефти в танкеры), железная дорога (налив в цистерны), перевалка в систему КТК. Производственные объекты АО «КазТрансОйл» расположены в Нур-Султане, Шымкенте, Карагандинской, Павлодарской, Туркестанской, Северо-Казахстанской, Атырауской, Мангистауской, Западно-Казахстанской, Кызылординской, Алматинской и Актюбинской областях Казахстана.
Департамент по связям с общественностью и внутренним коммуникациям
АО «КазТрансОйл»