Пресс-релизы
NCOC компаниясының 2022 жылғы қызметінің нәтижелері
Результаты деятельности компании NCOC за 2022 год



Атырау, 2023 жылғы 27 ақпан: Солтүстік Каспий жобасының (СКЖ) Операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC) компаниясы 2022 жылғы қызметінің нәтижелері туралы хабарлайды.
Өндірістік операциялар
2022 жылы NCOC компаниясындағы мұнай өндіру көлемі 12,7 млн тонна, табиғи газ өндіру көлемі 7,9 млрд м³ және күкірт өндіру көлемі 991 мың тонна болды.
2022 жылы NCOC Қашаған кен орнының өндірістік нысандарын толық тоқтата отырып, өз тарихындағы екінші жоспарлы-алдын алу мақсатындағы жөндеу (ЖАЖ) жұмыстарын аяқтады. ЖАЖ жұмыстары мерзімінен бұрын, өндірістік қауіпсіздік жағынан елеулі оқиғаларсыз өткізілді, оның орындалуына 1,3 млн сағат жұмсалды.
Осы маңызды жұмыстарды қауіпсіз орындауға басым көпшілігі Қазақстан азаматтары болып табылатын 10 000-нан астам адам тартылды.
NCOC компаниясы ЖАЖ жұмыстарына дайындалу аясында Атырау облыстық ауруханасымен және Атырау жедел медициналық жәрдем стансасымен бірге облыстың денсаулық сақтау қызметтерінің даярлығын бағалау үшін ауқымды медициналық жаттығу өткізді. Осы іс-шараға 70-тен астам дәрігер, медбике, сонымен қатар медициналық қызмет көрсетуші мердігер ұйымдардың қызметкерлері қатысты. Барлық кезеңдердегі, соның ішінде NCOC компаниясының өндірістік нысандарынан Атырау облыстық ауруханасына тасымалдау кезіндегі медициналық көмектің дер кезінде көрсетілуі мен тиімділігі бағаланды.
2022 жылғы ЖАЖ кезінде тұтастықты жақсарту және өнім өндіру көлемін арттыру бойынша бірнеше жоба жүзеге асырылды. Ондай жобалардың бірі теңіз кешеніндегі газ айдау компрессорларын жаңарту болды. Құрлық кешенінде амин берілетін 30-дюймдік желісіне байланысты аса маңызды жобаның табысты аяқталуы тағы бір маңызды оқиға болды. Бұл жобаның мақсаты қалпына келтіру бағанына амин берілетін 30-дюймдік желімен байланысты қолданыстағы қондырғыны жаңарту арқылы тұрақты шешімді жүзеге асыру болды.
2022 жылғы тамыз айында газ-сұйықтық сепараторының істен шығуына байланысты өндіріс деңгейі төмендеді. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін өндіріс 2022 жылғы 4 қарашада қайта басталды.
Адамдар мен қоршаған ортаны қорғау
«Мақсатты нөлдік көрсеткіш» тәсілдемесін ұстанатын NCOC компаниясы үшін негізгі басымдық — персоналдың қауіпсіздігі мен активтердің тұтастығы.
NCOC үшін теңіз кен орнын игеру — көмірсутегілер өндіру мәселесі ғана емес, сондай-ақ теңіздің экологиялық жүйесін қорғау жөніндегі ауқымды қызмет шеңберінде Солтүстік Каспийде экологиялық зерттеулер жүргізуге, соның ішінде флора мен фаунаға мониторинг жүргізуге; сонымен қатар теңіздегі және құрлықтағы биоалуандықты сақтау және жұртшылықтың өңірдегі биоалуандық туралы хабардарлығын арттыру мақсатында қоршаған ортаны қорғау бойынша озық тәжірибе мен бағдарламаларды қолдана отырып, биоалуандықты зерттеуге үлес қосу.
