Пресс-релизы
ҚМГ Басқарма Төрағасы «Қазгермұнай» және «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компанияларының өндірістік нысандарына барды
Председатель Правления КМГ посетил производственные объекты «Казгермунай» и «ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз»




Қызылорда облысы
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында «Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің Ақшабұлақ кен орнындағы өндірістік нысандарын, сондай-ақ «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-тың Құмкөл кен орнындағы нысандарын аралады. ҚМГ басшылығымен бірге нысандарға Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев та барды.
М. Мырзағалиев «Зияткер кен орны» жобасы аясында Ақшабұлақта ашылған жедел басқару орталығының жұмысымен танысты. Ол көмірсутек өндірісінде процестерді тиімді басқару үшін цифрландырудың маңызды екенін атап өтті.
«Қазгермұнай» компаниясының нысандарын аралау кезінде ҚМГ Басқарма Төрағасы кәсіпорын 2022 жылдың қорытындысы бойынша қойылған барлық міндетті орындағанын атап өтті. Ол кәсіпорынның тұрақты әрі апатсыз жұмысын қамтамасыз етуді және 2023 жылға арналған өндірістік бағдарламаны орындауды тапсырды.
М. Мырзағалиев сондай-ақ «Қазгермұнай» БК» ЖШС ұжымын 2023 жылы компанияның құрылғанына 30 жыл толуына орай мерейтоймен құттықтады (1993 жылы 9 қазанда құрылған).
«Өндірістік бағдарлама толық орындалды, компания жақсы қаржылық-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізді, әлеуметтік тұрақтылықтың жоғары деңгейін сақтап қалды және Қазақстандағы ең тиімді мұнай өндіруші ұйымдардың қатарынан қалмай келеді», - деп атап өтті М. Мырзағалиев.
«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ басшылығымен кездесуде ҚМГ Басқарма Төрағасы кәсіпорын тиімділігінің жоғары деңгейін атап өтіп, компания Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерінде ҚМГ-нің стратегиялық маңызды серіктесі екенін айтты. Сапар барысында М. Мырзағалиев «Торғай-Петролеум» АҚ газды кешенді дайындау қондырғысының жұмысымен танысты.
«Компания басшылығы мен ұжымына жұмыс істеп тұрған қорлардың сарқылуын ескере отырып, геологиялық барлау жұмысын белсенді жүргізуді жалғастыру қажет, ұжымда әлеуметтік тұрақтылықтың жоғары деңгейін сақтап, қойылған өндірістік міндеттерді орындау, сол арқылы компанияның тұрақты қаржылық-экономикалық жағдайын қамтамасыз ету маңызды», - деді ҚМГ Басқарма Төрағасы «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ басшылығы мен ұжымына ұйымшылдығы мен жоғары кәсіби біліктілігі үшін алғыс білдіре отырып.
Кеңес қорытындысы бойынша М. Мырзағалиев геологиялық барлау бағытындағы жұмысты жалғастыруды, кен орындарының тұрақты және апатсыз жұмысын қамтамасыз етуді, барлық экологиялық нормаларды сақтай отырып, өндірістік бағдарламаны орындауды тапсырды. Сондай-ақ, ол қызметкерлердің еңбегі, тұрмысы мен сауығуын қамтитын әлеуметтік саясатты одан әрі жүзеге асырудың маңызын атап өтті.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ туралы:
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ) – Қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызметтер көрсетуге дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. 2002 жылы құрылған Компания еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүддесін қорғайды.
Кызылординская область
Председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» (КМГ) Магзум Мирзагалиев в ходе рабочей поездки в Кызылординскую область посетил производственные объекты ТОО «СП «Казгермунай» на месторождении Акшабулак, а также объекты АО «ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз» на месторождении Кумколь. Вместе с руководством КМГ объекты посетил аким Кызылординской области Нурлыбек Налибаев.
М.Мирзагалиев ознакомился с работой Центра оперативного управления на Акшабулаке, созданного в рамках проекта "Интеллектуальное месторождение". Он отметил важность цифровизации добычи углеводородов для эффективного управления процессами.
Во время посещения объектов компании «Казгермунай» Председатель Правления КМГ отметил, что предприятие по итогам 2022 года выполнило все поставленные задачи. Он поручил обеспечить стабильную и безаварийную работу предприятия, а также выполнение производственной программы на 2023 год.
М.Мирзагалиев также поздравил коллектив ТОО «СП «Казгермунай» с предстоящим в 2023 году празднованием 30-летия основания компании (образовано 9 октября 1993 года).
«Производственная программа реализована в полном объеме, компания добилась отличных финансово-экономических показателей, сохранила высокий уровень социальной стабильности и продолжает оставаться одной из наиболее эффективных нефтедобывающих организаций в Казахстане», — подчеркнул М.Мирзагалиев.
Выступая на встрече с руководством АО «ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз» Председатель Правления КМГ подчеркнул высокий уровень эффективности предприятия и добавил, что компания является стратегически важным партнером КМГ в вопросах социально-экономического развития Кызылординской области. В ходе поездки М.Мирзагалиев также ознакомился с работой Установки комплексной подготовки газа АО «Тургай-Петролеум».
«Топ-менеджменту и коллективу компании с учетом истощения действующих запасов, важно продолжать активные геологоразведочные работы, сохранять высокий уровень социальной стабильности в коллективе, выполнять поставленные производственные задачи, тем самым обеспечивать стабильное финансово-экономическое положение компании», — сказал Председатель Правления КМГ, поблагодарив топ-менеджмент и коллектив АО «ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз» за сплоченную работу и профессионализм.
По итогам совещания М.Мирзагалиев поручил продолжить геологоразведочные работы, обеспечить стабильную и безаварийную работу месторождений, исполнение производственной программы с учетом соблюдения всех экологических норм. Также он подчеркнул важность дальнейшей реализации социальной политики по созданию необходимых условий для труда, быта и оздоровления работников.
Об АО «Национальная компания «КазМунайГаз»:
АО «Национальная компания» КазМунайГаз» является ведущей вертикально-интегрированной нефтегазовой компанией Казахстана. КМГ управляет активами по всему производственному циклу от разведки и добычи углеводородов до транспортировки, переработки и предоставления специализированных услуг. Компания, основанная в 2002 году, представляет интересы Казахстана в нефтегазовой отрасли страны.