Пресс-релизы
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Ten Qogam» мобильді қосымшасы пайда болды
В Казахстане появилось мобильное приложение для лиц с инвалидностью «Ten Qogam»
Солтүстік Қазақстан облысы, 14 желтоқсан - «АРДОС-Жүрек» мүгедектер бірлестігі» ЗТБ мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Ten Qogam» мобильді қосымшасын таныстырды. Қосымша Қазақстанның барлық өңірлеріндегі мүгедектігі бар адамдар үшін құқықтар, жеңілдіктер, оқыту, жұмыспен қамту және басқа да көптеген мәселелер туралы өзекті жүйеленген нақты ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Жобаны «Шеврон» компаниясымен серіктестікте Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) әзірлеген «Qolda 3.0» жедел көмек бағдарламасы аясында жүзеге асыруда.
Солтүстік Қазақстан облысында 26 000-нан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Технологиялардың қарыштап дамуына қарамастан, осы адамдар үшін қажетті ақпаратты қамтыған сапалы мобильді қосымшалар мен сайттар әлі де жоқ. Жоба командасы мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттарына арналған қазақ және орыс тілдерінде «Ten Qogam» мобильді қосымшасын әзірледі.
«АРДОС-Жүрек» мүгедектер бірлестігінің директоры Ақжан Кәрім атап өтеді:
«Бұл қосымша мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне заңдардағы соңғы өзгерістер мен мәдениет объектілерінің қолжетімділігі туралы хабардар болуға мүмкіндік береді. Қосымша арқылы инватакси қызметтерін пайдалану, азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізуге тапсырыс беру мүмкіндігі пайда болды».
Қосымшада келесі блоктар бойынша өзекті ақпарат бар: құқықтар, жеңілдіктер, оқыту, жұмыспен қамту, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл және т. б. Барлық ақпарат кез-келген құрылғыдан кіруге ыңғайлы болу үшін https://tenqogam.kz/ сайтында қайталанады. Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары үшін өзекті ақпаратты қамтитын «Қызметтер және сервис» қосымша бетін барлық облыстарға кеңейту жоспарлануда.
Мобильді қосымшаны әзірлеуге халықты жұмыспен қамту орталығы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, «Нұр Отан» партиясы және қоғамдық ұйымдар өкілдерінен тұратын фокус-топтар қатысты. Фокус-топтардың қатысушылары қосымшаның өзектілігін атап өтті және өз тараптарынан қосымшаның мазмұны мен функционалы бойынша ұсыныстарымен бөлісті. Мысалы, олар қолжетімділік элементтерін көрсете отырып, пайдаланушыларды мәдени-демалыс іс-шаралары туралы хабардар ету үшін қосымшаны пайдалануды ұсынды. Сондай-ақ, қосымшаға «Спорт» қосымша бетін қосу ұсынылды. Отырыс қорытындысы бойынша барлық қатысушылар «Ten Qogam» мобильді қосымшасын жетілдіруге және ілгерілетуге көмек көрсетуге келісті.
3 желтоқсанда М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде «Ten Qogam» мобильді қосымшасының таныстырылымы өтті. Бүгінгі таңда қосымшаны Play Market-тен жүктеп алуға болады.
Байланыстар:
Акжан Карим, жоба координаторы
тел.+7 (705) 183-25-09, почта ardos-zhurek@mail.ru
Жәния Хаирова, ОАЕҚ коммуникациялар жөніндегі менеджері,
«Qolda» шұғыл көмек бағдарламасы Орталық Азияның Еуразия Қоры және "Шеврон" компаниясының серіктестігімен жүзеге асырылып отыр.
Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) - 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.
«Шеврон» - дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өнімдерін өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біз өз операцияларымыздағы көміртегі көлемін төмендетуге және дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар көміртегі аз бизнесті дамытуға ұмтыламыз. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.
Северо-Казахстанская область, 14 декабря - ОЮЛ «Объединение инвалидов «АРДОС-Жүрек» презентовало мобильное приложение для людей с инвалидностью «Ten Qogam». Приложение обеспечит доступ к актуальной и систематизированной информации о правах, льготах, обучении, занятости и много другом для людей с инвалидностью из всех регионов Казахстана. Проект реализуется в рамках программы экстренной помощи «Qolda 3.0», разработанной Фондом Евразия Центральной Азии (ФЕЦА) в партнерстве с компанией «Шеврон».
На территории Северо-Казахстанской области проживает более 26 000 людей с инвалидностью. Несмотря на развитие технологий, качественные мобильные приложения и сайты с необходимой информацией для таких людей отсутствуют. Команда разработала мобильное приложение «Ten Qogam» для всех категорий лиц с инвалидностью на казахском и русском языках.
Директор Объединения инвалидов «АРДОС-Жүрек» Акжан Карим отмечает:
«Данное приложение позволит людям с инвалидностью, а также членам их семей, быть в курсе последних изменений в законах и в доступности объектов культуры. Через приложение появилась возможность воспользоваться услугами инватакси, заказать доставку продуктов, лекарств».
В приложении содержится актуальная информация по следующим блокам: права, льготы, обучение, занятость, взаимодействие с государственными органами и т.д. Вся информация дублируется на сайте https://tenqogam.kz/ для удобства пользования с любого устройства. Вкладку «Услуги и сервис» с актуальной информацией для жителей Северо-Казахстанской области планируют расширить на все области.
В разработке мобильного приложения участвовали фокус-группы из представителей центра занятости населения, управления координации занятости и социальных программ, центра социального обслуживания, партии «Нур Отан» и общественных организаций. Участники фокус-групп отметили актуальность приложения, дали рекомендации по контенту и функционалу. Например, они предложили использовать приложение для информирования пользователей о проходящих культурно-досуговых мероприятиях с указанием элементов доступности. Также было рекомендовано включить в приложение вкладку «Спорт». По итогам заседаний все участники согласились оказывать помощь в усовершенствовании и продвижении мобильного приложения «Ten Qogam».
3 декабря в Северо-Казахстанском университете имени М. Козыбаева состоялась презентация мобильного приложения «Ten Qogam». Приложение уже доступно для скачивания в Play Market.
Контакты:
Акжан Карим, координатор проекта
тел.+7 (705) 183-25-09, почта ardos-zhurek@mail.ru
Жания Хаирова, менеджер по коммуникациям ФЕЦА,
Программа экстренной помощи «Qolda» разработана Фондом Евразия Центральной Азии (ФЕЦА) в партнерстве с компанией «Шеврон».
ФЕЦА - общественная организация, основанная в регионе в 2005 году, мобилизует общественные и частные ресурсы, помогая гражданам принимать активное участие в построении собственного будущего посредством укрепления местных сообществ и повышения гражданского и экономического благосостояния.
«Шеврон» - одна из ведущих интегрированных энергетических компаний мира. Мы считаем, что доступная, надежная и чистая энергия имеет важное значение для построения более процветающего и устойчивого мира. «Шеврон» добывает нефть и природный газ, производит транспортное топливо, ГСМ и нефтехимические продукты, а также разрабатывает технологии, которые улучшают наш бизнес и отрасль. Мы сосредоточены на снижении углеродоемкости нашей деятельности и стремимся развивать бизнес с низким уровнем выбросов углерода наряду с нашими традиционными направлениями бизнеса. Больше информации о «Шеврон» вы найдете на www.chevron.com.