Новости 2021
Август 2021КМГ
2021 жылғы 9 тамызда Caspian Drilling Company Ltd. (СDС) теңіз және логистикалық базасында алғашқы қазақстандық «Сәтті» өздігінен көтерілетін қалқымалы бұрғылау қондырғысының теңізге шығуының салтанатты рәсімі болып өтті.
«Бүгін қазақстандық мұнай сервистік қызметі нарығы үшін тарихи күн болып саналады. CDC, British Petroleum сияқты компаниялармен орнаған ынтымақтастығымыз халықаралық тәжірибе алмасуға ғана емес, сонымен қатар әлемдік стандарттар бойынша сапалы қызметтер көрсететін Қазақстанның мұнай сервистік қызметтер нарығын бәсекеге қабілетті сала ретінде көрсетуге мүмкіндік бермек», - деді «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай сервисі және көмірсутек шикізатын кәдеге жарату жобалары департаментінің директоры Асхат Дүйсалиев.
«Сәтті» қондырғысының модификациясы 2021 жылғы маусымда аяқталды. Бұл жұмыстар оның техникалық сипаттамасын жақсартып, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік берді. Айталық, қондырғының жүк көтеру қабілеті 453 тоннадан 680 тоннаға дейін ұлғайтылды. Қазіргі уақытта қондырғы тереңдігі 6 000 метрден асатын мұнай-газ ұңғымаларын тиімді бұрғылай алады. «Сәтті» Каспий теңізінің әзербайжандық секторындағы Shallow Water Absheron Peninsula (SWAP) жобасында пайдаланылатын болады. Жоба операторы – British Petroleum Absheron Limited.
«Сәтті» бұрғылау қондырғысы — әлемдік стандарттар бойынша толығымен Қазақстанда жасалған алғашқы бұрғылау қондырғысы. Бұған дейін ҚМГ мен SOCAR компаниялары Өзара түсіністік туралы меморандумға, сондай-ақ қондырғыны бірлесіп пайдалануды көздейтін Бірлескен қызмет туралы келісімге қол қойды. Бұрғылау қондырғысы ҚМГ еншілес мекемесі «KMG Drilling & Services» ЖШС-не тиесілі, ал қондырғыны басқаруды CDC компаниясы жүзеге асырады.