Пресс-релизы
Атырау облысында 580 орындық мектеп пайдалануға берілді
В Атырауской области введена в эксплуатацию школа на 580 мест
2021 жыл 1 қыркүйек, АТЫРАУ - Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында 580 орындық жаңа мектеп есігін айқара ашты. Білім күніне орай, қала тұрғындарына мұндай сыйды «Теңізшевройл» ЖШС (бұдан әрі - ТШО) өзінің «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалар бағдарламасынегізінде жасады.
Жаңа мектепте оқушылар жалпы оқу бағдарламасы бойынша білім алып қана қоймай, сонымен бірге өздерінің шығармашылық қабілеттерін де дамытуға мүмкіндік алады. Ғимаратта керамика, металл мен ағаш өңдеу шеберханаларына, маталарды өңдеуге, тамақ дайындауға арнайы орын бөлінген және олар толықтай жабдықталған.
«Бүгінгі күн Жылыойлықтар үшін өте маңызды болмақ. Себебі, Қазақстан Респбуликасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында бүгін көптен күткен білім ордасы №6 жалпы мектептің жаңа ғимаратының құрылысы толықтай аяқталып, халық игілігіне табыс етіледі. Осыған орай Сіздерді жаңа оқу жылында жаңа мектептің ашылу салтанатымен шын жүректен құттықтаймын! Оқушыларға осындай мүмкіншіліктерді қолдана отырып - жақсы оқып, белсенді және қайратты, адал және жауапты болуын тілеймін»,- деді Халел Жамалов, Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі.
«Теңізшевройл» ЖШС Жылыой ауданы мен Құлсары қаласының дамуына ерекше назар аударады. ТШО-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиевтің айтуынша, «Игілік» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған барлық жобалардың шамамен 60 пайызы Жылыой ауданына тиесілі.
«Біз компания ретінде де, қызметкер ретінде де жергілікті қоғамдастықтың ажырамас бөлігі болып табыламыз. ТШО басшылығы үшін Жылыой ауданы қашан да басты назарда, өйткені Теңіз кенішінде жұмыс істейтіндердің басым бөлігі осы жерде тұрады. Біз «Игілік» бағдарламасының кезекті жобасының табысты аяқталғанына және Құлсары қаласы тұрғындарына қызмет ететініне қуаныштымыз. Болашақта осы мектеп түлектерінің табыстарын сіздермен бірге көрейік », - деді ашылу салтанатында сөз алған Рзабек Артығалиев.
Бүгінде 63 мыңға жуық тұрғыны бар Құлсары қаласында 13 жалпы білім беру мекемесі жұмыс істейді. Бес жылдық «Атырау Бонус қоры» бағдарламасын алмастырған «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалар бағдарламасы өз жұмысын 1998 жылы бастады. Содан бері «Игілік» бағдарламасының жылдық бюджеті сатылап көбейіп келеді. Мәселен, 2021 жылы 30 миллион АҚШ долларын бөлді. Қаражаттың негізгі бөлігі балабақшалар, мектептер және Атырау облысы тұрғындарының игілігіне арналған басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысына бағытталатын болады. «Игілік» бағдарламасы бойынша 130-дан астам жоба жүзеге асырылды.
«Теңізшевройл» ЖШС – шикі мұнай, сұйық және құрғақ газ, сонымен бірге күкірт өндірумен және өткізумен айналысатын қазақстандық компания. Жұмыстардың барлығы қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық талаптарға сай жүргізілуде. «Теңізшевройл» ЖШС 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы келісім негізінде құрылды. «Теңізшевройл» ЖШС-нің қазіргі кездегі серіктестері: «Шеврон» корпорациясы – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛукАрко» – 5%.