2022 жылы қоршаған ортаны қорғау бойынша түрлі іс-шаралар ойдағыдай аяқталды:
- Каспий итбалығының популяциясын кешенді зерттеулер: арнайы жабдықталған әуе кемесімен итбалықтардың күшіктеу және түлеу кезеңінде олардың жатақтарына көп спектрлі зерттеу жүргізілді. Итбалықтар туралы соңғы алынған деректер бойынша популяцияның жалпы саны 2022 жылға қараған шақта 311 мың болды;
- Каспий итбалықтарына жерсеріктік телеметрия көмегімен ен салу және биологиялық материалын талдау жолымен оның популяциясының қазіргі күйін зерттеу: итбалықтардың қоныс аудару жолдарын зерделеу үшін оларға қырық жерсеріктік радиомаяк орнатылды;
- мұзжарғыш кемелердің қысқы навигациясы Каспий итбалықтарының күшіктеуіне тигізетін әсерді зерделеу;
- Каспий теңізінің қазақстандық секторында Каспий итбалықтарының табиғи қорығын құру үшін жүргізілген арнайы зерттеулер;
- құстардың қыстайтын орындарын және көктемгі қоныс аудару жолдарын орнитологиялық зерттеу және жазғы кезеңде ұя салатын құстарды есепке алу;
- Атырау және Маңғыстау облыстарындағы құрлық кешенінің өндірістік нысандары маңында флора мен фаунаны, сонымен қатар топырақты зерттеу;
- теңіздегі экологиялық зерттеулер мен СКЖ мердігерлік алаңындағы, сонымен қатар Каспийдің солтүс-шығыс бөлігінің басқа да акваторияларындағы әсер ету мониторингі;
- су түбін тереңдету жұмыстары жүргізілетін алаңда теңіз суының сапасына және биотаның күйіне қосымша мониторинг жүргізіп, нәтижелерін жұртшылықтың назарына ұсыну. Мониторинг нәтижелері биотаның (бентос пен планктонның) тұрақты қалпына келуін айғақтады;
- Солтүстік Каспийдің кешенді сезімталдық картасын әзірлеу бойынша зерттеулер шеңберінде теңіздегі және теңіз жағалауы бойындағы қоршаған ортаның барлық параметрлерінің ағымдағы жағдайына мониторинг жүргізу;
- құрлық кешенінің өндірістік инфрақұрылымын пайдаланудың ыза судың күйіне тигізетін әсерін зерделеу үшін ыза су мен беткі суға мониторинг жүргізу.
NCOC компаниясы бекіре шабақтарын шығару арқылы Жайық-Каспий бассейніндегі бекіре тұқымдас балықтардың популяциясын сақтауға бағытталған жыл сайынғы жобаны жүзеге асырады. 2022 жылы NCOC Жайық-Атырау бекіре өсіру зауытының өндірістік қуаттарын пайдалана отырып, бекіре тұқымдас балықтардың жасанды жолмен өсірілген 400 000 шабағын Жайық өзеніне жіберді.
NCOC экологтары халықтың биоалуандықты сақтау туралы хабардарлығын арттыру бағдарламасы шеңберінде биоалуандық туралы деректер ұсынуда, ғылыми ақпарат жариялауда, бейнефильмдер түсіруде, экологиялық іс-шаралар өткізуге қолдау көрсетуде, сонымен қатар мектеп оқушылары мен студенттерге қоршаған ортаны қорғау тақырыбы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
NCOC компаниясы жұртшылыққа ашықтығын көрсете отырып, маңызды экологиялық тақырыптар бойынша бірқатар дөңгелек үстел мен қоғамдық тыңдаулар өткізді. Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлескен талқылаулар компания қызметінің оң тұстарын анықтауға және баса назар аударуды және жақсартуды қажет ететін мәселелерді белгілеуге ықпал етті.
