Пресс-релизы
Шеврон» және «ҚазМұнайГаз» көміртегі шығарындыларын азайту мүмкіндіктерін зерттеуге арналған ынтымақтастық туралы мәлімдеді
«Шеврон» и «КазМунайГаз» объявили о сотрудничестве для изучения потенциальных возможностей в области снижения выбросов углерода
Нұр-Сұлтан, Қазақстан, 2022 жылғы 8 маусым – «Шеврон» корпорациясы өз филиалы «Шеврон Мұнайгаз Инк.» (бұдан әрі – «Шеврон») арқылы және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Қазақстанда көміртегі шығарындыларын азайту саласында әлеуетті жобаларды зерттеу үшін Өзара түсіністік туралы меморандумға (бұдан әрі – Меморандум) қол қойғаны жөнінде мәлімдеді.
«Шеврон» мен «ҚазМұнайГаз» көміртегіні ұстап қалу, кәдеге жарату мен сақтау (CCUS), төмен көміртекті сутегіні пайдалану, метан шығарындыларын басқару, энергия тиімділігін арттыру және көміртегі бағасын іштей белгілеу тетіктерін енгізу саласындағы ортақ жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін зерттеуді жоспарлап отыр.
Меморандумға «Шеврон» Еуразия бөлімшесінің Басқарушы директоры Дерек Магнесс және ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев қол қойды. Құжатқа қол қою рәсімі Нұр-Сұлтан қаласында Шетел инвесторлары кеңесінің 34-ші пленарлық отырысы қарсаңында «Шеврон» компаниясының барлау және өндіру жөніндегі атқарушы вице-президенті Джей Джонсонның қатысуымен өткен ресми кездесу аясында өтті.
«БҰҰ Климаттық амбициялар саммитінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегіге бейтарап мемлекет болатыны туралы мәлімдеме жасаған еді. ҚазМұнайГаз өз тарапынан көміртек ізін 2031 жылға қарай 2019 жылдың деңгейінен 15 пайызға қысқартуды мақсат етіп отыр. Алдағы уақытта да Париж келісімінің және әзірленіп жатқан еліміздің 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына жету жөніндегі стратегиясының міндеттеріне сәйкес жан-жақты жұмыс істемек. Дегенмен карбонсыздану біз үшін жаңа сала. Шевронның мұнай-газ саласында озық технологиялар мен жетістіктерді енгізудегі мол тәжірибесі біздің әлеуетімізді арттыруға септігін тигізіп, болашақта энергетика көздерін жаңарту бағытындағы төмен көміртегі жобаларын бірігіп іске асырамыз деген сенімдеміз», – деді ҚМГ басшысы Мағзұм Мырзағалиев.
«Шеврон» отыз жыл бойына Қазақстанның инвесторы болып келеді. Біз берік қарым-қатынасымызды мақтан тұтамыз және елдің энергетикалық болашағына инвестиция құюға ұмтыламыз. Бүгін «ҚазМұнайГаз» компаниясымен жасалған меморандум Қазақстанның энергетика саласын дамыту жолында компанияларымыздың қолдау ниетінің жаңа кезеңі іспетті, - деді Магнесс мырза. – Біз Қазақстанның жасыл энергияға көшу мен көміртегі шығарындыларын азайту бағытында біраз жұмыс атқаратынымызға кәміл сенеміз. «ҚазМұнайГаз» компаниясымен орнаған ынтымақтастықтың арқасында біз қолжетімді, сенімді әрі таза энергияны қамтамасыз етуге өз үлесімізді қосып, біздің өнімді пайдаланатын салалар мен клиенттерімізге көміртегі шығарындыларын азайту мақсатына жетуде қолдау көрсетеміз деп үміттенеміз».
«Шеврон» болашақты төмен көміртекті энергетикамен байланыстырады. Парижде қабылданған келісім аясында шығарындыларды қысқарту жөніндегі жаһандық міндеттерді орындау үшін ынтымақтаса отырып жұмыс істеуіміз керек. Біз «ҚазМұнайГаз» компаниясымен төмен көміртекті дамыту саласындағы әлеуетті жобаларды бірге зерттеу мүмкіндігін жоғары бағалаймыз және Қазақстанның таза энергия көздеріне көшу үрдісіне мол үлес қосуды көздеп отырмыз, - деді 2021 жылы көміртегіні ұстап қалу, кәдеге жарату мен сақтау (CCUS), төмен көміртекті сутегіні, жаңартылатын отын түрлерін, оффсеттерді пайдалану саласындағы және басқа жобалармен жұмыс істеу үшін құрылған «Chevron New Energies» бөлімшесінің президенті Джефф Густавсон.
«Шеврон» мен «ҚазМұнайГаз» компанияларының ынтымақтастығы – бұл Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына жету мақсаттарына қолдау көрсетудің нақты көрінісі.
###
«ҚазМұнайГаз» туралы
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның тікелей интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап, тасымалдау, өңдеу және сервистік қызметтер көрсетуге дейінгі барлық өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. Компания 2002 жылы құрылып, Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласындағы мемлекет мүддесін қорғайды.
