Пресс-релизы
Теңізшевройл Деректер мен дәйектер. 2022 жылдың үшінші тоқсаны бойынша мәлімет
Тенгизшевройл цифры и факты. Итоги 3 квартала 2022 года
Тарих/Қатысушылар
- Әлемдегі ең терең және ірі мұнай кеніштерінің бірі болып саналатын Теңіз мұнай кеніші 1979 жылы ашылды.
- «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (әрі қарай - ТШО) 1993 жылы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасында жасалған келісім негізінде құрылды.
- Қазіргі таңдағы ТШО серіктестері: «Шеврон» - 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ - 20%, «ЭксонМобил Қазақстан Венчурс Инк.» - 25% және «ЛукАрко» - 5%.
- Теңіз коллекторының жалпы барланған қоры 3,1 миллиард тонна (25 миллиард баррель), ал Королев кен алаңында 200 миллион тонна (1,6 миллиард баррель) мұнайды құрайды.
- Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 1,4 миллиард тонна мөлшерде (11,5 миллиард баррель).
- Теңіз коллекторының ені 20 шақырым (12 миль), ұзындығы 21 шақырым (13 миль).
- ТШО 2008 жылы Шикі газ айдау және Екінші буын зауыты (ШГА/ЕБЗ) жобасын аяқтап, нәтижесінде мұнай өндірудің тәуліктік көлемі шамамен 80 мың тоннаға (640 мың баррель), ал табиғи газ 25 миллион текше метрге (870 миллион текше пұт) жетті.
- 2022 жылдың тоғыз айында шикі мұнай өндіру көлемі 21,5 миллион тоннаны (171,7 миллион баррель) құрады.
- ТШО 2000 жылдан бері табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға 3,15 миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде инвестиция салды.
- 2000 жылдан бері өндірілген мұнайдың бір тоннасына шаққандағы атмосфераға жіберілген шығарындылардың көлемі 65%-ға азайды.
- ТШО 2022 жылдың үш тоқсанында өндірілген газдың 99%-ын кәдеге жаратты.
- 2022 жылдың үшінші тоқсанында суды қайтадан пайдалану көрсеткіші 49,4%-ды құрады. ТШО тұрмыстық ағын суларды кәдеге жарату, өнеркәсіптік мақсатта тазарту және қайта пайдалану арқылы суды үнемдеу бағытындағы іс-шараларды одан әрі жүзеге асыруды жалғастыруда.
- ТШО қалдықтардың 35-тен аса түрін қайта өңдеуге жібереді. 2022 жылдың үшінші тоқсаны соңында қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жалпы көрсеткіш 63%-ды құрады
- ТШО 2022 жылдың үш тоқсанында 850 мың тоннадан аса сұйытылған газ, 7,6 миллиард текше метр құрғақ газ, сондай-ақ 1,8 миллион тоннадан аса күкірт өткізді.
- 1993 жылдан бастап 2022 жылдың үшінші тоқсаны аралығындағы ТШО-ның Қазақстан Республикасына тікелей қаржылай салымы кәсіпорынның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақыны, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржыны, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялтиді қоса алғанда 172 миллиардтан астам АҚШ долларын құрады.
- 2022 жылдың тоғыз айында ТШО-ның Қазақстанға төлеген тікелей қаржы көлемі 10,9 миллиард АҚШ долларын құрады.
- 2022 жылдың тоғыз айында 3,8 миллиард АҚШ долларына қазақстандық қамтушылардың тауарлары мен қызметтері сатып алынды, оның 2,6 миллиард АҚШ долларынан астамы Келешек кеңею жобасы – Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) шеңберінде жұмсалды.
- ТШО 1993 жылдан бері 42,6 миллиардтан астам АҚШ долларына қазақстандық қамтушылардың тауарлары мен қызметтерін пайдаланды.
- Негізгі өндіріс пен ККЖ-ҰЕҚБЖ-да жұмыс істейтін қазақстандық қызметкерлердің үлесі 89,9%-ды құрайды. ККЖ-ҰЕҚБЖ-дағы қызметкерлерді есепке алмағанда, ТШО штатындағылардың 94,7%- ы қазақстандықтар. 1993 жылы бұл көрсеткіш 50% болатын.
- Жалпы басшылық құрамның 76,6%-ын қазақстандық жоғары және орта буын жетекшілер құрайды. ККЖ-ҰЕҚБЖ-ны есепке алмағанда қазақстандық жоғары және орта буын басшылардың жалпы үлесі 87%.