Көміртексіздендіру
NCOC компаниясы климаттың өзгеруіне қарсы күресудегі жаһандық күш-жігерге өз үлесін қосуға ұмтылуда. NCOC компаниясының парниктік газдар шығарындыларын қысқарту бойынша ағымдағы стратегиясы Қашаған мұнай кен орнын игерудің І кезеңінде өз қызметінің парниктік газдар қарқындылығын 2030 жылға дейін 2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда 15%-ға шектеуге бағытталған.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін NCOC компаниясы 2022 жылы бар күшін келесілерді қамтамасыз етуге жұмсады:
- жабдықтар жұмысының сенімділігін қамтамасыз ету;
- құрлық кешенінің өндірістік нысандарында метанның шығу жағдайларын анықтау және жою бағдарламасын іске қосу;
- NCOC компаниясында көміртегі шығарындыларын азай үшін жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдалану, қалдық жылуды кәдеге жарату және басқа балама нұсқаларды біріктіру мақсатында техникалық-экономикалық негіздеме бойынша зерттеулерді жалғастыру;
- парниктік газдар шығарындыларының мониторингісін үздіксіз жетілдіру.
NCOC компаниясының персоналы
Компания өзінің жетістіктеріне NCOC бүкіл ұжымы мен мердігер ұйымдарының ерен еңбегі арқасында жетті. Персоналдың кәсіпқойлығы мен еңбекқорлығы Қашаған кен орнында күрделі жағдайларда мұнай өндіру көлемін арттыру және өнім өндіру деңгейін сақтау үшін жаңа техникалық шешімдер әзірлеуге ықпал етті.
2022 жылы NCOC компаниясының 3000-ға жуық қызметкерінің 95% және СКЖ-да жұмыс істейтін 9000 адамның 96% ҚР азаматтары болды. «NCOC» компаниясы шетелдік мамандарды қазақстандық қызметкерлермен алмастыру бойынша мақсаттарынан едәуір асып түсті: басшы лауазымдардың 90% жергілікті қызметкерлер еңбек етіп жатыр. Сондай-ақ 2022 жылы 31 лауазым бойынша шетелдік мамандар жергілікті кадрлармен алмастырылды.
Жергілікті қамту
2022 жылы NCOC компаниясы тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алудағы жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша жұмысты жалғастырып, жалпы шығындар көлеміндегі жергілікті қамту үлесі 748 млн АҚШ долларын немесе 59 % құрады.
СКЖ Қазақстандағы тікелей шетелдік инвестициялары бар ең ірі жоба бола отырып, жергілікті бизнеске мүмкіндік жасап, Республика экономикасына пәрменді ықпалын тигізіп келеді. 2022 жылы NCOC компаниясы «АтырауМұнайМаш» ЖШС-мен ребойлерлердің құбыр шоқтарымен жабдықтау туралы келісімшарт жасасты. Сондай-ақ «Биоэнергетикалық зерттеулер орталығы» ЖШС-мен МГКДҚ булану тоғандарын биогендік заттектермен тазалау қызметін көрсетуге шарт жасасты.
NCOC мен «PetrolValves Kazakhstan» ЖШС Қазақстанда өндірілетін өнімді СКЖ өндірістік қызметінде пайдалану үшін сатып алу мүмкіндігі бойынша ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім дайындауды аяқтап жатыр.
NCOC жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасына сәйкес жергілікті компанияларға үш энергетикалық және үш экологиялық аудит өткізді. Сондай-ақ жергілікті жеті компания ISO стандарттары бойынша сертификаттаудан өтті, ал екі компания API стандарты бойынша сертификаттаудан өтіп жатыр.
NCOC жергілікті кәсіпорындармен қарым-қатынас жасау шеңберінде «Кәсіби жарамдылықты алдын ала бағалау» тақырыбы бойынша екі таныстыру семинарын және «ДЕҚҚОҚ» тақырыбы бойынша бір семинар өткізіп, осы шараларға жергілікті алпыстан астам компания қатысты.
