Пресс-релизы
Алматыда nFactorial жазғы бағдарламалау лагерінің жабылу салтанаты өтті.
В Алматы торжественно завершился летний лагерь по программированию nFactorial
АЛМАТЫ, 2022 жылғы 12 тамыз – Қазақстандағы ең ірі nFactorial IT-инкубаторы «Шеврон» компаниясымен серіктестікте ұйымдастырған жазғы бағдарламалау лагерінің салтанатты жабылуы өтті. Лагерь 10 аптаға созылды және оның аясында еліміздің жас таланттары 100-ден астам бірегей веб-қосымша жасады.
Лагерьге қатысуға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Ресейден 4000 үміткер өтініш білдірді, оның ішінде бағдарламаға 200 үздік әзірлеуші шақырылды.
10 аптаның қорытындысы бойынша Инкубатор қатысушылары елде бұрын соңды жасалмаған web3 қосымшаларын, сондай-ақ Қазақстанның тарихы мен географиясын зерттеуге арналған ойындарды, қазақ музыкасы мен поэзиясын насихаттауға арналған қосымшаларды, экологиялық мәдениетті насихаттауға арналған қосымшаларды және басқа да көптеген әлеуметтік мәселелерді шешетін бағдарламаларды жасады.
Финалда қазылар алқасына 20 үздік веб-қосымша ұсынылды. Қазылар алқасының құрамында:
-
Бағдат Мусин – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
-
Асхат Омаров – америкалық «Farel» стартапының бас директоры
-
Николай Мазенцев - «Choco Holding» басқарма төрағасы
-
Лейла Айтмұханова - Қазақстандағы Шеврон компаниясының әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі
-
Зәуре Розмат – The Steppe интернет-басылымының бас директоры
-
және басқа да мамандар.
Биылғы инкубатордың жеңімпаздары – Бауыржан Тұрсынбек (қола медаль), Әділ Жапар (күміс медаль) және Бауржан Әбенов (алтын медаль).
Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин мырза өз сөзінде еліміздің экономикасын жаңа деңгейге шығаратын 100 000 IT-маманды даярлаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Мусин мырза Қазақстандағы үздік әзірлеушілердің, әсіресе nFactorial мектебінің түлектерінің қазақ тілінде ІТ-білім беруді дамыту бойынша жасап жатқан жұмыстарының нәтижелеріне тоқталды.
Ал Саясат Нұрбек мырза өз кезегінде елімізде IT-білім берудің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, университеттерді nFactorial инкубаторы сияқты тәуелсіз бағдарламалармен бірігіп жұмыс істеуге шақырды.
«Шеврон компаниясы – Қазақстандағы ең ірі шетелдік инвестор. Біздің әлеуметтік инвестицияларымыздың негізгі бөлігі білім беру, денсаулық сақтау, экономикалық даму және экология салаларына бағытталады. Біз nFactorial-мен серіктестігімізді мақтан етеміз және Қазақстанда дарынды жастарыды тауып, оларды дамытуға үлес қосқанымызға қуаныштымыз. Балалар осы бағдарламаның құндылықтарын жақсы сіңірген, олар өздері де дамып, елді де дамытып, білімдерін бөлісіп, эмпатияларын арттырып, жаңа шеберлікті игеруге дайын», – дейді «Шеврон» компаниясының Қазақстандағы әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі Лейла Айтмұханова.
nFactorial инкубаторында жасалған барлық қолданбаларды мына жерден көруге болады https://n17r-board.vercel.app/ .
nFactorial Incubator - бұл жас бағдарламашыларға арналған 10 апталық жоғары деңгейлі, әрі қарқынды дайындық бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты – отандық IT қызметтерін экспорттау және сату арқылы Қазақстан экономикасына 1 миллиард АҚШ долларын әкелетін 10 000 кәсіби бағдарламашылардан тұратын арнайы жасақ құру.
