Новости 2022
Январь 2022КазМунайГаз
Маңғыстау облысындағы Өзен кен орнынан жан-жақты барлау барысында жаңа мұнай шоғыры табылды. Осының нәтижесінде шығарылатын мұнай қорының өсімі 39,9 млн тоннаны құрайды.
Көмірсутек қорының өсімі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ экономикалық көрсеткіштеріне елеулі әсер етеді.
2017 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС және «Ақтау қаласындағы ҚМГ Инжиниринг» филиалының геологтар тобы Өзен кен орнын жете барлаудың егжей-тегжейлі бағдарламасына бастамашы болды. Осы бағдарлама шеңберінде 2017-2021 жылдары ішінде жоғары көрсеткішті сейсмобарлау 3D түсірілімі (368 шаршы км) жүргізілді, барлық ұңғыма қорына қайта талдау жасалды (7500-ден астам), геологиялық тұжырымдамасы қайта қаралды және геологиялық 3D-үлгісі қайта құрастырылды.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде кен орнының құрылымы нақтыланды және жаңа мұнай шоғыры табылды. Атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша Өзен кен орнының мұнай қоры 8%-ға ұлғайды, бұл өз кезегінде шығарылатын қордың 39,9 млн тоннасын құрап отыр.
Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссиясы көмірсутектің нақтыланған көлемін 2021 жылдың соңында балансына қабылдады.
Қазіргі уақытта жаңа қорды есепке алу және оларды өндіруді жоспарлау мақсатында кен орынды игеру жобасына түзету енгізілуде.
Анықтама:
«Өзенмұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 100 пайыз еншілес компаниясы. 2020 жылы кәсіпорынға Қазақстандағы мұнай және газ конденсатын өндіру құрылымында 6%-ы тиесілі болды. Кәсіпорын Маңғыстау облысындағы Өзен және Қарамандыбас кен орындарында мұнай және газ конденсатын өндіреді.
Өзен кен орны – Қазақстан Республикасында ғана емес, сонымен қатар әлем бойынша бірегей бастапқы геологиялық қоры бар ең ірі кен орындарының бірі болып табылады. Бұл құрылымы күрделі көпқабатты кен орны, оның мұнай мен газ шоғырлары юра-бор шөгінділерінің терригендік бөлінісінде орналасқан.
На месторождении Узень в Мангистауской области путем доразведки обнаружены новые залежи нефти. В результате прирост извлекаемых запасов нефти составил 39,9 млн тонн.
Прирост запасов углеводородов значительно повлияет на экономические показатели АО НК «КазМунайГаз».
В 2017 году команда геологов АО НК «КазМунайГаз», АО «Озенмунайгаз», ТОО «КМГ Инжиниринг» и филиала «КМГ Инжиниринг в г.Актау» инициировала детальную программу доразведки месторождения Узень. В рамках этой программы в течение 2017-2021 годов проведена высокоразрешающая сейсморазведочная съемка 3D (368 кв.км.), переинтерпретирован весь фонд скважин (более 7500), пересмотрена геологическая концепция и перестроена геологическая 3D-модель.
По результатам проведенных работ детализировано строение месторождения и обнаружены новые залежи нефти. В итоге проведенной работы запасы нефти месторождения Узень увеличились на 8%, что в количественном выражении составляет 39,9 млн тонн извлекаемых запасов.
Уточненные объемы углеводородов в конце 2021 года приняты на баланс Государственной комиссией по запасам Республики Казахстан.
В настоящий момент производится корректировка проекта разработки месторождения с целью учета новых запасов и планирования ввода их в добычу.
Справочно:
АО «Озенмунайгаз» - 100-процентная дочерняя компания АО НК «КазМунайГаз». В 2020 году предприятие занимало 6% в структуре добычи нефти и газоконденсата в Казахстане. Предприятие занимается добычей нефти и газоконденсата на месторождениях Узень и Карамандыбас в Мангистауской области.
Месторождение Узень – одно из крупнейших месторождений с уникальными начальными геологическими запасами не только в Республике Казахстан, но и во всем мире. Это многопластовое месторождение со сложным строением, залежи нефти и газа, которых сосредоточены в терригенном разрезе юрско-меловых отложений.