Пресс-релизы
ҚР Энергетика министрі: ККЖ-ҰЕҚБЖ жоспарға сәйкес жүзеге асырылуы қажет
Министр энергетики РК: ПБР-ПУУД необходимо реализовать согласно плану
ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Атырау облысына жұмыс сапары аясында Теңіз кен орнында болды. Министр Қазақстандағы ең ірі Келешекте кеңейту жобасының – Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасының (ККЖ-ҰЕҚБЖ) іске асырылу барысымен танысып, Теңізшевройл басшылығын жобаны іске асыру кестесінен ауытқымауға шақырды.
Қазіргі уақытта ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасы 93% - ға аяқталды. Қалған барлық жұмыстар Теңізге шоғырланған. Жаздың басында кен орны операторы – «Теңізшевройл» ЖШС-ның (ТШО) барлық зауыттарын біріктіретін, сенімділігін арттыратын және өндірістік көрсеткіштерді оңтайландыратын Өндірісті бірегей басқару орталығы (ӨББО) іске қосылды. 2022 жылғы шілдеден бастап ККЖ-ҰЕҚБЖ шеңберінде салынуы жоспарланған төрт қондырғының төртіншісі болып табылатын жаңа өлшеу қондырғысы мұнай қабылдай бастады. Сондай-ақ екінші тоқсанда қысымды ұлғайту қондырғысына қуат беретін кіші электр станциясына кернеу берілді.
ҚР Энергетика министрі ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасының сәтті іске қосылуы ТШО-дан Қазақстан бюджетіне түсетін түсімдерді едәуір арттыратынын атап өтті. Бұл ретте 2022 жылдың алты айында ғана ТШО ел экономикасына бес жыл ішіндегі рекордтық 7,5 миллиард АҚШ долларын бағыттады.
«Бүгіндегі сын-қатерлерге қарамастан, жобаны іске асыру кестесін ұстану маңызды. Бұдан басқа, қазақстандық өндірушілер мен отандық қызметкерлердің әл-ауқатын қамтамасыз ете отырып, қазақстандық қамтуды дамытуға ерекше назар аударуды жалғастыру қажет», - деді Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов Теңізшевройл басшылығымен кездесу шеңберінде.
ККЖ-ҰЕҚБЖ іске асырыла бастағаннан бері ТШО 14,2 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алды, сондай-ақ 25 мыңнан астам адамды оқытты. Бұған дейін, жобаның 408 модулін Теңізге жеткізу үшін ТШО теңіз тасымалының үш жылдық бағдарламасын іске қосқан болатын, оның барысында қазақстандық компанияның пайдалануында 126-дан астам кеме болған, оның 40-ы жаңадан салынған немесе осы жоба үшін арнайы айтарлықтай өзгертілген. Сондай–ақ Каспий теңізі арқылы тасымалдауды дамытуды қолдау мақсатында халықаралық деңгейдегі кәсіби теңізшілерді даярлайтын Қазақстандағы жалғыз оқу орны – ҚБТУ жанындағы Қазақстандық теңіз академиясы (ҚТА) іске қосылды. Сонымен қатар, модульдік жүктерді қабылдау және одан әрі тасымалдау үшін Теңіз кен орнының шекарасынан шамамен 40 км жерде орналасқан Прорва түбегінде салынған Жүктерді тасымалдаудың жаңа бағыты (ЖТБ) да ККЖ-ҰЕҚБЖ мұрасы болып табылады. ЖТБ ұзындығы 76 км теңіз кірме арнасынан, жүктерді түсіруге және сақтауға арналған құрылыстардан және кірме жолдан тұрады.
Министр сондай-ақ ККЖ-ҰЕҚБЖ-ға тартылған ТШО мердігер компанияларының мыңдаған жұмысшыларын алдағы уақытта босату шеңберінде мониторинг жүргізу және тығыз өзара іс-қимыл жасау қажеттігін атап өтті. Бұған дейін хабарланғандай, ТШО Атырау облысы әкімдігімен, Энергетика министрлігімен және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, атқарған жұмыстардың аяқталуына қарай қызметкерлерді босату процесіне мониторинг жүргізуде.
Министр энергетики РК Болат Акчулаков, в рамках рабочего визита в Атыраускую область, посетил месторождение Тенгиз. Министр ознакомился с ходом реализации крупнейшего в Казахстане проекта будущего расширения - проекта управления устьевым давлением (ПБР-ПУУД) и призвал руководство Тенгизшевройл не отступать от графика реализации проекта.
В настоящее время ПБР-ПУУД завершен на 93%. Все оставшиеся работы сосредоточены на Тенгизе. В начале лета был запущен уникальный Объединенный центр управления производством (ОЦУП), который интегрирует все заводы оператора месторождения - ТОО «Тенгизшевройл» (ТШО) в единую операционную модель, повышая надежность и оптимизируя производственные показатели. С июля 2022 года на новую замерную установку, которая является четвертой из четырех запланированных к строительству в рамках ПБР-ПУУД, благополучно поступает нефть. Также, во втором квартале, подали напряжение на электрическую подстанцию, которая будет питать установку повышения давления.
Министр энергетики РК отметил, что успешный запуск ПБР-ПУУД значительно увеличит поступления в бюджет Казахстана от ТШО. При этом только за шесть месяцев 2022 года ТШО направил в экономику страны рекордные за пять лет 7,5 миллиардов долларов США.
«Важно придерживаться графика реализации проекта, несмотря на вызовы, с которыми приходится сегодня сталкиваться. Кроме того, необходимо продолжать уделять особое внимание развитию казахстанского содержания, обеспечивая благополучие казахстанских производителей и отечественных работников», - сказал Болат Акчулаков, Министр энергетики Республики Казахстан в рамках встречи с руководством Тенгизшевройл.
С начала реализации ПБР-ПУУД ТШО закуплено казахстанских товаров, работ и услуг на более 14,2 миллиардов долларов США, а также было обучено более 25 тысяч человек. Ранее, для доставки 408 модулей проекта на Тенгиз, ТШО провел трехлетнюю программу морских перевозок, на пике которой в эксплуатации казахстанской компании находилось более 126 судов, 40 из которых были вновь построены или значительно модифицированы специально для данного проекта. Также, в поддержку развития транспортировки через Каспийское море, была запущена Казахстанская морская академия (КМА) при КБТУ – единственное учебное заведение в Казахстане, которое готовит профессиональных моряков международного уровня. Более того, новый Маршрут транспортировки грузов (МаТраГ), который был построен на полуострове Прорва приблизительно в 40 км от границы Тенгизского месторождения для приема и дальнейшей транспортировки модульных грузов, также является наследием ПБР-ПУУД. МаТраГ включает в себя морской подъездной канал протяженностью 76 км, сооружения для разгрузки и хранения грузов и подъездную дорогу.
Министр также подчеркнул необходимость мониторинга и тесного взаимодействия в рамках предстоящего высвобождения тысяч работников подрядных компаний ТШО, привлеченных к ПБР-ПУУД. Ранее сообщалось, что ТШО ведет совместную работу с Акиматом Атырауской области, Министерством энергетики и Министерством труда и социальной защиты населения РК по мониторингу процесса высвобождения работников по мере завершения тех работ, которые они выполняли.
Пресс-служба Министерства энергетики РК