Пресс-релизы
QazaqGazда «Барлау және өндіру» бөлімшесі құрылды
В QazaqGaz создано новое подразделение по разведке и добыче
QazaqGaz Ұлттық компаниясы «Амангелді Газ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қайта құру арқылы барлау және өндіру бойынша жаңа бөлімшені ашты. Бұл туралы ұлттық компанияның басқарма төрағасы Санжар Жаркешов хабарлады.
QazaqGaz басшысының айтуынша, компания газдың ресурстық базасын ұлғайтып, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін кешенді жұмысты қолға алған.
«QazaqGaz геологиялық барлау активтерін арттыра береді. Жер қойнауын пайдалану бойынша артықшылығымызды пайдаланып, 10 жаңа жобаны портфелімізге қосамыз деген жоспар бар. Жаңа жобаларды осы бөлімшенің «Барлау және өндіру» құрылымына жинаймыз»,-деді Санжар Жаркешов.
Бұдан басқа, ұлттық компания басшысы газ саласының инвестициялар үшін тиімді болып келе жатқанын алға тартып, компанияларды еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
“QazaqGaz Барлау және өндіру” ЖШС QazaqGaz компаниясының еншілес ұйымы. 2022 жылдың қазан айында Амангелді Газ кәсіпорнын «Барлау және өндіру» деп қайта құру арқылы пайда болды. Компания ел аумағында газдың ресурстық базасын ұлғайту жолында жұмыс істейді.
В АО «НК «QazaqGaz» создано новое подразделение «Разведка и добыча QazaqGaz» путем трансформации ТОО «Амангельды Газ», об этом сообщил Председатель Правления Санжар Жаркешов.
По словам главы QazaqGaz, в компании ведется работа над увеличением ресурсной базы и обеспечением энергетической безопасности страны.
«QazaqGaz будет наращивать геологоразведочные активы. Мы будем использовать свое приоритетное право на недропользование, чтобы получить порядка 10 новых проектов к себе в портфель. Все новые проекты по недропользованию будут консолидированы в структуре «Разведка и Добыча «QazaqGaz», - рассказал Санжар Жаркешов.
Кроме того, глава национальной компании подчеркнул, что газовая отрасль становится более рентабельной и привлекательной для инвесторов, а также пригласил заинтересованные компании к партнерству по энергетической безопасности страны.
ТОО «Разведка и добыча QazaqGaz » является дочерней организацией АО «НК «QazaqGaz», созданной в октябре 2022 г. путем путем трансформации ТОО «Амангельды Газ» в «Разведка и Добыча «QazaqGaz». Компания занимается расширением ресурсной базы национальной газовой компании на территории Республики Казахстан.