Әлеуметтік маңызы бар жобалар және жергілікті халықпен қарым-қатынас
NCOC мен оның акционерлері үшін негізгі басымдықтардың бірі — NCOC қызметі жүргізіліп жатқан өңірлерде тұрып жатқан халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту. NCOC өзінің әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыруы арқасында үнемі өзінің өндірістік нысандарының маңында тұратын халықты тұрақты қолдауды кеңейту жолында жұмыс істеп жатыр.
2022 жылғы желтоқсанда NCOC жыл сайынғы жалпыұлттық «Парыз» байқауының қорытындылары бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілері арасындағы әлеуметтік жауапкершілігі жоғары компания ретінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан бас жүлде алды. Байқаудың Алтын мүсіншесі қызметін және корпоративтік, әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын жүзеге асыруда ең жоғары жетістіктерге жеткен номинанттарға беріледі. Бұл жүлде NCOC компаниясына әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларын (ӘИЖ), сонымен қатар демеушілік және қайырымдылық (ДжҚ) бағдарламаларын табысты жүзеге асырып, жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсартуға сүбелі үлес қосқаны үшін берілді.
NCOC СКӨБК-ге сәйкес ӘИЖ және жергілікті халыққа қолдау көрсетуге бағытталған жобаларды жүзеге асырып жатыр. 2022 жылы ӘИЖ саны 226 болды, оларға бөлінген қаржының жалпы сомасы 863 млн АҚШ долларына жетті. Қазіргі уақытта Маңғыстау және Атырау облыстарында 5 ӘИЖ жүзеге асырылып жатыр. 2022 жылы NCOC компаниясы жергілікті ұйымдардың экологиялық, білім беру және медициналық бастамаларына қолдау көрсетуге бағытталған 23 жобаны жүзеге асырды. 1998 жылдан бері компания Атырау мен Маңғыстау облыстарында 1473 ДжҚ жобасын орындады және оларға жұмсалған қаржының жалпы сомасы 26 млн АҚШ долларына тең болды.
NCOC компаниясы жұртшылықтың құрметі мен сеніміне жақсы жұмыс нәтижелері, ашық диалог құру және жұртшылықтың өміріне қатысу арқылы қол жеткізуге болатынын жақсы біледі. Сондықтан да компания өзінің өндірістік операцияларымен байланысты жұртшылықты алаңдататын мәселелердің шешімін табу үшін жергілікті халықпен тұрақты қарым-қатынас жасайды. 2022 жылы NCOC компаниясы бірқатар экологиялық және әлеуметтік мәселелерге қатысты жұртшылықтың қатысуымен он іс-шара, он үш қоғамдық тыңдау және алты дөңгелек үстел өткізді.
NCOC басқарушы директоры Оливье Лазар өз сөзінде: «2022 жыл айрықша, әрі күрделі және беймаза жыл болды. Бүкіл әлем үшін сияқты компаниямыз үшін де бірнеше мәселе бойынша ерекше әрі қайталанбас жыл болды. Бірақ біз қиын сынақтан ойдағыдай өттік. Жыл ішінде біз ірі жоспарлы-алдын алу мақсатындағы жөндеу жұмыстарын өткіздік, жаңа және үнемі өзгеріп тұратын жағдайларда жұмыс істеп үйрендік, бұл ретте персоналымыз компания мақсаттарына жету жолындағы шыдамдылығының жоғары деңгейін көрсетті. Біз жаңа қызмет салаларын зерделедік, Қашаған сияқты бірегей кен орнында өте күрделі жағдайларда мұнай өндіру деңгейін сақтау үшін жаңа техникалық шешімдер әзірледік.
