Новости 2019
Сентябрь 2019КМГ и ЛУКОЙЛ
2019 жылдың 20 қыркүйегінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев және «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ Президенті Вагит Алекперов Қазақстан Республикасы аумағында бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы келісімге қол қойды. Қол қою рәсімі В. Алекперовтың Алматы қаласына сапары барысында орын алды.
Қос компания ынтымақтастықтың негізгі шарттары бойынша келісіп, Қазақстан Республикасы аумағындағы кейбір учаскелердің көмірсутекті әлеуетін бағалау мақсатында бірлескен геологиялық зерттеу жүргізуге дайын екендігін білдірді.
«ҚазМұнайГаз бен ЛУКОЙЛ-ды өзара тиімді серіктестік қатынастар байланыстырады. Бүгін қол қойылған келісім – осы серіктестігімізді ілгерілетудің келесі қадамы. Қос компанияның тәжірибесі мен жігерінің ұштасуы бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізуге және еліміздегі мұнай-газ саласының тұрақты дамуына оң әсерін тигізетініне сенімдімін», - деді А. Айдарбаев.
ҚМГ мен ЛУКОЙЛ «Қарашығанақ», «Теңіз», «Құмкөл» ірі мұнай жобалары, сонымен қатар «Каспий Құбыр Консорциумы» мұнай тасымалдау жобасы бойынша стратегиялық серіктестер болып табылады. Айта кетейік, 2019 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, ҚМГ және ЛУКОЙЛ арасында «Жеңіс» теңіз жобасында көмірсутегі шикізатын барлау және өңдеу туралы келісімшартқа, ал маусым айында «I-P-2» жобасы бойынша Қағидаттар туралы келісімге қол қойылды.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ - көмірсутектерді барлау, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау бойынша қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ акцияларының 90,42%-ы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға және 9,58%-ы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне тиесілі.
«ЛУКОЙЛ» ЖАҚ - дүниежүзі бойынша тігінен біріктірілген әрі жеке меншік жетекші мұнай-газ компанияларының бірі. Оның үлесіне әлемдік мұнай өндірудің 2%-нан астам көлемі және дәлелденген көмірсутек қорының шамамен 1%-ы тиесілі.
20 сентября 2019 года председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» (далее – КМГ) Алик Айдарбаев и Президент ПАО «ЛУКОЙЛ» (далее – ЛУКОЙЛ) Вагит Алекперов подписали Соглашение о совместных исследованиях участков на территории Республики Казахстан. Документ подписан в рамках визита В. Алекперова в г. Алматы.
Обе компании согласовали основные условия сотрудничества и выразили готовность в совместном геологическом исследовании с целью оценки углеводородного потенциала некоторых участков на территории Республики Казахстан.
«КазМунайГаз и ЛУКОЙЛ связывают взаимовыгодные партнерские отношения. Подписанное сегодня соглашение - это очередной шаг в развитии нашего сотрудничества. Уверен, объединение усилий и накопленного опыта обеих компаний будет способствовать более эффективной работе при проведении совместных исследований и дальнейшему устойчивому развитию нефтегазового сектора Казахстана в целом», - отметил А. Айдарбаев.
КМГ и ЛУКОЙЛ являются стратегическими партнерами в крупных проектах Карачаганак, Тенгиз, Кумколь, а также в нефтетранспортном проекте «Каспийский трубопроводный консорциум». В апреле 2019 года между Министерством энергетики Республики Казахстан, КМГ и ЛУКОЙЛ был подписан контракт на разведку и добычу углеводородного сырья на морском участке «Женис». В июне 2019 года подписано Соглашение о принципах по проекту «I-P-2».
АО «Национальная компания «КазМунайГаз» - казахстанский национальный оператор по разведке, добыче, переработке и транспортировке углеводородов. 90,42% акций АО НК «КазМунайГаз» принадлежит АО «Фонд национального благосостояния «Самрук-Казына», 9,58% – Национальному банку Республики Казахстан.
ПАО «ЛУКОЙЛ» - одна из крупнейших частных публичных вертикально интегрированных нефтегазовых компаний в мире, на долю которой приходится более 2% мировой добычи нефти и около 1% доказанных запасов углеводородов.