«Шеврон» - әлемдегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз қолжетімді, сенімді және таза энергиялы әлемді қолдаймыз және оны құру маңызды деп есептейміз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газды өндіреді, көліктік жанар-жағармай және химиялық мұнай өнімдерін шығарады, сондай-ақ бизнес пен өнеркәсіпті жетілдіретін технологияларды дамытады. Біз өз операцияларымыздың көміртегі қарқындылығын азайтуға назар аударамыз және дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар төмен көміртекті бизнесті дамытуға тырысамыз. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.
АЛМАТЫ, 12 августа 2022 г. - Крупнейший IT-инкубатор Казахстана nFactorial School в партнерстве с компанией «Шеврон» провели торжественное завершение летнего лагеря по программированию. В рамках лагеря в течение 10 недель молодые таланты страны создали 100+ уникальных веб-приложений.
Для участия в лагере подали заявки 4000 кандидатов из Казахстана, Кыргызстана, Узбекистана, Азербайджана и России, из которых на программу были приглашены 200 лучших разработчиков.
По итогам 10 недель участники Инкубатора создали уникальные для страны web3-приложения, а также приложения по изучению истории и географии Казахстана, приложения для популяризации казахской музыки и поэзии, приложение по продвижению эко-культуры и многие другие образовательные, социальные и развлекательные проекты.
В финале на суд жюри были представлены 20 лучших веб-приложений. В состав жюри вошли:
-
Багдат Мусин – Министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК
-
Асхат Омаров – генеральный директор американского стартапа “Farel”
-
Николай Мазенцев – председатель Правления “Choco Holding”
-
Лейла Айтмуханова - советница по социальным инвестициям компании «Шеврон» в Казахстане
-
Зауре Розмат - генеральный директор интернет-издания The Steppe
-
и другие эксперты.
Победителями этого года стали Бауыржан Турсынбек (бронза), Адиль Жапар (серебро) и Бауржан Абенов (золото).
В своей речи министр цифрового развития г-н Мусин отметил важность подготовки 100 000 ИТ-специалистов, которые будут формировать экономику будущего. Г-н Мусин также рассказал о результатах проделанной Министерством работы по развитию ИТ-образования на казахском языке с вовлечением лучших разработчиков Казахстана, включая выпускников nFactorial School.
В своем обращении министр Саясат Нурбек также отметил стремительное развитие ИТ-образования в стране и призвал университеты к сотрудничеству с такими независимыми программами, как инкубатор nFactorial.
“Компания “Шеврон” – крупнейший иностранный инвестор в Казахстане. Основными направлениями наших социальных инвестиций являются образование, здравоохранение, развитие экономики и экология. Мы гордимся нашим партнерством с nFactorial и рады, что смогли внести вклад в поиск и развитие молодых талантов в Казахстане. Ребята преисполнены ценностей данной программы – они хотят развиваться и развивать страну, делиться своими знаниями, наполняться эмпатией и новым мастерством”, – делится Лейла Айтмуханова, советница по социальным инвестициям компании «Шеврон» в Казахстане.
Все приложения, созданные в рамках Инкубатора nFactorial можно увидеть здесь: https://n17r-board.vercel.app/.
nFactorial Incubator - это интенсивная 10-недельная программа по подготовке для рынка высококлассных junior-разработчиков. Цель программы - подготовить 10 тысяч профессиональных разработчиков, которые принесут 1 млрд. долларов США в экономику Казахстана за счет экспорта IT-услуг и продажи созданного в Казахстане программного обеспечения.
«Шеврон» - одна из ведущих интегрированных энергетических компаний мира. Мы считаем, что доступная, надежная и чистая энергия имеет важное значение для построения более процветающего и устойчивого мира. Шеврон добывает нефть и природный газ, производит транспортное топливо, ГСМ и нефтехимию, а также разрабатывает технологии, которые улучшают наш бизнес и отрасль. Мы сосредоточены на снижении углеродоемкости нашей деятельности и развиваем бизнес с низким уровнем выбросов углерода наряду с нашими традиционными направлениями бизнеса. Больше информации о «Шеврон» вы найдете на www.chevron.com.