Новости 2023
Апрель 2022«ҚазМұнайГаз»

Нұр-Сұлтан қ.
Құрманғазы Есқазиев «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен Құрманғазы Орынғазыұлы Есқазиев «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Алик Айдарбаевтың Басқарма төрағасы ретіндегі өкілеттігі берген өтініші бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Құрманғазы Орынғазыұлы Есқазиев В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының мұнай факультетін геолог-тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірді. 2006 жылы Томск политехникалық университетінде диссертация қорғап, «геология-минералогия ғылымдарының кандидаты» біліктілік дәрежесіне ие болды. 2021 жылы И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінде диссертация қорғап, «геология-минералогия ғылымдарының докторы» ғылыми дәрежесіне иемденді. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2015 ж.), И.М.Губкин атындағы Ресей мұнай және газ мемлекеттік университетінің «Мұнай мен газды іздеу-барлау» кафедрасының профессоры.
Еңбек жолын 1985 жылы «Эмбанефть» өндірістік бірлестігінде оператор-коллектор болып бастады. Онда операторлықтан бастап «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорына дейінгі өндірістік қызметтің барлық сатысынан өтті.
2006 - 2008 жылдар аралығында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ геология және игеру департаменті директорының орынбасары, директоры болды.
2008 жылдан бастап 2015 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да мұнай және газ өндіру жөніндегі атқарушы директор, геология, геофизика және резервуарлар жөніндегі басқарушы директор, бас геолог, Басқарма төрағасының геология және келешек жобалар жөніндегі орынбасары, операциялық емес активтер (Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ) жөніндегі басқарушы директор, геология жөніндегі басқарушы директор қызметтерін атқарды.
2015 жылдың қыркүйегінен 2018 жылға дейін – «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы), «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы).
2018-2020 жылдар аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнай сервисі жөніндегі орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының геология және барлау жөніндегі орынбасары болып қызмет етті.
2020 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы).
2022 жылдың ақпанынан «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары.
г. Нур-Султан
Курмангазы Исказиев назначен и.о. председателя Правления АО НК «КазМунайГаз»
Решением Правления АО «Самрук-Қазына» Исказиев Курмангазы Орынгазиевич назначен и.о. председателя Правления АО НК «КазМунайГаз» (далее – КМГ). Полномочия Алика Айдарбаева в качестве председателя Правления прекращены досрочно согласно поданному заявлению.
Исказиев Курмангазы Орынгазиевич окончил нефтяной факультет Казахского политехнического института им. В.И.Ленина по специальности горный инженер-геолог. В 2006 году защитил в Томском политехническом университете диссертацию с присвоением квалификации «кандидат геолого-минералогических наук». В 2021 году в Российском государственном университете нефти и газа им. И.М. Губкина защитил диссертацию с присвоением ученой степени «доктора геолого-минералогических наук». Лауреат Государственной премии РК в области науки и техники им. Аль-Фараби (2015 г.).
Трудовую деятельность начал в 1985 году в производственном объединении «Эмбанефть», где в последующем прошел все ступени производства от оператора до генерального директора АО «Эмбамунайгаз».
С 2006 по 2008 гг. занимал должности заместителя директора департамента геологии и разработки, директора департамента геологии и разработки АО «Разведка Добыча «КазМунайГаз».
С 2008 по 2015 гг. работал в АО НК «КазМунайГаз» исполнительным директором по добыче нефти и газа, управляющим директором по геологии, геофизике и резервуарам, главным геологом, заместителем председателя Правления АО «НК «КазМунайГаз» по геологии и перспективным проектам, управляющим директором по неоперационным активам (Тенгиз, Кашаган, Карачаганак), управляющим директором по геологии.
С 2015 по 2018 гг. – генеральный директор (председатель Правления) АО «Эмбамунайгаз», генеральный директор (председатель Правления) АО «Разведка и Добыча «КазМунайГаз».
С 2018 по 2020 гг. – заместитель председателя Правления АО НК «КазМунайГаз» по разведке, добыче и нефтесервисам, заместитель председателя Правления АО НК «КазМунайГаз» по геологии и разведке.
С 2020 года - генеральный директор (председатель Правления) АО «Разведка и Добыча «КазМунайГаз».
С февраля 2022 года – заместитель председателя Правления АО НК «КазМунайГаз по разведке и добыче.