Пресс-релизы
Eni және БҰҰДБ Түркістан қаласында мектепті жаңғырту және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі бірлескен жобасын іске қосты Eni и ПРООН завершили совместный проект по модернизации и повышению энергоэффективности школы города Туркестан

Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., 2022 ж. 19 мамыр – Eni компаниясы мен Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Түркістан облысының әкімімен бірлесе отырып, Түркістан қаласындағы орта мектепте жаңартылатын энергия көздері технологияларын енгізу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі бірлескен жобасын аяқтады. Бұл жоба – тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге септігін тигізетін мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің көрнекі үлгісі.
Мектепті жаңғырту жобасы энергияны тұтынуды және CO (көмірқышқыл газ) 2 шығарындыларын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге Eni мен БҰҰДБ осы жобаны үлгі ретінде ала отырып, елде қуат үнемдеу бойынша ұқсас бастамаларды бірлесіп іске асыруды көздейді.
Жоба аясында мектеп өңірдің жоғары күн әлеуетін пайдаға асыратын қуаты 50 кВт фотоэлектрлік күн стансасымен жабдықталды, ол 1900 оқушы білім алатын мектептің қажеттіліктері, атап айтқанда жылыту, жарықтандыру, су жылыту үшін жасыл энергияны қамтамасыз етеді. Жарықдиодты шамдарды, жылыту радиаторларына термореттегіштерді, сонымен қатар жылу шығынын алдын алу үшін терезелерге қуат үнемдейтін төмен эмиссиялы үлдір (пленка) орнату арқылы мектептің энергия тиімділігі жетілдірілді.
«2060 жылға қарай көміртекті бейтараптық мақсатына жету – Қазақстан үшін де, дүниежүзіндегі елдер үшін де аса маңызды басымдық. БҰҰДБ экономиканың төмен көміртекті дамуы және энергетика секторындағы трансформация аясында ҚР Үкіметімен және барлық серіктестермен жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті», – деп атап өтті БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш.
«Бұл жоба жергілікті деңгейде халықтың нақты қажеттіліктерін өтейтін жобаларды одан әрі әзірлеу мақсатында Eni-дің серіктестермен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі стратегиясы негізінде іске асырылды. Осы бірлескен бастаманың арқасында мектеп көміртегі шығарындыларын азайтып және қуат үнемдеу мақсатына қол жеткізе отырып, энергия тұтынуын азайта алады», – деді Eni-дің Орталық Азия өңірі бойынша басшысы Лучано Васкес.
Энергияны үнемдейтін және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын шағын жобаларды іске асыру тұтынушылар, шағын және орта бизнес субъектілері, сонымен қатар мектептер сияқты муниципалды нысандар үшін көптеген оң өзгерістерді қамтамасыз етеді. Мұның басты артықшылығы – өндірілетін электр қуатының құны энергия тасымалдаушылардың құнына тәуелді емес, ал орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада энергия тұтыну азаяды, бұл өз кезегінде ресурстарды үнемдеуге әкеледі. Осыған байланысты Қазақстандағы БҰҰДБ ШОБ өкілдері, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, банк қызметкерлері мен қалың жұртшылық үшін оқыту курстарын өткізеді.
***
Eni компаниясы Қазақстан Республикасында 1992 жылдан бері қызмет істеп келеді. Компания Қарашығанақ кен орнындағы бірлескен игеру жұмыстарының қатысушысы, және Қашаған алып кен орнын қоса алғанда, Солтүстік Каспийдің түрлі жобаларының акционері. 2018 жылы Eni «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен бірлесіп, Исатай және Абай барлау блоктарында жұмыс атқаруға кірісті. Eni Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі алғашқы жобасын 2020 жылғы наурыз айында Ақтөбе облысындағы Бадамша кентінің қасында қуаты 48 МВт жел электр стансасын өнеркәсіптік пайдалануды бастап, жыл сайын шамамен 195 ГВт/сағ электр қуатын өндіріп жатыр, осылайша CO2 шығарындыларын жылына 172000 тонна көлемінде қысқартуды қамтамасыз етті. Қазіргі таңда Компания қуатын 48 МВт-қа арттыра отырып жобаны аяқтады. 2021 жылғы наурыз айында Eni Қазақстанның оңтүстігінде Түркістан облысы Шәуілдір ауылының қасында қуаты 50 МВт күн электр стансасының құрылысын бастады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы (БҰҰДБ) – кедейліктен туындаған әділетсіздікпен, теңсіздікпен және климаттың өзгеруімен күресетін БҰҰ-ның жетекші ұйымы. 170 елде сарапшылар мен серіктестердің кең желісімен жұмыс атқара отырып, біз адамдар мен планета үшін интеграцияланған, ұзақ мерзімді шешімдер әзірлеуге көмек көрсетеміз. Біз туралы толығырақ ақпаратпен undp.org сайтында танысыңыз немесе @UNDP-дегі жаңалықтарымызды қараңыз.
