Пресс-релизы
«Теңізшевройл» цифрландыруды дамыту және одан әрі ынтымақтастық орнату үшін отандық АТ-компаниялардың мүмкіндігін қарастыруда
Тенгизшевройл изучает возможности отечественных ИТ-компаний для дальнейшего сотрудничества и развития цифровизации
Алматыда «Цифрлы Теңізшевройл-2022» форумы болып өтті. Форумның мақсаты –цифрландыруды дамыту және одан әрі ынтымақтастық орнату үшін жаңа қазақстандық АТ-компаниялардың мүмкіндігін қарастыру.
Форум жұмысына ҚР Энергетика вице-министрі Жанат Жахметова қатысып, Қазақстан Үкіметі тарапынан энергетика саласын цифрландыруға және қазақстандық қамтуды дамытуға ерекше назар аударылып отырғандығын атап өтті. Ол өз сөзінде «ТШО-ның цифрландыруға деген сындарлы көзқарасының табысты болуы АТ мамандары жұмысының бизнес-міндеттерді шешуге бағытталуында болып отыр. Біз бұл форум отандық АТ компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың арасындағы ынтымақтастықты жолға қоюға септігін тигізеді деп үміттенеміз», - деді Жанат Жахметова.
Компания мамандары форум қатысушыларына Теңіз кен орнында сәтті енгізілген инновациялық технологиялар туралы айтып берді. Мәселен, ТШО-ның барлық автокөлік паркі көлік қауіпсіздігі интеллектуалды жүйесімен қамтылған. Ол дыбыстық сигнал беру арқылы жүргізушінің шаршау деңгейін бақылауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде жазатайым оқиғаларды азайтуға және қызметкерлер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
2020 жылы Кешенді технологиялар желіде (КТЖ) виртуалды зауыт (Virtual Plant) шешімі көмегімен нақты уақыт режимінде бүкіл зауыттағы бақылау-өлшеу жабдықтарынының деректерін біріктірілді. Нәтижесінде сұйытылған көмірсутекті газ (СКГ) өндірісі көлемі ұлғайтылды. Цифрлық технологияларды қолдану арқылы Теңізде СКГ өндірісін ұлғайту ОРЕС+ шектеулерінің орнын толтыруға көмектесті, сонымен қатар қиындықтарды мүмкіндіктерге айналдыруға, цифрлық шешімдер арқылы құндылықты құру тізбегін оңтайландыруға және өзгерістерге жылдам әрекет етуге мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, кәсіпорын қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі мамандары ТШО қамтушысы болу үшін, АТ компаниялар қандай қадамдар жасау керектігіне тоқталды. Форумда ТШО-ның техникалық (техникалық менеджер, .NET әзірлеушілері, DevOps инженерлері, QA тестерлері) және техникалық емес (өзгерістерді басқару мамандары, бизнес-аналитиктер (Business Analyst, Proxy Product Owners), әрі Low Code әзірлеушілері(PowerApps, PowerBI) рөлдерін орындауға қабілетті АТ мамандарды қабылдауға мүдделі екендігі айтылды.
«Қазақстандық қамтуды арттыру – ТШО-ның басым бағыттарының бірі. Біз үшін отандық компанияларымен бірге жұмыс жасап, олардың дамуына күш-жігер жұмсау маңызды. Біздің мақсатымыз – АT мамандарының үлесін барынша арттыру.Сол себепті форум қарсаңында «Цифрлы Теңізшевройл– 2022» атты Хакатон шарасын өткіздік. Берілген мәселенің оңтайлы шешімін тапқан командалар ТШО-мен келісім-шартқа отыру мүмкіндігіне ие болды», - деп атап өтті ТШО-ның цифрландыру бойынша чемпионы Марат Қуатов
Айта кететін жәйт, Хакатонға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 30-ға жуық команда қатысты. Қазылар алқасы мүшелерінің бірі, ТШО-ның цифрландыру жөніндегі кеңесшісі Азидолла Қисметовтың айтуынша: ««Шешім ғана емес, сонымен қатар компанияның жалпы даярлығы мен құзыреттілігінің деңгейі бағаланды».
В Алматы прошел Форум «Цифровой Тенгизшевройл – 2022» (Форум), цель которого изучить возможности казахстанских ИТ-компаний для дальнейшего сотрудничества и развития цифровизации.
В Форуме приняла участие вице-министр энергетики Республики Казахстан Жанат Жахметова. Она подчеркнула особое внимание, уделяемое Правительством Казахстана цифровизации энергетической отрасли и развитию казахстанского содержания. «Подход ТШО к цифровизации успешен благодаря тому, что работа ИТ-специалистов сконцентрирована на решении бизнес-задач. Мы надеемся, что этот Форум поможет наладить сотрудничество между отечественными ИТ-компания и недропользователями», - заявила Жанат Жахметова.
Специалисты Тенгизшевройл (ТШО) рассказали посетителям форума об инновационных технологиях, которые уже успешно внедрены на Тенгизском месторождении. Так, весь автопарк ТШО охвачен интеллектуальной системой безопасности автотранспорта. Она позволяет отслеживать уровень усталости водителя и подает звуковой сигнал, что в свою очередь способствует безопасности сотрудников и минимизации аварийных ситуаций.
В 2020 году на Комплексной Технологической Линии (КТЛ) с помощью решения Virtual Plant (Виртуальный Завод), который в реальном времени объединил данные контрольно-измерительных приборов всего завода, был увеличен объем производства сжиженного углеводородного газа (СУГ). Увеличение производства СУГ на Тенгизе за счет использования цифровых технологий помогло компенсировать последствия производственных ограничений ОРЕС+, а также позволило оптимизировать цепочку создания ценности через цифровые решения и быстрое реагирование на изменения.
Кроме того, специалисты по развитию казахстанского содержания рассказали ИТ-компаниям, какие шаги необходимо предпринять, чтобы стать поставщиком ТШО. Также, в компании отметили, что заинтересованы в найме ИТ-специалистов, способных выполнять как технические (технический руководитель, .NET разработчики, DevOps инженеры, QA тестеры), так и нетехнические роли (специалисты по управлению изменениями, Бизнес Аналитики (Business Analyst, Proxy Product Owners), а также Low Code Разработчики: PowerApps, PowerBI.
«Повышение казахстанского содержания - это один из приоритетов ТШО. Нам важно сотрудничать и вкладывать усилия в развитие отечественных компаний. Нашей целью является максимальное увеличение доли ИТ- специалистов, поэтому в преддверии форума мы провели Хакатон «Цифровой Тенгизшевройл – 2022». Команды, которые нашли наилучшее решение заданной проблемы, получили возможность заключить контракт с ТШО на полгода», - подчеркнул Марат Куатов, эксперт по цифровизации ТШО.
Следует отметить, что в Хакатоне приняли участие около 30 команд со всего Казахстана. По словам Азидоллы Кисметова, консультанта по цифровизации ТШО и одного из членов жюри:«Проводилась не только оценка решения, но и в целом уровня подготовки и компетентности компании».