Келешек кеңею жобасы (ККЖ) мен Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ҰЕҚБЖ) – «Теңізшевройл» ЖШС бір мезгілде жүзеге асыратын біріктірілген екі жоба. ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кен орнындағы мұнай өндіру көлемін жылына шамамен 12 млн тоннаға немесе тәулігіне 260 мың баррельге арттыруға мүмкіндік береді және осының нәтижесінде өндіріс көлемі жылына шамамен 39 млн тоннаны немесе тәулігіне 850 мың баррельді құрайды. ККЖ өндіріс қуаттылығын арттыруға бағытталса, ҰЕҚБЖ ұңғыма ернеуіндегі қысымды азайту және қолданыстағы алты кешенді технологиялық желідегі қысымды арттыру арқылы Теңіздегі ағымдағы зауыттардың толыққанды жұмысын қамтамасыз етеді.
1 сентябрь 2021 г., АТЫРАУ – В г. Кульсары Жылыойского района Атырауской области распахнула свои двери новая школа на 580 мест. Такой подарок подарок в День знаний жителям города сделало ТОО «ТЕНГИЗШЕВРОЙЛ» (далее - ТШО) в рамках своей добровольной программы социальных инфраструктурных проектов «Игілік».
В новой школе ученики смогут не только получить знания по общей программе обучения, но и воспользуются возможностью для развития своих творческих навыков. В здании выделены и оснащены мастерские керамики и по обработке металла и дерева, кабинеты по обработке тканей и кулинарии.
"Сегодняшний день особенно важен для жителей Жылыойского района. В канун 30-летия Независимости Республики Казахстан завершено строительство и передано в пользование жителей района новое здание школы №6. От всей души поздравляю вас с открытием новой школы и началом нового учебного года! Желаю студентам использовать полученные возможности во благо: хорошо учиться, быть активными, честными и ответственными", - подчеркнул Халел Жамалов, Аким Жылыойского района Атырауской области.
ТОО «Тенгизшевройл» уделяет особое внимание развитию Жылыойского района и города Кульсары. По словам Рзабека Артыгалиева, генерального менеджера ТШО по связям с правительством и общественностью, на долю Жылыойского района приходится около 60% всех реализованных по программе «Игілік» проектов.
«Мы, и как компания, и как работники, являемся неотъемлемой частью местного сообщества. Для руководства ТШО, Жылыойский район остается в центре внимания, так как здесь проживает большинство работников Тенгизского месторождения. Мы рады, что очередной проект программы «Игілік» успешно завершен и послужит на пользу жителям города Кульсары, а мы с вами станем свидетелями будущих успехов выпускников этой школы», — отметил г-н Артыгалиев, обращаясь к собравшимся на церемонию открытия ученикам и родителям.
Для почти 63 тысячного населения города Кульсары на сегодняшний день функционирует 13 общеобразовательных учреждения. Добровольная программа социальных инфраструктурных проектов «Игілік» получила свое начало в 1998-м году, заменив пятилетнюю программу «Бонус Фонд Атырау». С начала реализации ежегодный бюджет программы «Игілік» последовательно увеличивается. В течении 2021 года ТШО выделит 30 млн долларов США. Основная часть средств будет направлена на строительство детских садов, школ и других социальных объектов во благо населения Атырауской области. Всего по пограмме «Игілік» было завершено более 130 проектов.
ТОО «Тенгизшевройл» осуществляет разработку, производство и сбыт сырой нефти, газа и серы. Все работы ведутся в соответствии с мировыми стандартами требований по технике безопасности и экологии. ТОО «Тенгизшевройл» было образовано в 1993 году Республикой Казахстан и корпорацией «Шеврон». Партнерами ТОО «Тенгизшевройл» на данный момент являются корпорация «Шеврон» - 50%, «КазМунайГаз» – 20%, «ЭксонМобил 25% и «ЛукАрко» - 5%.
Проект будущего расширения (ПБР) и Проект управления устьевым давлением (ПУУД) - это два интегрированных проекта, реализуемые ТШО одновременно. Реализация ПБР позволит увеличить объем добычи нефти на Тенгизском месторождении примерно на 12 млн тонн в год или 260 тыс. баррелей в сутки, и в результате составит около 39 млн тонн в год или 850 тыс. баррелей в сутки. Реализация ПБР направлена на расширение производственных мощностей, а ПУУД обеспечит полную загрузку перерабатывающих мощностей действующих на Тенгизе заводов путём снижения устьевого давления и повышения давления на шести действующих комплексных технологических линиях.