Пресс-релизы
Қашағандағы ГӨЗ құрылысы қарқынды жүріп жатыр
Строительство ГПЗ на Кашагане идет полным ходом


Астана. 2023 жылғы 6 ақпан
Қуаттылығы 1 млрд текше метрді құрайтын Қашағандағы газ өңдеу зауыты (ГӨЗ) жобасының операторы «GPC Investment» ЖШС өткен жылдың тамыз айында «QazaqGaz» ҰК» АҚ-на сенімгерлік басқаруына берілді.
Жобаны тапсыру кезінде, объектідегі барлық жұмыстар мердігердің жұмысты жалғастырудан бас тартуына байланысты тоқтап қалған еді. Жабдық транзиттік аймақта жиналып, ҚХР шекарасынан өте алмады.
Тасымалдау рәсімі аяқталғаннан кейін, жобалық топ тез арада жасақталып, жұмысқа жұмылдырылды, құрал-жабдықтарды жеткізу үшін логистика жолға қойылды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен «жасыл дәліз» ұйымдастырылды.
«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешовтің айтуынша ұлттық компания тарапынан халықаралық компанияларды тарту арқылы нысанға кешенді аудит жүргізілді. Кешенді аудит нәтижелері бойынша жобадағы кемшіліктер мен газ өңдеу зауытының сенімділігі мен қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін елеулі тәуекелдер анықталды.
«ГӨЗ QazaqGazдың сенімгерлік басқаруына берілгеннен кейін, біз қаржылық, техникалық және заңгерлік аудиттер жүргізіп, жоба дизайнында инженерлік қателіктерді анықтадық. Оларды түзетуге мәжбүрміз, тиісінше жүзеге асыру мерзіміне де әсер етуде. Алайда, QazaqGaz іс жүзінде ГӨЗ жобасын сенімгерлік басқаруға алып, өткен жылдың екінші жартысында жұмысқа кіріскенін ескерсек те, айтарлықтай прогресс бар», – деді Санжар Жаркешов.
QazaqGaz басшысы компания тәуекелдерді жою үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынын, бірақ алда әлі де үлкен жұмыс бар екенін атап өтті.
Қазіргі уақытта жобаға 700 адам жұмылдырылған, құрылыста 2100 адам, 300 бірлік арнайы техника және 991 бірлік жабдық тартылатын болады. Пайдалануға берілгеннен кейін ГӨЗ өңірде 600 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, алғашқы іске қосу кешенінің темір жолдары тартылды, бұл материалдар мен жабдықтардың уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«QazaqGaz» ҰК» АҚ жабдықтарды өндіру процесінің сапасын бақылау мақсатында мамандандырылған TUV Rheinland халықаралық компаниясын жұмыс барысына тартты. Бүгінгі таңда жабдықтың 50 пайыздан астамы дайындалып, 30 пайызы ГӨЗ құрылыс алаңына жеткізілді.
Қазіргі уақытта, бұрын бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға (ЖСҚ) түзетулер енгізілді. Жобалық-сметалық құжаттаманы түзету кезінде мұндай жобалар бойынша әлемдік тәжірибе негізге алынып, жабдықтың сенімділігі мен қауіпсіздігі бойынша барлық кемшіліктер ескерілді. Технологиялық құрал-жабдықтар мен процестер өнім сапасына, сондай-ақ атмосфераға шығарындыларды және энергия тұтынуды азайтуға баса назар аудара отырып, оңтайландырылды.
Сонымен қатар, жетіспейтін жабдықтар іске қосылды, эмиссия көздеріндегі, сондай-ақ санитарлық-қорғау аймағының периметрі шегінде ластаушы заттардың шығарындыларын автоматты бақылау жүйесі енгізілді. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өтуде.
Жобаны басқаруды және инженерлік қамтамасыз етуді күшейту үшін инжиниринг саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі Technip Energies тартылды. Компанияның профильді мамандары жоба командасына біріктіріледі.
