Пресс-релизы
Қазақстанның ауруханаларында инфекция профилактикасы және инфекциялық бақылау жағдайына талдау жүргізіледі
В больницах Казахстана проведут анализ ситуации по профилактике инфекций и инфекционному контролю
Алматы, 1 қыркүйек - Колумбия университетінің жанындағы ICAP орталығы «Шеврон» компаниясымен серіктестікте және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен бірлесіп, медициналық ұйымдарда инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау (ИПИБ) жағдайына сыртқы кешенді талдау жүргізеді.
31 тамыз бен 14 қазан аралығында жеті аптаның ішінде Қазақстанның госпитальдік эпидемиологиясы саласындағы жетекші мамандары кешенді талдау жүргізеді. ММСЖ қатысушылары болып табылатын ҚР-ның барлық медициналық мекемелері тексеруден өтеді.
Сарапшылар тобының әр мүшесі ДДСҰ инфекциялық бақылау, жағдайды талдау әдістемесі, этикалық түсінік, соның ішінде ақпараттандырылған келісім алу және талдауға қатысушылардың деректерін қорғау жөніндегі нұсқаулары бойынша оқудан өтті.
«Инфекциялық бақылау медициналық қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін керек. COVID-19 пандемиясы барысында инфекциялық бақылау жүйелерінің тиімділігі ерекше маңызға ие болып отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен инфекциялық бақылауға қатысты жағдайды талдау үшін біздің ұйым бүкіл Қазақстан бойынша 81 аурухананы, соның ішінде мемлекеттік стационарлар мен жекеменшік емханаларды, сондай-ақ аудандық деңгейдегі ауруханаларды іріктеді», – дейді Анна Дерябина, Орталық Азиядағы Колумбия университетінің жанындағы ICAP Директоры.
Инфекция профилактикасы және инфекциялық бақылау – бұл пациенттер мен денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің ауру жұқтырып алуына жол бермеуге бағытталған практикалық, ғылыми негізделген тәсілдеме.
Талдаудың мақсаты инфекциялық бақылауды, соның ішінде COVID-19 пандемиясы жағдайында, жүйелі түрде жақсарту үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әдіснамасы бойынша қазіргі жағдайға баға беру.
«Денсаулық сақтау саласы «Шеврон» компаниясының әлеуметтік инвестицияларының басты бағыттарының бірі болып отыр. Біз әрқашан өмір сүру деңгейін жақсартуға ғана емес, сондай-ақ өзіміз жұмыс істейтін қоғамдастықтарға көмектесуге ұмтыламыз. Өткен жылы біз ICAP ұйымымен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірге COVID-19 инфекциясымен күресу үшін Қазақстанға дәрі-дәрмек, ЖҚҚ мен медициналық жабдық жеткізуді ұйымдастыру бойынша үлкен жұмыс жүргіздік», - деп ойын бөлісті «Шеврон» компаниясының өкілі Лейла Айтмуханова.
Талдау міндеттеріне инфекциялық бақылауға қатысты ағымдағы жағдайды: оқудан өткен кадрлардың, қажетті құжаттардың болуын, медицина қызметкерлерінің инфекциялық бақылауды қамтамасыз ету үшін тиісті әрекет жасауына тұрақты және жүйелі бақылау жасалуын, сондай-ақ медициналық мекемелердің бар қырларының ДДСҰ ұсыныстарына сәйкестігін сипаттау кіреді. Бұдан басқа, COVID-19 пандемиясы жағдайында инфекциялық бақылауды жүзеге асыруға байланысты медициналық ұйымдар тап болып отырған қиындықтар мен кемшіліктер анықталады.
Талдау екі кезеңмен жүргізіледі:
1) стационарлардың өзін-өзі бағалауға арналған онлайн сауалнаманы өз бетімен толтыруы
2) инфекциялық бақылау мамандары тобының стационарларға барған кезде орын-орындағы жағдайды талдауы.