БАҚ үшін байланыс деректері:
Eni:
Баспасөз қызметі: Тел. +39.0252031875 – +39.0659822030
Акционерлер үшін ақысыз нөмір (Италии бойынша): 800940924
Акционерлер үшін ақысыз нөмір (шетелден): + 80011223456
Телефон: +39.0659821
segreteriasocietaria.azionisti@eni.com
Веб-сайт: www.eni.com
БҰҰДБ:
Баспасөз қызметі: Тел. +7 777 241 23 12
Веб-сайт: www.kz.undp.org
Нур-Султан, Казахстан, 19 мая 2022 г. – Eni и Программа Развития Организации Объединенных Наций (ПРООН) в Казахстане в сотрудничестве с акиматом Туркестанской области завершили совместный проект по внедрению технологий возобновляемых источников энергии и повышению энергоэффективности в средней школе г. Туркестан. Данный проект является наглядным примером государственно-частного партнерства, способствующим достижению целей устойчивого развития.
Проект модернизации школы позволит сократить расходы, потребление энергии и выбросы CO , а также представляет собой модель, на основе которой 2 Eni и ПРООН намерены совместно реализовывать аналогичные инициативы по энергосбережению в республике.
В рамках проекта школа оснащена фотоэлектрической электростанцией мощностью 50 кВт, использующей высокий солнечный потенциал региона и обеспечивающей зеленую энергию для отопления, освещения, подогрева воды школы, в которой учится 1900 учеников. Также энергоэффективность школы улучшена за счет установки светодиодных ламп освещения, терморегуляторов на радиаторах отопления, а также низкоэмиссионной энергосберегающей пленки на окнах, через которые происходит основная потеря тепла.
«Достижение цели углеродной нейтральности к 2060 году является важнейшим приоритетом как для Казахстана, так и для стран во всем мире. ПРООН намерена продолжать плодотворное сотрудничество с Правительством Казахстана и всеми партнерами в рамках низкоуглеродного развития экономики и трансформации в энергетическом секторе», - отметил Якуп Бериш, Постоянный представитель ПРООН в Казахстане.
«Данный проект реализован на основе стратегии Eni по укреплению сотрудничества с партнерами с целью дальнейшего развития проектов, удовлетворяющих конкретные потребности населения на местном уровне. Благодаря данной совместной инициативе школа сможет сократить энергопотребление, уменьшив при этом свой углеродный след и достигнув цели энергосбережения», - отметил Лучано Васкес, глава Eni по Центрально- Азиатскому региону.
Реализация энергоэффективных и небольших проектов по использованию возобновляемых источников энергии обеспечивает множество положительных аспектов для потребителей, субъектов малого и среднего бизнеса, а также для муниципальных объектов, таких как школы. Главным преимуществом является то, что стоимость вырабатываемой электрической энергии не зависит от стоимости энергоносителей, а в среднесрочной и долгосрочной перспективе снижается энергопотребление, что, в свою очередь, приводит к экономии ресурсов. В этой связи ПРООН в Казахстане проводит обучающие тренинги для представителей МСБ, местных органов государственного управления, банковских служащих и представителей общественности.
***
Компания Eni присутствует в Республике Казахстан с 1992 года. Компания Eni является участником совместной деятельности на месторождении Карачаганак и акционером в различных проектах Северного Каспия, включая гигантское месторождение Кашаган. В 2018 году Eni приступила к совместной деятельности на разведочных блоках Исатай и Абай, совместно с национальной компанией КазМунайГаз. Eni запустила свой первый проект по использованию возобновляемых источником энергии в Республике Казахстан в марте 2020 года, начав промышленную эксплуатацию ветровой электростанции мощностью 48 МВт возле п. Бадамша в Актюбинской области, с ежегодной выработкой электроэнергии около 195 ГВТ/ч, обеспечив сокращение выбросов CO в объеме 172 000 тонн в год. Компания завершила 2 вторую фазу проекта с увеличением мощности на 48 МВт. В марте 2021 года Eni также начала работы по строительству солнечной электростанции мощностью 50 МВт на юге Казахстана возле п. Шаульдер, Туркестанская область.
Программа развития Организации Объединенных Наций (ПРООН) является ведущей организацией ООН, борющейся c несправедливостью, вызванной нищетой, c неравенством и изменением климата. Работая с широкой сетью экспертов и партнеров в 170 странах, мы помогаем создавать интегрированные, долгосрочные решения для людей и планеты. Узнайте o нас больше на сайте undp.org или следите за нашими новостями на @UNDP.
Контакты для СМИ:
Контакты Компании Eni:
Пресс-служба: Тел. +39.0252031875 – +39.0659822030
Бесплатный номер для акционеров (по Италии): 800940924
Бесплатный номер для акционеров (из-за рубежа): + 80011223456
Телефон: +39.0659821
segreteriasocietaria.azionisti@eni.com
Веб-сайт: www.eni.com
ПРООН:
Пресс-служба: Тел. +7 777 241 23 12
Веб-сайт: www.kz.undp.org