Пресс-релизы
«Шеврон» және «ҚазМұнайГаз» энергетика саласындағы мамандар
біліктілігін дамытуды қолдайды
«Шеврон» и «КазМунайГаз» поддерживают развитие специалистов в энергетической отрасли


Алматы, Қазақстан – 2022 жылғы 28 қыркүйек – “Шеврон” корпорациясы (NYSE: CVX) өзінің филиалы “Шеврон Мұнайгаз Инк.” (бұдан әрі – “Шеврон”) арқылы және “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ (бұдан әрі – “ҚМГ”) адами капиталды дамыту және қазақстандық мамандармен білім және тәжірибе бөлісу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойғанын жариялады.
Осы Келісім аясында “Шеврон” мен ҚМГ энергетика саласындағы қазақстандық мамандардың кәсіби дамуы мен тәжірибе жинақтау мәселесінде ынтымақтастық көздейді.
Келісімге «Шеврон» Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесc және ҚМГ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев қол қойды.

“Шеврон” компаниясының Қазақстандағы қызметі сенімділік, ашықтық және серіктестік негізінде құрылады. Біз берік қарым-қатынасымыз елдің экономикасын дамытуда, жаңа жұмыс орындарын ашуда, жергілікті бизнесті қолдауда, қауымдастықтарды құруда, мүмкіндіктерді арттырып және тұрақты дамуды ілгері жылжытуда катализатор қызметін атқаратынын мақтан тұтамыз, – деді Магнесс мырза. – Серіктестігіміздің басынан бастап біздің негізгі мақсатымыз – Адами Капиталды тұрақты дамыту. Себебі, Адамдар – біздің ең құнды ресурсымыз. ҚМГ компаниясымен жасаған келісім қазақстандық мамандардың мүмкіндіктерін арттыруға көмегін тигізетініне кәміл сенеміз”.
«ҚазМұнайГаз» бен «Шевронды» көп жылдық жемісті ынтымақтастық байланыстырады, біз ірі мұнай-газ жобаларын бірлесіп жүзеге асырып келеміз. Бүгін ынтымақтастық туралы келісімге қол қоя отырып, біздің компаниялар қазақстандық мамандарды оқыту, тәжірибе алмасу және кәсіби дамыту саласында серпінді өзара іс-қимылдың келесі кезеңіне өтті. «Шеврон» компаниясына «ҚазМұнайГазға» көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіргім келеді. Еліміздің энергетикалық секторының және жалпы Қазақстан экономикасының дамуына ықпал ете отырып, әріптестігіміз одан әрі нығая беретініне сенімдімін»,- деп атап өтті ҚМГ басшысы Мағзұм Мырзағалиев.
“Шеврон” компаниясы туралы мәлімет
«Шеврон» - дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. "Шеврон" мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар- жағармай және мұнайхимия өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біз өз операцияларымыздағы көміртегі көлемін төмендетуге және дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар көміртегі аз бизнесті дамытуға ұмтыламыз. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.
“ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы” АҚ туралы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның тікелей интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап, тасымалдау, өңдеу және сервистік қызметтер көрсетуге дейінгі барлық өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. Компания 2002 жылы құрылып, Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласындағы мемлекет мүддесін қорғайды.

Алматы, Казахстан, 28 сентября 2022 года – Корпорация «Шеврон» (NYSE: CVX), через свой филиал «Шеврон Мунайгаз Инк.» (далее «Шеврон»), и АО НК «КазМунайГаз» (далее КМГ) подписали соглашение о сотрудничестве в области развития человеческого капитала и обмена знаниями с казахстанскими специалистами.
В рамках данного соглашения «Шеврон» и КМГ планируют сотрудничество в вопросах карьерного развития специалистов энергетического сектора Казахстана и получения ими необходимого опыта.
Соглашение подписали Управляющий директор Евразийского подразделения «Шеврон» Дерек Магнесс и председатель Правления КМГ Магзум Мирзагалиев.
«Путь компании «Шеврон» в Казахстане всегда строился на основе доверия, прозрачности и партнерства. Мы гордимся тем, что наше успешное партнерство является катализатором развития экономики Казахстана, создания рабочих мест, поддержки предпринимателей, укрепления сообществ, создания возможностей для устойчивого развития, – подчеркнул г-н Магнесс. – С самого начала сотрудничества нашей целью всегда было постоянное развитие Человеческого Капитала путем инвестирования в наш самый ценный ресурс – Людей. Соглашение с КМГ подтверждает нашу приверженность расширению возможностей казахстанских специалистов».
«КазМунайГаз» и «Шеврон» связывает многолетнее плодотворное сотрудничество, мы участвуем в совместной реализации крупных нефтегазовых проектов. Подписывая сегодня Соглашение о сотрудничестве, наши компании переходят на очередной этап динамичного взаимодействия в сфере обучения, обмена опытом и карьерного развития казахстанских специалистов. Хотел бы выразить благодарность компании «Шеврон» за оказываемую «КазМунайГазу» поддержку. Уверен, наше партнерство будет и дальше крепнуть, содействуя развитию энергетического сектора страны и экономике Казахстана в целом», – отметил глава КМГ г-н Магзум Мирзагалиев.
О «Шеврон»
«Шеврон» - одна из ведущих интегрированных энергетических компаний мира. Мы считаем, что доступная, надежная и чистая энергия имеет важное значение для построения более процветающего и устойчивого мира. Шеврон добывает нефть и природный газ, производит транспортное топливо, ГСМ и нефтехимию, а также разрабатывает технологии, которые улучшают наш бизнес и отрасль. Мы сосредоточены на снижении углеродоемкости нашей деятельности и развитии бизнеса с низким уровнем выбросов углерода наряду с нашими традиционными направлениями бизнеса. Больше информации о «Шеврон» вы найдете на www.chevron.com.
Об АО «Национальная компания «КазМунайГаз» АО «Национальная компания» КазМунайГаз» является ведущей вертикально- интегрированной нефтегазовой компанией Казахстана. КМГ управляет активами по всему производственному циклу от разведки и добычи углеводородов до транспортировки, переработки и предоставления специализированных услуг. Компания, основанная в 2002 году, представляет интересы Казахстана в нефтегазовой отрасли страны.