Мен барлық әріптестеріме, серіктестеріміз бен мүдделі тұлғаларға, жоба акционерлеріне және Қазақстан Республикасының үкіметіне біздің ортақ ісімізге бейілділігі үшін, сенім артып, қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын. Біз қауіпсіз өндірісті қамтамасыз ету мен кеңейтуге, қызметкерлеріміз бен қоршаған ортаны қорғауға, сонымен қатар персоналымыздың біліктілік деңгейін ең жоғары әлемдік стандарттарға сәйкес арттыруға бағытталған стратегиямыздың таяу ондаған жылдар бойына тұрақты болып қалып отырғанына бірге қол жеткіздік», - деді.
Атырау, 27 февраля 2023 года: Компания «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC), оператор Северо-Каспийского проекта (СКП), сообщила о результатах своей деятельности за 2022 год.
Производственные операции
В 2022 году объем добычи нефти в компании NCOC достиг 12,7 млн тонн, природного газа - 7,9 млрд м³ и объем производства серы - 991 тыс. тонн.
В 2022 году NCOC завершила второй, крупнейший в своей истории, планово-предупредительный ремонт (ППР) с полной остановкой производственных сооружений месторождения Кашаган. ППР был проведен с опережением графика без серьезных происшествий в части производственной безопасности при затратах в 1,3 млн человеко-часов.
Более 10 000 человек, в основном граждане РК, были задействованы в безопасном выполнении данных важных работ.
В рамках подготовки к ППР компания NCOC совместно с Атырауской областной больницей и Атырауской станцией скорой медицинской помощи провела крупномасштабные медицинские учения для оценки готовности областных служб здравоохранения. В данном мероприятии приняли участие более 70 врачей, медсестер, а также сотрудники подрядных организаций, оказывающих медицинские услуги. Выполнена оценка своевременного реагирования и эффективности медицинской помощи на всех этапах, включая транспортировку с производственных участков компании NCOC в Атыраускую областную больницу.
Во время ППР в 2022 году было реализовано несколько проектов по улучшению целостности и увеличению добычи. Одним из таких проектов была модернизация компрессоров закачки газа на морском комплексе. Еще одной важной вехой стало успешное выполнение критически важного проекта 30-дюймовой линии амина на наземном комплексе. Задача заключалась в реализации постоянного решения путем модификации существующей установки, связанной с 30-дюймовой линией подачи на колонны регенерации амина.
В августе 2022 года уровень добычи снизился в связи с выходом из строя газожидкостного сепаратора. По завершении ремонтных работ добыча была возобновлена 4 ноября 2022г.
Защита людей и окружающей среды
Безопасность персонала и целостность активов являются основным приоритетом для компании NCOC, применяющей подход «нулевого целевого показателя».
Разработка морского месторождения для NCOC - это не только вопрос добычи углеводородов, но и возможность внести свой вклад в проведение экологических исследований на Северном Каспии в рамках широкомасштабной деятельности по защите морской экосистемы, включая мониторинг флоры и фауны, а также изучение морского и наземного биоразнообразия с целью его сохранения c применением передового опыта, оказанием поддержки в реализации программ защиты окружающей среды и повышением осведомленности общественности о биоразнообразии в регионе.
В 2022 году были успешно завершены различные мероприятия по охране окружающей среды:
- комплексные исследования популяции каспийского тюленя: с помощью специально оборудованного воздушного судна проведено многоспектральное исследование лежбищ тюленей в период размножения и линьки. Исходя из последних полученных данных о тюленях, общая численность популяции к 2022 году составляет 311 тысяч особей;
- исследование текущего состояния популяции каспийских тюленей путем мечения с помощью спутниковой телеметрии и анализа биологического материала: установлено сорок спутниковых радиомаяков на тюленях для изучения маршрутов их миграции;
- исследование влияния зимней навигации ледокольных судов на размножение каспийских тюленей.;
- специальные исследования для создания природного заповедника каспийских тюленей в казахстанском секторе Каспийского моря;
- орнитологические исследования мест зимовок, весенней миграции и учет гнездовых птиц в летний период;
- исследования флоры и фауны, а также почвы в районе наземных производственных сооружений в Атырауской и Мангистауской областях;
- морские экологические исследования и мониторинг воздействия на Подрядном Участке СКП, а также в других акваториях северо-восточной части Каспия;
- дополнительный мониторинг качества морской воды и состояния биоты на участке дноуглубительных работ с последующим предоставлением результатов общественности. Результаты мониторинга свидетельствуют о стабильном восстановлении биоты (бентоса и планктона);
- мониторинг текущего состояния всех параметров окружающей среды на море и вдоль морского побережья в рамках исследований по разработке комплексной карты чувствительности Северного Каспия;
- мониторинг грунтовых и поверхностных вод для изучения воздействия эксплуатации производственной инфраструктуры наземного комплекса на состояние грунтовых вод.