«Медициналық ұйымның бұл талдауға қатысудан алатын негізгі артықшылығы –Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен, соның ішінде ұлттық аккредитация шеңберінде инфекциялық бақылаудың заманауи әдістерін ендіру бойынша тәжірибелік және әдістемелік көмек. Сонымен қатар, қызметкерлердің 2022 жылы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының базасында инфекциялық бақылау бойынша мамандандырылған оқу курсының шеңберінде тегін оқудан өтіп, халықаралық деңгейде мойындалған бағдарлама бойынша сертификат алуға мүмкіндігі болады», – деп атап өтті Анна Дерябина.
Медициналық жәрдем көрсетуге байланысты инфекциялар, немесе ауруханаішілік инфекциялар (АІИ), медициналық қызмет көрсету кезіндегі ең кең тараған жанама құбылыстардың қатарына жатады. Олар қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің күрделі проблемасы болып саналады және ауру-сырқаулық, өлім-жітім деңгейі мен өмір сүру сапасына әсер етеді. ДДСҰ деректері бойынша, дамыған елдерде ауруханаға жатқызылған адамдардың 7%-ына дейінгі бөлігі кез келген уақытта кем дегенде бір АІИ жұқтырады, ал дамушы елдерде бұл көрсеткіш 10%-ға жетеді. Дегенмен, инфекциялық бақылаудың тиімді тәжірибесін іске асыру жолымен АІИ үлкен пайызының алдын алуға болады.
Анықтама үшін:
ICAP халықаралық ұйымы – АҚШ, Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университетінің Мэйлман атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің жанындағы орталық. Орталық жұмысының негізгі мақсаты отбасылар мен қоғамдастықтардың денсаулығын жақсарту болып табылады. Бүгінде ICAP ұйымы денсаулық сақтау жүйелерін нығайту бойынша әлемнің 30-дан астам елінде Денсаулық сақтау министрліктеріне консультация-әдістемелік, соның ішінде медицина қызметкерлерін оқыту, денсаулық сақтау саласында инновациялық тәсілдемелерді әзірлеу мен ендіру және кең ауқымды зерттеу жобаларын іске асыру жағынан көмек көрсететін аса ірі халықаралық ұйымдардың бірі болып табылады.
«Шеврон» – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. "Шеврон" мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Көміртек шығарындылары төмен болашақ құру үшін біз көміртек өндірісін тиімді төмендетуге, жаңғырмалы энергия көздерінің көлемдерін арттыуға, сонымен қатар төмен көрміртекті коммерциялық мақсаттағы технологияларға инвестициялауға ерекше назар аударамыз.
Байланыс жасайтын тұлға: Аида Абдрахманова, Алматыдағы Колумбия университетінің жанындағы ICAP ұйымы
Тел.: +7 777 163 98 73
Электрондық поштасы: aa4780@cumc.columbia.edu
Алматы, 1 сентября - В партнерстве с компанией «Шеврон» центр ICAP при Колумбийском университете совместно с Национальным центром общественного здравоохранения Министерства здравоохранения РК проведет внешний комплексный анализ ситуации по профилактике инфекций и инфекционному контролю (ПИИК) в медицинских организациях.
В течение семи недель с 31 августа по 14 октября комплексный анализ проведут ведущие специалисты Казахстана в области госпитальной эпидемиологии. Все медицинские учреждения РК, являющиеся участниками системы ОСМС, пройдут проверку.
Каждый член группы экспертов прошел обучение по рекомендациям ВОЗ по инфекционному контролю, методике проведения ситуационного анализа, этических соображений, включая процедуру получения информированного согласия и защиту данных участников анализа.
«Инфекционный контроль нужен для обеспечения безопасности и высокого качества медицинских услуг. В период пандемии COVID-19 эффективность систем инфекционного контроля приобретает особую значимость. По инициативе Министерства здравоохранения для анализа ситуации с инфекционным контролем нашей организацией были отобраны 81 больница по всему Казахстану, включая государственные стационары и частные клиники, а также больницы на районном уровне», – рассказывает Анна Дерябина, Директор ICAP при Колумбийском университете в странах Центральной Азии.