- Кадрларды оқыту және шыңдау жөніндегі тұрақты бағдарламалар нәтижесінде анағұрлым жауапты басшылық лауазымдарға жергілікті қызметкерлер көбірек тартылуда
- ТШО 1993 жылдан бері өз қызметкерлері мен Атырау облысы тұрғындардың игілігіне бағытталған түрлі әлеуметтік жобаларға 2,6 миллиард АҚШ долларына жуық қаржы жұмсады.
- «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасының 2022 жылғы бюджеті 30 миллион АҚШ долларын құрады. Аталмыш қаржының негізгі бөлігі Атырау облысындағы балабақшалар, мектептер және басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысына бағытталды.
- 2022 жылы Атырау облысы мен Маңғыстау облысының Боранқұл ауылында денсаулық сақтау, білім беру сапасын көтеру және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға кәсіпорынның әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы шеңберінде 2,3 миллион АҚШ долларынан астам қаржы бөлінді.
- ТШО пандемия кезінде Атырау облысында коронавируспен күрескеке, тұрғындарды қолдау және медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға 18 миллион АҚШ долларына жуық (7,7 миллиард теңге) қаржы жұмсады
- 2016 жылы ТШО серіктестері Теңіз кен орнының өндірістік қуаттылығын арттырудың келесі кезеңі болып табылатын Келешек кеңею жобасы - Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасын (ККЖҰЕҚБЖ) қаржыландыруға қатысты қорытынды шешімнің қабылданғаны туралы хабарлады.
- ККЖ мұнай өндіру көлемін жылына шамамен 12 миллион тоннаға немесе тәулігіне 260 мың баррельге арттырмақ. Мұнай өндірудің жалпы көлемі жылына шамамен 39 миллион тоннаны немесе тәулігіне 850 мың баррельді құрайды.
- ҰЕҚБЖ кеніштегі ұңғы ернеуіндегі қысымды төмендетіп, өнім зауытқа жеткен кезде қолданыстағы алты технологиялық желінің кіре берісіндегі қысымды көтеру арқылы Теңіз кен орнындағы қолданыстағы зауыттарды толық қуатта ұстап тұратын болады.
- ТШО ККЖ-ҰЕҚБЖ жүзеге асырыла бастағаннан бері қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға 15 миллиардқа жуық АҚШ долларын жұмсады.
- Жоба бойынша қол жеткен жетістіктердің соңғылары: ККЖ-ҰЕҚБЖ аясында қысымды арттыру жүйесінің (ҚАЖ) 1-ші және 2-ші компрессорларындағы құрылыс және монтаждау жұмыстардың аяқталуы, ҚАЖ кіріс сепарациясының 1-ші және 2-ші желісінің құрылыс және монтаждау жұмыстардың аяқталуы және автоматтандырылған басқару жүйесі бойынша басты мердігердің құрылыс жұмыстарының аяқталуы.
- Қазіргі таңда жоба 95%-ға аяқталды, қалған жұмыстар көлемі Теңізде орындалуда.
- ККЖ-ҰЕҚБЖ – бұл білікті мамандарды даярлау, шетелдік компаниялармен серіктестік қатынас орнату арқылы технология алмасу және жергілікті инфрақұрылымды жаңғырту түрінде мұра қалдыруға мүмкіндік беретін республикалық маңызы бар жоба.
История/Участники
- Тенгизское нефтяное месторождение было открыто в 1979 году и является одним из крупнейших и самых глубоких нефтяных месторождений в мире.
- Товарищество с ограниченной ответственностью «Тенгизшевройл» (далее – ТШО) было сформировано 6 апреля 1993 года на основе соглашения между Республикой Казахстан и компанией «Шеврон».
- В настоящее время партнерами ТШО являются: «Шеврон» - 50%, АО НК «КазМунайГаз» - 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» - 25% и СП «ЛукАрко» - 5%.
- Общие разведанные запасы Тенгизского коллектора составляют 3,1 миллиарда тонн (25 миллиардов баррелей) и 200 миллионов тонн (1,6 миллиарда баррелей) в Королевском месторождении.
- Извлекаемые запасы нефти Тенгизского и Королевского месторождений составляют 1,4 миллиарда тонн (11,5 миллиарда баррелей).
- Коллектор месторождения Тенгиз имеет ширину 20 км (12 миль) и длину 21 км (13 миль).
- В 2008 году ТШО завершил проект Закачки сырого газа и Завода второго поколения (ЗСГ/ЗВП), в результате чего суточная добыча нефти достигла приблизительно 80 тысяч тонн (640 тысяч баррелей) и суточное производство природного газа - 25 миллионов кубических метров (870 миллионов кубических футов).
- За три квартала 2022 года объем добычи сырой нефти составили 21,5 миллиона тонн (171,7 миллиона баррелей)
- С 2000 года ТШО инвестировал более 3,15 миллиарда долларов США на реализацию природоохранных мероприятий.