Компания NCOC реализует ежегодный проект, направленный на сохранение популяции осетровых рыб в Жайык-Каспийском бассейне путем выпуска молоди. В 2022 году NCOC, используя производственные мощности Урало-Атырауского осетрового рыборазводного завода, выпустила 400 000 искусственно выращенной молоди осетровых рыб в реку Жайык.
В рамках программы повышения осведомленности населения о сохранении биоразнообразия экологи NCOC предоставляют данные о биоразнообразии, публикуют научную информацию, снимают видеофильмы, оказывают поддержку в проведении экологических мероприятий, а также проводят разъяснительную работу со школьниками и студентами на тему охраны окружающей среды.
Демонстрируя открытость для общественности, компания NCOC провела ряд круглых столов и общественных слушаний по важным экологическим темам. Совместные обсуждения с представителями неправительственных организаций способствовали определению положительных аспектов деятельности компании и выявлению вопросов, требующих более пристального внимания и улучшения.
Декарбонизация
NCOC стремится внести свой вклад в глобальные усилия по борьбе с изменением климата. Текущая стратегия NCOC по сокращению выбросов парниковых газов направлена на ограничение интенсивности выбросов парниковых газов в результате производственных операций на 15% на Этапе 1 освоения нефтяного месторождения Кашаган к 2030 году в сравнении с уровнем 2019 года.
Для достижения поставленной цели в 2022 году компания NCOC сосредоточила усилия на следующем:
- обеспечение эксплуатационной надежности;
- введение в действие программы обнаружения и устранения утечек (ОУУ) метана на производственных сооружениях наземного комплекса;
- продолжение исследований по технико-экономическому обоснованию с целью включения использования возобновляемых источников энергии (ВИЭ), утилизации отходящего тепла (УОТ) и других альтернативных вариантов для сокращения углеродных выбросов в NCOC;
- постоянное совершенствование мониторинга выбросов парниковых газов.
Персонал компании NCOC
За достижениями компании стоит упорный труд всего коллектива NCOC и подрядных организаций. Профессионализм и усилия персонала способствовали разработке новых технических решений для наращивания и поддержания уровня добычи на месторождении Кашаган в сложных условиях.
В 2022 году 95% почти из 3 000 работников NCOC и 96% из 9 000 человек, работающих на СКП, являются гражданами РК. Компания NCOC значительно превысила свои цели по национализации: 90% руководящих должностей занимают местные сотрудники. Кроме того, в течение 2022 года осуществлено замещение иностранных специалистов казахстанскими кадрами на 31 должности.
Местное содержание
В 2022 году компания NCOC продолжила работу по увеличению местного содержания в закупках местных товаров, работ и услуг, которые составили 748 млн долларов США или 59 % от общего объема затрат.
Будучи самым крупным в Казахстане проектом с прямыми иностранными инвестициями, СКП оказывает мощное воздействие на экономику Республики, предоставляя возможности местному бизнесу. В 2022 году компания NCOC подписала контракт с ТОО «АтырауНефтеМаш» на поставку трубных пучков для ребойлеров. Кроме того, был подписан договор с ТОО «Центр биоэнергетических исследований» на оказание услуг по очистке прудов-испарителей УКПНиГ с помощью биогенных веществ.