Профилактика инфекций и инфекционный контроль – это практический, научно обоснованный подход, направленный на предотвращение заражения пациентов и работников здравоохранения.
Целью анализа является измерение текущей ситуации по методологии Всемирной организации здравоохранения для системного улучшения инфекционного контроля, в том числе в условиях пандемии COVID-19.
«Здравоохранение является одним из приоритетных направлений для социальных инвестиций «Шеврона». Мы всегда стремимся не только улучшить уровень жизни, но и помочь тем сообществам, в которых работаем. В прошлом году вместе с ICAP и Министерством здравоохранения мы провели большую работу по организации доставки медикаментов, СИЗов и медицинского оборудования в Казахстан для борьбы с COVID-19», - делится Лейла Айтмуханова, представитель компании «Шеврон».
В задачи анализа входит описание текущей ситуации с инфекционным контролем: наличия обученного персонала, необходимых документов, регулярного и систематического контроля за выполнением медработниками действий для обеспечения инфекционного контроля, а также соответствие других аспектов медучреждений рекомендациям ВОЗ. Помимо этого, будут выявляться сложности и недостатки, с которыми сталкиваются медицинские организации с осуществлением инфекционного контроля в условиях пандемии COVID-19.
Анализ проведут в два этапа:
1) самостоятельное заполнение стационарами онлайн анкеты для самооценки
2) анализ ситуации на месте, проводимый группой специалистов по инфекционному контролю при посещении стационаров.
«Основные преимущества участия в данном анализе для медицинской организации – получение практической и методической помощи по внедрению современных методов инфекционного контроля при поддержке Министерства Здравоохранения, в том числе в рамках национальной аккредитации. У сотрудников также будет возможность бесплатно пройти обучение в 2022 году в рамках специализированного обучающего курса по инфекционному контролю на базе Национального центра общественного здравоохранения с получением сертификата по международно признанной программе», – отмечает Анна Дерябина.
Инфекции, связанные с оказанием медицинской помощи, или внутрибольничные инфекции (ВБИ) входят в число наиболее распространенных побочных явлений при предоставлении медицинских услуг. Они являются серьезной проблемой в сфере общественного здравоохранения, оказывающей влияние на уровень заболеваемости, смертности и качества жизни. По данным ВОЗ, в любой момент времени до 7% госпитализированных в развитых и 10% в развивающихся странах подвергаются заражению, как минимум, одной ВБИ. Тем не менее, большой процент ВБИ можно предотвратить путем реализации эффективных практик в области инфекционного контроля.
Для справки:
Международная организация ICAP – центр при школе общественного здравоохранения им. Мэйлмана Колумбийского университета в г. Нью-Йорк, США. Основной целью работы центра является улучшение здоровья семей и сообществ. На сегодняшний день ICAP является одной из крупнейших международных организаций, оказывающих консультационно-методическую помощь Министерствам здравоохранения в более 30 странах мира по вопросам усиления систем здравоохранения, включая обучение медицинских работников, разработку и внедрение в практику инновационных подходов в сфере здравоохранения и выполнение крупномасштабных исследовательских проектов.
«Шеврон» – одна из ведущих интегрированных энергетических компаний мира. Мы считаем, что доступная, надежная и чистая энергия имеет важное значение для построения более процветающего и устойчивого мира. «Шеврон» добывает нефть и природный газ, производит транспортное топливо, ГСМ и нефтехимию, а также разрабатывает технологии, которые улучшают наш бизнес и отрасль. Чтобы продвигать будущее с более низким уровнем выбросов углерода, мы сосредоточены на экономически эффективном снижении углеродоемкости, увеличении объемов возобновляемых источников энергии, а также инвестируем в низкоуглеродные технологии коммерческого назначения.
Контактное лицо: Аида Абдрахманова, ICAP при Колумбийском университете в Алматы
Тел.: +7 777 163 98 73
Электронная почта: aa4780@cumc.columbia.edu