Сондай-ақ, 2023 жылғы қаңтарда «QazaqGaz» ҰК» АҚ Атырау облысының Мақат ауданында қоғамдық тыңдаулар өткізгенін атап өткен жөн. Кездесуде Қашағандағы газ өңдеу зауытын салу жобасын түзету шеңберінде қоршаған ортаға ықтималды әсер етуі талқыланды. Тыңдауға аудан тұрғындары, республикалық қоғамдық экологиялық ұйымдар және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
Осылайша, жоба Операторының жаңа командасы ҚР Үкіметінің, ҚР Энергетика министрлігінің және «QazaqGaz» ҰК» АҚ қолдауымен құрылысты тездетіп, анықталған кемшіліктерді жояды, сондай-ақ NCOC-мен бірлесіп бизнес-модельді қайта қарауды жеделдетеді.
г. Астана. 6 февраля 2023 года
В августе 2022 года состоялась передача в доверительное управление ТОО «GPC Investment», оператора проекта газоперерабатывающего завода (ГПЗ) на Кашагане мощностью 1 млрд кубометров, в АО «НК «QazaqGaz».
На момент передачи все работы на объекте были заморожены из-за отказа действующего генподрядчика продолжать работы. Оборудование скапливалось в транзитной зоне и не могло пересечь границу с КНР.
После завершения процедуры передачи командой QazaqGaz в кратчайшие сроки была укомплектована и мобилизована проектная группа, при поддержке Правительства РК налажена логистика поставок оборудования.
По словам Санжара Жаркешова, Председателя Правления АО «НК «QazaqGaz», был инициирован и проведен комплексный аудит проекта с привлечением международных компаний. По результатам комплексного аудита выявлены критические недоработки в проекте и существенные риски, которые могли повлиять на надежность и безопасность ГПЗ.
«После передачи проекта ГПЗ в доверительное управление QazaqGaz мы провели финансовый, технический и юридический аудиты, которые выявили критические инженерные ошибки в дизайне проекта. Мы вынуждены их исправлять, что, в свою очередь, сказывается на сроках реализации. Однако даже с учетом того, что де-факто QazaqGaz получил в доверительное управление проект ГПЗ и, как следствие, приступил к работе во второй половине прошлого года, существенный прогресс есть», – сказал Санжар Жаркешов.
Глава QazaqGaz также отметил, что компания прилагает все усилия для нивелирования рисков, но впереди еще большой фронт работы.
На данный момент в проекте задействованы 700 человек, на пике строительства будет задействовано 2100 человек, 300 единиц спецтехники и 991 единица оборудования. После ввода в эксплуатацию ГПЗ позволит создать 600 постоянных рабочих мест в регионе.
Вместе с тем, подведены железнодорожные пути первого пускового комплекса, что позволяет обеспечить своевременную доставку материалов и оборудования.
В целях контроля качества процесса изготовления оборудования АО «НК «QazaqGaz» привлекло специализированную международную компанию TUV Rheinland. На текущий момент изготовлено более 50% оборудования, 30% доставлено на строительную площадку ГПЗ.
На данный момент проведена корректировка ранее утвержденной проектно-сметной документации (ПСД). При корректировке ПСД учтены все недоработки в части надежности и безопасности оборудования с учетом мирового опыта для аналогичных проектов. Оптимизировано технологическое оборудование и технологические процессы с упором на качество выпускаемой продукции, а также снижение выбросов в атмосферу и снижение энергопотребления.
Помимо этого, включено недостающее оборудование, внедрена система автоматического мониторинга выбросов загрязняющих веществ на источниках выбросов, а также в периметрах санитарно-защитной зоны. В настоящее время ПСД проходит государственную вневедомственную экспертизу.
Для усиления проектного управления, инжинирингового сопровождения проекта привлекается один из мировых лидеров в области инжиниринга - компания Technip Energies. Профильные специалисты компании будут интегрированы в проектную команду.
Также стоит отметить, что в январе 2023 года АО «НК «QazaqGaz» провело общественные слушания в Макатском районе Атырауской области. На встрече обсуждалось возможное воздействие на окружающую среду в рамках корректировки проекта строительства газоперерабатывающего завода на Кашагане. В слушаниях приняли участие жители района, республиканские общественные экологические организации и представители местных исполнительных органов.
Таким образом, новая команда Оператора проекта при поддержке Правительства РК, Министерства энергетики РК и АО «НК «QazaqGaz» форсирует строительство, устраняет обнаруженные недочеты, а также форсирует пересмотр бизнес-модели совместно с NCOC.
