Пресс-релизы
Жаңа энергия көздеріне көшу және энергетикалық қауіпсіздікте газдың рөлі қандай: QazaqGaz басшысы CERAWeek-2023 энергетикалық конференциясында баяндама жасады
Какова роль газа в энергопереходе и энергобезопасности: глава QazaqGaz выступил с докладом на CERAWeek-2023


Хьюстон, АҚШ 9 наурыз 2023 жыл
8 наурызда CERAWeek энергетикалық конференциясы аясында «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Қазақстанның жаңа энергия көздеріне көшуі және энергетикалық қауіпсіздігіндегі газдың рөлі туралы айтты.
«Энергетикалық қауіпсіздік, жаңа энергия көздеріне көшу және энергияның тұтынушыларға баға тұрғысынан да қолжетімді болуы – кез келген елдің энергетикалық бағдарламасында ескерілуі тиіс үш фактор», – деді ұлттық компания басшысы.
Сондай-ақ, ол Қазақстан әлемдегі және Еуропадағы энергетикалық дағдарыстан қандай сабақ алып жатқандығын айтты. Бұдан басқа, QazaqGaz қазірдің өзінде 2023-2024 жылдың жылыту маусымы жайлы өтуі үшін өзгерістерге бейімделіп жатыр.
Оның айтуынша, Қазақстан Үкіметінің қолдауымен газ саласында бұрын-соңды болмаған реформалар еліміздің инвестициялық әлеуетін жүзеге асыруға көмектесуде. Оның ішінде жер қойнауын пайдаланушылардан газ сатып алудың жаңа формуласы, тұтынушылардың жаңа санаттары, көмірсутектерді өндіру бойынша жетілдірілген үлгілік келісім-шарт та бар.
Сонымен қатар, Санжар Жаркешов 2025 жылға жоспарланған IPO аясында жақын арада роудшоу ұйымдастырылатынын да атап өтті.
«IPOға дайындалып жатқан ұлттық компания ретінде біз ESGға аса көңіл бөліп отырмыз», - деді Санжар Жаркешов.
CERAWeek – АҚШ-тың Хьюстон қаласында S&P Global ұйымдастыратын ең ірі жыл сайынғы энергетикалық конференция. 2023 жылғы конференцияның тақырыбы – «Navigating a Turbulent World: Energy, Climate and Security». Форумға әлемнің түкпір-түкпірінен 4000-ға жуық делегат – энергетикалық компаниялардың басшылары мен өкілдері, саясаткерлер, энергетика, қаржы, экология саласындағы сарапшылар және т.б, жиналды.
Хьюстон, США 9 марта 2023 года
8 марта в рамках крупнейшей энергетической конференции CERAWeek Председатель Правления АО «НК «QazaqGaz» Санжар Жаркешов рассказал о роли газа в энергопереходе и об энергобезопасности в Казахстане.
«Энергобезопасность, энергопереход и доступность энергии для потребителей – три фактора, которые должны быть учтены в энергетической программе любой страны», – отметил глава национальной компании.
Санжар Жаркешов также сообщил, какие уроки Казахстан извлекает из энергетического кризиса в Европе и в мире. Вместе с тем QazaqGaz активно ведет предварительные подготовительные работы к отопительному периоду 2023-2024 годов.
По его словам, беспрецедентные реформы газовой отрасли, которые поддерживаются руководством Казахстана, помогут стране реализовать свой инвестиционный потенциал. В их числе, новая стимулирующая формула закупа газа у недропользователей, новые категории потребителей, улучшенный модельный контракт на добычу углеводородов.
Помимо этого, глава нацкомпании рассказал, что в ближайшее время стартует roadshow планируемого в 2025 году IPO АО «НК «QazaqGaz».
«Как новая национальная компания, которая готовится к IPO, мы всерьез фокусируемся на ESG», – добавил Санжар Жаркешов.
CERAWeek — крупнейшая ежегодная конференция по энергетике, которая проводится информационно-аналитической компанией S&P Global в Хьюстоне, США. Тема конференции в 2023 году - «Navigating a Turbulent World: Energy, Climate and Security». Форум собрал порядка 4 тыс. делегатов со всего мира — руководителей и представителей энергетических компаний, политических деятелей, экспертов в области энергетики, финансов, экологии и т.д.