Пресс-релизы
Қазақстандық БАҚ Дүниежүзілік мұнай кеңесінде аккредиттеу туралы дипломдармен марапатталды
Казахстанским СМИ вручили дипломы об аккредитации во Всемирном нефтяном совете
28 қыркүйекте Қазақстан-Британ техникалық университетінде KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Кенжебек Ибрашевтің қазақстандық БАҚ-пен кездесуі өтті. Қонақтарға 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтетін Дүниежүзілік мұнай кеңесінің VII жастар форумының бағдарламасы ұсынылды. Халықаралық шараға әлемнің 37 елінен 700-ден астам делегат қатысады. Форум мемлекеттік органдардың – ҚР салалық министрліктерінің және басқа да елдердің өкілдерінің, халықаралық сарапшылардың, ірі мұнай-газ өндіруші компаниялар басшыларының қатысуымен 20-дан астам іс-шараны қамтиды.
Кездесу барысында бірқатар БАҚ-қа Дүниежүзілік мұнай кеңесі пулына аккредиттеу табыс етілді. Оның ішінде:
-
«Atameken business» медиахолдингі;
-
«Petroleum» журналы;
-
«Oil&Gas Kazakhstan» журналы;
-
«The Astana Times» халықаралық виртуалды газетасы;
-
«Деловой Казахстан» АА.
Журналистерге арнаған сөзінде Ибрашев Қазақстандық Ұлттық комитет алғаш рет Дүниежүзілік мұнай кеңесінде БАҚ-ты аккредиттеу мүмкіндігіне бастамашылық еткенін, бұл оларға ДМК басты оқиғаларын, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша мұнай кеңесі ұйымдастырған іс-шараларды жариялауға қатысуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Ол аккредиттелген БАҚ ДМК жаһандық алаңында айтылған энергетикалық тақырып бойынша прогрессивті идеялар мен өзекті пікірталастарды кеңінен жариялайтынына сенім білдірді.
Сондай-ақ, бүгін Дүниежүзілік мұнай кеңесі Қазақстан ұлттық комитеті мен Қазақстан-Британ техникалық университетінің өкілдері Алматы қаласындағы № 1 облыстық балалар үйінде болып, балаларға қажетті қысқы киім мен басқа да сыйлықтар сыйлады.
ДМК-әлемдік энергетикалық ресурстарды жауапты өндіру және пайдалану бойынша диалогты ілгерілету үшін 60-қа жуық әлемдік мұнай-газ елдерін біріктіретін коммерциялық емес ұйым.
Жастар форумын өткізу құқығы Қазақстанға 2021 жылғы желтоқсанда Хьюстон қаласында өткен Дүниежүзілік мұнай конгресінде берілді. Бұған дейін жастар форумы Пекин, Париж, Нью-Дели, Калгари, Рио-де-Жанейро, Санкт-Петербургте өтті.
28 сентября в стенах Казахстанско-Британского технического университета прошла встреча генерального директора Ассоциации KAZENERGY Кенжебека Ибрашева с казахстанскими СМИ. Гостям была представлена программа VII Молодежного форума Всемирного нефтяного совета, который пройдет с 29 сентября по 2 октября. В международном событии примут участие более 700 делегатов из 37 стран мира. Форум включает более 20 мероприятий с участием представителей государственных органов – отраслевых министерств РК и других стран, международных экспертов, глав крупнейших нефтегазодобывающих компаний.
В ходе встречи состоялось вручение ряду СМИ аккредитации в пул Всемирного нефтяного совета. В этом числе:
-
Медиахолдинг «Atameken business»;
-
Журнал «Petroleum»;
-
Журнал «Oil&Gas Kazakhstan»;
-
Международная виртуальная газета «The Astana Times»;
-
ИА «Деловой Казахстан».
Обращаясь к журналистам Ибрашев отметил, что Казахстанский национальный комитет впервые инициировал возможность аккредитации СМИ во Всемирном нефтяном совете, что дает им возможность участия в освещении главных событий ВНС, а также мероприятий, организованных Нефтяным советом по всему миру. Он выразил надежду, что аккредитованные СМИ станут проводниками прогрессивных идей и актуальных дискуссии по энергетической тематике, прозвучавших на глобальной площадке ВНС.
Также сегодня представители Казахстанского национального комитета Всемирного нефтяного совета и Казахстанско-Британского технического университета посетили областной детский дом №1 г.Алматы, где подарили детям необходимую зимнюю одежду и другие подарки.
ВНС – некоммерческая организация, объединяющая около 60 мировых нефтегазовых стран для продвижения диалога по ответственному производству и использованию мировых энергетических ресурсов.
Право проведения молодежного форума Казахстан получил в декабре 2021 г. на Всемирном нефтяном конгрессев г. Хьюстон. Ранее Молодежный Форум проводился в Пекине, Париже, Нью-Дели, Калгари, Рио-де-Жанейро, Санкт-Петербурге.