NCOC и ТОО «PetrolValves Kazakhstan» завершают подготовку рамочного соглашения о сотрудничестве на потенциальное приобретение продукции, производимой в Казахстане, для использования в производственной деятельности СКП.
В соответствии с программой развития местного содержания NCOC провела три энергетических и три экологических аудита местных компаний. Кроме того, семь местных компаний прошли сертификацию по стандарту ISO, а две компании находятся в процессе сертификации по стандарту API.
В рамках взаимодействия с местными предприятиями NCOC провела два ознакомительных семинара на тему «Предварительная квалификационная оценка» и один семинар на тему «ОЗТОСиБ», в которых приняли участие более шестидесяти местных компаний.
Проекты социального назначения и взаимодействие с местным населением
Одним из ведущих приоритетов для NCOC и ее акционеров является социальное благополучие жителей, проживающих в регионах деятельности NCOC. Благодаря реализации своих социальных программ NCOC постоянно работает над расширением стабильной поддержки населению, проживающему вблизи ее производственных объектов.
В декабре 2022 года NCOC получила гран-при по итогам ежегодного общенационального конкурса «Парыз» от Президента РК Касым-Жомарта Токаева как самая социально ответственная компания среди субъектов крупного предпринимательства. Золотая статуэтка конкурса присуждается номинантам с самыми высокими достижениями в деятельности и реализации принципов корпоративной, социальной и экологической ответственности. Этой наградой отмечается вклад компании NCOC в улучшение благосостояния местного населения благодаря успешной реализации проектов инфраструктуры и социального назначения (СИП), а также программ спонсорства и благотворительности (СиБ).
В соответствии с СРПСК NCOC реализует СИП и проекты, направленные на поддержку местного населения. В 2022 году СИП достигло 226 на общую сумму 863 млн долларов США. В настоящее время продолжается реализация 5 СИП в Мангистауской и Атырауской областях. В течение 2022 года компания NCOC осуществила 23 проекта, направленных на поддержку экологических, образовательных и медицинских проектов, инициированных местными организациями. С 1998 года компания выполнила 1 473 проекта CиБ в Атырауской и Мангистауской областях на общую сумму 26 млн долларов США.
NCOC понимает, что уважение и доверие общественности можно заслужить благодаря хорошим результатам работы, открытому диалогу и участию в жизни общественности. Именно поэтому компания регулярно взаимодействует с местным населением для решения вопросов, вызывающих у жителей обеспокоенность в связи с производственными операциями NCOC. В течение 2022 года компания NCOC провела десять мероприятий с участием общественности, тринадцать общественных слушаний и шесть круглых столов по ряду экологических и социальных вопросов.
По словам управляющего директора NCOC Оливье Лазара: «2022 год был исключительным и в то же время сложным и неспокойным. Для нашей компании, как и для всего мира, он был необычным и уникальным в нескольких отношениях, но мы уверенно прошли это трудное испытание на прочность. В течение этого года мы провели крупный планово-предупредительный ремонт, учились работать в новых и постоянно меняющихся условиях, продемонстрировав высокий уровень устойчивости и приверженности нашего персонала достижению целей компании. Мы изучили новые сферы деятельности, разработали новые технические решения для поддержания уровня добычи на уникальном месторождении Кашаган в очень сложных условиях.
Я благодарю всех своих коллег, наших партнеров и заинтересованные стороны, акционеров проекта и Правительство Республики Казахстан за приверженность нашему общему делу, их доверие и поддержку. Вместе мы добились того, что наша стратегия, направленная на обеспечение и расширение безопасного производства, защиту наших сотрудников и окружающей среды, а также на повышение компетенции нашего персонала в соответствии с самыми высокими мировыми стандартами, остается нашей стабильной перспективой на ближайшие десятилетия».

