Пресс-релизы
QazaqGaz Директорлар Кеңесінің құрамында өзгерістер орын алды
В составе Совета Директоров QazaqGaz произошли изменения
Анатолы Тегісбаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі болып сайланды. Директорлар Кеңесінің құрамына Әнуар Битанов да кіріп, тәуелсіз директор атанды.
Анатолы Тегісбаев – еліміздің газ өнеркәсібінің ардагері, саланың дамуына ұзақ жылдар бойы еңбек сіңірген азамат. Ол мұнай-газ кешенінің бастауында тұрды, салада 40 жылдық тәжірибесі бар. Білімі мен біліктілігінің арқасында участок шеберінен бас инженерге дейін көтерілді. Түрлі жылдары «Қарашығанақгазпром» АҚ, «Қазбургаз» ААҚ, «Қарашығанақ ҚМГ» ЖШС және т.б басшылық қызметте болды. 2022 жылдан бері Анатолы Тегісбаев QazaqGaz сарапшылар кеңесінің төрағасы ретінде газ саласын реформалауға белсене ат салысуда.
Әнуар Битанов - Лондон бизнес мектебі МВА бағдарламасының түлегі және Стэнфорд университетінің мұнай инженериясы магистрі. Мұнай-газ саласында көп жылдық тәжірибесі бар (AGIPKCO, KAZAKHOIL AKTOBE LLP, BIG SKY ENERGY CORPORATION, ROXI PETROLEUM). 2012 жылдан бастап, мұнай-газ жобаларының менеджері, содан соң McKinsey & Company халықаралық консалтингтік компаниясында серіктес ретінде жұмыс істеді. АҚШ, Германия, Колумбия, Мексика және тағы басқа елдерде ауқымды жобаларды жүзеге асырған. Әнуардың табиғи ресурстар саласына консалтинг жасау бойынша мол тәжірибесі бар.
Анатолы Тегисбаев избран членом Совета Директоров АО «НК «QazaqGaz». Ануар Битанов также вошел в состав Совета Директоров и стал независимым директором.
Анатолы Орынгалиевич Тегисбаев – ветеран газовой промышленности Казахстана. Стоял у истоков зарождения нефтегазового комплекса, обладает 40-летним опытом работы в индустрии. В разные годы занимал руководящие должности в АО «Карачаганакгазпром», ОАО «Казбургаз», ТОО «КМГ Карачаганак» и др. С 2022 года Анатолы Тегисбаев избран председателем экспертного совета QazaqGaz и принимает активное участие в реформировании газовой промышленности.
Ануар Битанов – выпускник программы MBA в London Business School и магистерской программы в области нефтяной инженерии в Stanford University. Имеет опыт работы в нефтегазовой сфере (AGIPKCO, KAZAKHOIL AKTOBE LLP, BIG SKY ENERGY CORPORATION, ROXI PETROLEUM). С 2012 года трудился менеджером проектов в нефтегазовом сектора, затем – Партнером в международной консалтинговой компании McKinsey & Company. Реализовывал проекты в США, Германии, Колумбии, Мексике и других странах. Ануар Битанов обладает широкой экспертизой и практическим опытом в области консалтинга в сфере природных ресурсов.