Пресс-релизы
Қазақстандағы БҰҰДБ-ң жаңа Тұрақты өкілі тағайындалды
В ПРООН в Казахстане назначен новый Постоянный представитель

10 ақпан, Астана қ. – Катаржина Вавьерниа Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі болып тағайындалды.
Вавьерниа ханымның БҰҰ жүйесіндегі, сондай-ақ үкіметтік емес және жеке сектордағы басқару, қаржы және даму саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Соңғы төрт жыл бойы ол Сан-Томе мен Принсипидегі БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілі қызметін атқарды. Ол сондай-ақ бір жарым жыл Сан-Томе мен Принсипидегі резидент үйлестіруші қызметін атқарды.
Осы тағайындауға дейін Вавьерниа ханым БҰҰДБ Малавидегі (2013-2018) Тұрақты өкілінің орынбасары болды. 2008 жылдан 2013 жылға дейін Гвинея-Бисаудағы БҰҰДБ Тұрақты Өкілінің орынбасары қызметін атқарды. 2005 жылдан 2008 жылға дейін Вавьерниа ханым БҰҰДБ-ң Анголадағы кеңсесінде оқыту мен әлеуетті арттыруға және сатып алуларға жауапты болды.
Бұған дейін Вавьерниа ханым бес жыл бойы Оңтүстік Африкада және Мозамбикте үкіметтік емес секторда микроқаржы жөніндегі кеңесші болып жұмыс істеді, онда босқындар үшін табыс әкелетін бағдарламаларды басқарды. Вавьерниа ханым еңбек жолын Польшадағы корпоративтік секторда 1996 жылы бастады.
Вавьерниа ханымның Варшава Экономика мектебінде (Польша) банк ісі және қаржы саласында магистр дәрежесі және Бирмингем университетінде (Ұлыбритания) халықаралық даму (мамандық: жанжал, қауіпсіздік және даму) бойынша жоғары білімнен кейінгі білім туралы дипломы бар.
Тұрақты даму мақсаттарын басшылыққа ала отырып, БҰҰДБ Қазақстанға өзінің ұлттық даму басымдықтарын жүзеге асыруда қолдау көрсетеді. БҰҰДБ елдік бағдарламасы экономиканы әртараптандыру, институттарды жаңғырту, теңсіздіктерді азайту және табиғи ресурстарды тұрақты басқару арқылы Қазақстанның өсу траекториясын сақтауға бағытталған.
###
Қосымша ақпарат алу үшін Қазақстандағы БҰҰДБ Қоғаммен байланыс бөліміне undp.kz.media@undp.org электрондық поштасы арқылы немесе +7 705 700 9793 телефоны бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.
###
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) кедейліктен туындаған әділетсіздікпен, теңсіздікпен және климаттың өзгеруімен күресетін БҰҰ-ның жетекші мекемесі болып табылады. 170 елдегі сарапшылар мен әріптестеріміздің кең торабымен жұмыс істей отырып, біз адамдар мен ғаламшар үшін кешенді, ұзақ мерзімді шешімдерді әзірлеуге көмектесеміз. Қосымша ақпарат алу үшін undp.org сайтына өтіңіз немесе @UNDP-де жаңалықтарды қадағалаңыз.
10 февраля, г. Астана – Катаржина Вавьерниа назначена Постоянным представителем Программы развития ООН в Казахстане.
Г-жа Вавьерниа имеет более 25 лет опыта работы в области управления, финансов и развития в системе ООН, а также в неправительственном и частном секторах. Последние четыре года она работала Постоянным представителем ПРООН в Сан-Томе и Принсипи. Она также занимала должность резидента -координатора в Сан-Томе и Принсипи в течение полутора лет.
До этого назначения г-жа Вавьерниа была заместителем Постоянного представителя ПРООН в Малави (2013–2018 гг.). С 2008 по 2013 гг. она работала заместителем Постоянного представителя ПРООН в Гвинее-Бисау. С 2005 по 2008гг. г-жа Вавьерниа отвечала за вопросы обучения и повышения потенциала, а также закупок в офисе ПРООН в Анголе.
До этого г-жа Вавьерниа в течение пяти лет работала советником по микрофинансированию в неправительственном секторе в Южной Африке и Мозамбике, где она руководила программами, обеспечивающими получение доходов для беженцев. Свою трудовую деятельность г-жа Вавьерниа начала в корпоративном секторе в Польше в 1996 году.
Г-жа Вавьерниа имеет степень магистра банковского дела и финансов Варшавской школы экономики (Польша) и сертификат последипломного образования в области международного развития (специализация: конфликты, безопасность и развитие) Бирмингемского университета (Великобритания).
Руководствуясь Целями устойчивого развития, ПРООН поддерживает Казахстан в реализации его национальных приоритетов развития. Страновая программа ПРООН направлена на поддержание траектории роста Казахстана за счет диверсификации экономики, модернизации институтов, сокращения неравенства и устойчивого управления природными ресурсами.
###
Для получения дополнительной информации просьба связаться с Отделом по связям с общественностью ПРООН в Казахстане по электронной почте: undp.kz.media@undp.org или тел. +7 705 700 9793.
###
Программа развития Организации Объединенных Наций (ПРООН) является ведущей организацией ООН, борющейся c несправедливостью, вызванной нищетой, c неравенством и изменением климата. Работая с широкой сетью экспертов и партнеров в 170 странах, мы помогаем создавать интегрированные, долгосрочные решения для людей и планеты. Узнайте o нас больше на сайте undp.org или присоединяйтесь на @UNDP.