«Шеврон» туралы
«Шеврон» – дүниежүзі бойынша энергетика саласындағы жетекші компаниялардың бірі. Компанияның ұстанымы – дамыған және тұрақты әлемді қалыптастыруда қолжетімді, сенімді және таза энергияның маңызы зор. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ өндіреді, көлік отынын, жанармай және мұнай химиясы өнімдерін шығарады. Сонымен қатар сала мен бизнесті жаңартатын технологиялар әзірлейді. Компания өз қызметінде көміртегі ресурстары пайдалануды азайтуды қолға алды. Ол дәстүрлі бизнес бағыттарымен қатар көміртегіні аз мөлшерде бөлетін бизнесті дамытуды ұмтылады. «Шеврон» туралы толық мағлұматты мына сайттан оқи аласыз: www.chevron.com.
Байланыс:
Нур-Султан, Казахстан, 8 июня 2022 года – Корпорация «Шеврон» (NYSE: CVX), через свой филиал «Шеврон Мунайгаз Инк.» (далее «Шеврон»), и АО НК «КазМунайГаз» (далее КМГ) объявили о подписании Меморандума о взаимопонимании (далее Меморандум) для изучения потенциальных проектов в области снижения выбросов углерода в Казахстане.
«Шеврон» и «КазМунайГаз» планируют изучить потенциальные возможности для реализации совместных проектов в области улавливания, утилизации и хранения углерода (CCUS), использования низкоуглеродного водорода, управления выбросами и утечками метана, повышения энергоэффективности и внедрения механизмов внутреннего углеродного ценообразования.
Меморандум подписали Управляющий директор Евразийского подразделения «Шеврон» Дерек Магнесс и председатель Правления КМГ Магзум Мирзагалиев в рамках официальной встречи на кануне 34-го Пленарного заседания Совета иностранных инвесторов в г. Нур-Султан с участием Исполнительного вице-президента по разведке и добыче компании «Шеврон» Джея Джонсона.
«На Саммите ООН по климатическим амбициям Президент страны Касым-Жомарт Токаев сделал заявление о намерении Казахстана достичь углеродной нейтральности к 2060 году. КазМунайГаз со своей стороны поставил перед собой цель по снижению углеродного следа на 15% к 2031 году от уровня 2019 года и в дальнейшем намерен принимать усилия в соответствии с целями Парижского соглашения и разрабатываемой Стратегии Казахстана по достижению углеродной нейтральности. Однако декарбонизация является новым для нас направлением, и мы надеемся, что экспертиза Шеврона, имеющего обширный опыт внедрения низкоуглеродных технологий и практик в нефтегазовой отрасли, будет способствовать повышению нашего потенциала и приведет к совместной реализации низкоуглеродных проектов в области энергетического перехода», – отметил глава КМГ Магзум Мирзагалиев.
«Шеврон» является инвестором в Казахстане вот уже почти три десятилетия. Мы гордимся историей нашего партнерства и стремимся инвестировать в энергетическое будущее страны. Меморандум с «КазМунайГаз» знаменует собой новую главу в стремлениях нашей компании в поддержке развития энергетической отрасли Казахстана, – подчеркнул г-н Магнесс. – Мы твердо убеждены в том, что мы можем сыграть важную роль в энергетическом переходе страны и достижении целей Казахстана по сокращению выбросов углерода. Благодаря нашему сотрудничеству с КМГ мы надеемся внести вклад в обеспечение доступной, надежной и чистой энергии и поддержать отрасли и клиентов, которые используют нашу продукцию, в достижении целей по снижению выбросов углерода».
«Шеврон» считает, что будущее за низкоуглеродной энергетикой и для достижения глобальных целей по снижению выбросов в рамках Парижского соглашения необходимо сотрудничество и партнерство, – сказал Джефф Густавсон, Президент подразделения «Chevron New Energies», основанного в 2021 году для работы над проектами в области улавливания, утилизации и хранения углерода (CCUS), использования низкоуглеродного водорода, возобновляемых видов топлива, оффсетами и другими новыми областями. –Мы высоко ценим эту возможность изучить потенциальные проекты в области низкоуглеродного развития с «КазМунайГаз» и внести вклад в энергетический переход Казахстана».
Сотрудничество между «Шеврон» и «КазМунайГаз» является частью усилий обеих компаний по поддержке целей Казахстана для достижения углеродной нейтральности к 2060 году.
###
Об АО «Национальная компания «КазМунайГаз»
АО «Национальная компания» КазМунайГаз» является ведущей вертикально-интегрированной нефтегазовой компанией Казахстана. КМГ управляет активами по всему производственному циклу от разведки и добычи углеводородов до транспортировки, переработки и предоставления специализированных услуг. Компания, основанная в 2002 году, представляет интересы Казахстана в нефтегазовой отрасли страны.
О «Шеврон»
«Шеврон» – одна из ведущих интегрированных энергетических компаний мира. Компания считает, что доступная, надежная и чистая энергия имеет важное значение для построения более процветающего и устойчивого мира. «Шеврон» добывает нефть и природный газ, производит транспортное топливо, ГСМ и нефтехимические продукты, а также разрабатывает технологии, которые улучшают бизнес и отрасль. Компания сосредоточена на снижении углеродоемкости своей деятельности и стремится развивать бизнес с низким уровнем выбросов углерода наряду со своими традиционными направлениями бизнеса. Больше информации о «Шеврон» вы найдете на www.chevron.com.