- С 2000 года общий объем выбросов в атмосферу на тонну добытой нефти уменьшился на 65%.
- Показатель утилизации газа ТШО на третий квартал 2022 года составил 99%.
- Общий показатель повторного использования воды в ТШО в третьем квартале 2022 года составил 49,4%. ТШО продолжает осуществлять меры по экономии водных ресурсов путем утилизации бытовых сточных вод, а также переработки и повторного использования в промышленных целях.
- ТШО передает более 35 видов отходов на переработку. Общая доля переработанных отходов по состоянию на конец третьего квартала 2022 года составила 63%.
- За три квартала 2022 года ТШО реализовал более 850 тысяч тонн сжиженного газа, 7,6 миллиарда кубических метров сухого газа, а также более 1,8 миллиона тонн серы.
- С 1993 года по третий квартал 2022 года прямые финансовые выплаты ТШО Республике Казахстан составили более 172 миллиардов долларов США, включая заработную плату казахстанским сотрудникам, закупки товаров и услуг отечественных товаропроизводителей и поставщиков, платежи государственным предприятиям, выплаты дивидендов казахстанскому партнеру, а также в виде налогов и роялти, перечисляемых в государственный бюджет.
- За три квартала 2022 года прямые выплаты Республике Казахстан составили 10,9 миллиарда долларов США.
- За три квартала 2022 года ТШО приобрел товары и услуги казахстанских поставщиков на сумму в 3,8 миллиарда долларов США, включая 2,6 миллиарда долларов США в рамках ПБР-ПУУД (Проект будущего расширения – Проект управления устьевым давлением).
- С 1993 года ТШО закупил товаров и услуг казахстанских поставщиков на сумму более 42,6 миллиарда долларов США.
- Совокупный штат основного производства и ПБР-ПУУД состоит на 89,9% из граждан Казахстана. Без учета персонала ПБР-ПУУД, в штате ТШО 94,7% работников – казахстанцы. В 1993 году этот показатель составлял 50%.
- Доля казахстанских руководителей высшего и среднего звена составляет 76,6% от общего числа руководящего состава. Без учета ПБР-ПУУД доля казахстанских руководителей высшего и среднего звена составляет 87%.
- В результате постоянно действующих программ обучения и развития кадров все больше сотрудников выдвигаются на более ответственные должности.
- С 1993 года ТШО направил около 2,6 миллиарда долларов США на финансирование различных социальных проектов для населения Атырауской области и сотрудников.
- В 2022 году бюджет добровольной социально-инфраструктурной программы «Игилик» составил 30 миллионов долларов США, основная часть которого будет направлена на строительство детских садов, школ и других социальных объектов в Атырауской области.
- В 2022 году ТШО выделил 2,3 миллиона долларов США на улучшение качества здравоохранения, образования, а также развитие социального предпринимательства в Атырауской области и селе Боранкул (Мангистауская область) в рамках Программы социальных инвестиций.
- С начала пандемии ТШО выделил около 18 миллионов долларов США (7,7 миллиарда тенге) на борьбу с коронавирусом, поддержку населения и закуп медицинского оборудования и принадлежностей в Атырауской области
- В 2016 году Участники ТШО объявили об утверждении окончательного решения о финансировании Проекта будущего расширения - Проекта управления устьевым давлением (ПБР-ПУУД), следующего этапа масштабного расширения производственных мощностей Тенгизского месторождения.
- ПБР увеличит объёмы производства примерно на 12 миллионов тонн в год или 260 тысяч баррелей в сутки. Общий объём производства составит порядка 39 миллионов тонн в год или 850 тысяч баррелей в сутки.
- ПУУД обеспечит полную загрузку перерабатывающих мощностей действующих на Тенгизе заводов путём снижения устьевого давления фонтанирующих скважин и повышения давления на входе шести действующих комплексных технологических линий.
- С начала реализации ПБР-ПУУД ТШО потратил около 15 миллиардов долларов США на закуп казахстанских товаров, работ и услуг.
- Последние ключевые достижения на проекте включают в себя: завершение строительномонтажных работ на компрессорах 1 и 2 нитки системы повышения давления (СПД) ПБР-ПУУД, завершение строительно-монтажных работ на 1 и 2 нитках входной сепарации СПД и завершение строительства по объемам генерального подрядчика по автоматизированной системе управления.
- В настоящее время проект завершен на 95%, весь оставшийся объём работ сосредоточен в Тенгизе.
- ПБР-ПУУД является проектом национального значения, который способствует созданию в регионе наследия в виде квалифицированных рабочих кадров, трансферта технологий посредством создания партнёрств с зарубежными компаниями, а также модернизированной инфраструктуры