Пресс-релизы
Ақтөбе, 23 маусым 2023 - Ақтөбеде Makerspace шығармашылық кеңістігі ашылды
Актобе, 23 июня 2023 – Креативное пространство Makerspace открыли в Актобе
Қазақстандағы АҚШ Елшілігі және "Шеврон" компаниясы C.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесіп Ақтөбе қаласының американдық бұрышында MakerSpace жаңа шығармашылық кеңістігін ресми түрде ашты.
Қазақстандағы АҚШ елшісі Дэниэл Розенблюм, Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов және "Шеврон" компаниясының Еуразиялық бөлімшесінің Басқарушы директоры Дерек Магнесс Ақтөбе қаласының американдық бұрышында жаңа Makerspace ашылу салтанатына қатысты.
"Шығармашылық салалардың болашағы зор, бұған күмән жоқ. Сондықтан біз осындай орталықтардың ашылуын қолдаймыз. IT технологиялары біздің табалдырығымыздан әлдеқашан өтіп кеткен және біздің балаларымыз барлық жаңа технологияларға, барлық заманауи әзірлемелерге қосылуы керек. Шығармашылық орталық балалар мен жастарды тарту мақсатында ашылған, өйткені бұл кәсіптік бағдар, жұмысқа орналасу мүмкіндігі, ал олардың әрқашан таңдауы болуы тиіс. Біз жас отандастарымыздың шығармашылығын қолдауға бағытталған жобаны іске асыруға қатысқандардың барлығына ризамыз", - деп атап өтті өз сөзінде Ералы Тоғжанов.
Makerspace тұжырымдамасы 2005 жылы АҚШ-тың Калифорния штатында пайда болған. Makerspace - бұл адамдардың өзара шығармашылық, ізденіс және идеялармен бөлісуіне арналған бірлескен кеңістік. Мейкерспейстер ғылым, технология, инженерия, өнер және математика (STEAM) қиылысында дағдыларды дамытуға және білім беруге ықпал етеді.
"Мейкерспейстер Қазақстандағы STEAM саласында білім беруді қолдауда маңызды рөл атқарады, олар арқылы біз жастардың болашағына инвестиция жасаймыз. Осылайша бұл жастар ғылым, технология және кәсіпкерлік саласындағы көшбасшы ретінде Қазақстанның дамуының тірегіне айналады", - деді елші Розенблюм ашылу салтанатында.
Makerspace Aktobe - бұл заманауи шығармашылық зертхана, онда аудитория робототехника, электроника, ғылыми эксперименттер сабақтары және т.б. өз идеяларын жүзеге асыру үшін 3D басып шығарумен және басқа жабдықтармен жұмыс істеудің бірегей мүмкіндігіне ие болады.
""Шеврон" компаниясы үшін біздің инвестицияларымызды тек мұнай-газ саласымен шектемейтініміз өте маңызды. Серіктестерімізбен - мемлекеттік мекемелермен, коммерциялық емес ұйымдармен, мектептермен және университеттермен бірге - біздің мақсатымыз-адамдарға инвестиция салу арқылы адами капиталды үнемі нығайту. Адамдар - бізде бар ең құнды ресурс. 1994 жылдан бастап Шеврон 30-дан астам қоғамдық ұйымдармен 400-ден астам жобаны бастай отырып, әлеуметтік инвестицияларға шамамен 500 миллион доллар инвестициялады. Біз қалалық және ауылдық мектептердегі мыңдаған балаларды, мұғалімдер мен жаттықтырушыларды қамтитын даму бағдарламаларын қолдаймыз", - деді "Шеврон" компаниясының Еуразиялық бөлімшесінің Басқарушы директоры Дерек Магнесс.
Мұнда балалар робототехникамен, инженерлік және дизайн ісімен, компьютерлік графикамен, 3D-модельдеумен айналысатын болады. Сондай-ақ компьютерлік кодтау, шеберлік, дәнекерлеу, робототехника, қалдықтарды қайта өңдеу, дизайн, ғылыми эксперименттер және басқа да тақырыптар бойынша семинарлар мен тренингтер, шеберлік сыныптары өтеді. Барлық іс-шаралар мен семинарлар қолжетімді және тегін болады. MakerSpace бүкіл аймақтағы жас өнертапқыштар үшін тартымды орын болады деп күтілуде.
Ақтөбедегі Makerspace "Шеврон" компаниясының қолдауымен Қазақстанда АҚШ Елшілігі ашқан есеп бойынша алтыншы кеңістік - бұрын ашылған басқа да кеңістіктер Алматы, Астана, Өскемен, Павлодар және Орал қалаларында орналасқан. 2020 жылы АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі мен "Шеврон" компаниясы мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы келісімге қол қойды, оның шеңберінде Қазақстанның қалаларында жабдықталған мейкерспейстер ашу жоспарлануда. Серіктестер 21 ғасырда қазақстандық жастар арасында табысқа жету үшін қажетті дағдылар мен білімді дамыту бойынша бірыңғай міндеттерді бөліседі.
Ақтөбедегі Мейкерспейстің мекен-жайы: C. Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапхана, 11 шағын ауданы, 112Е, «D» телімі
Instagram: @american_corner_aktobe
«Шеврон» – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз адамзат прогресі үшін қолжетімді, сенімді және таза энергия қажет деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біздің мақсатымыз мұнай-газ саласындағы біздің дәстүрлі бизнес бағытымызды дамыту, қызметіміздегі көміртек шығарындыларын азайту және жаңартылатын отын түрлері, сутек, көміртекті ұстап қалу, офсеттер мен басқа да инновациялық технологияларды пайдалану сияқты төмен көміртекті бизнес бағыттарын дамыту. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.
Посольство США в Казахстане и компания “Шеврон” в сотрудничестве с Актюбинской областной универсальной научной библиотекой им. С. Баишева официально открыли новое креативное пространство Makerspace в Американском уголке г. Актобе.
Посол США в Казахстане Дэниел Розенблюм, аким Актюбинской области Ералы Тугжанов и Управляющий директор Евразийского подразделения компании “Шеврон” Дерек Магнесс приняли участие в церемонии открытия нового Makerspace в Американском уголке города Актобе.
«Креативные индустрии имеют большое будущее, в этом нет никаких сомнений. Поэтому мы поддерживаем открытие подобных центров. IT-технологии давно перешагнули наш порог, и наши дети должны быть приобщены ко всем новым технологиям, всем современным разработкам. Креативный центр открыт с целью привлечения детей и молодежи, ведь это профориентация, возможность трудоустройства, а выбор у них должен быть всегда. Мы признательны всем, кто причастен к реализации проекта, направленного на поддержание творчества наших юных сограждан», - подчеркнул в своем выступлении Ералы Тугжанов.
Концепция Makerspace зародилась в 2005 году в Калифорнии, США. makerspace - это пространство для совместной работы, где аудитория учится навыкам через созидательное творчество, исследования и обмен идеями. Такие пространства способствуют продвижению развития навыков и образованию на стыке науки, технологий, инжиниринга, искусства и математики (STEAM).
«Мейкерспейсы играют важную роль в поддержке STEAM образования в Казахстане. Через них мы инвестируем в будущее молодежи, чтобы эти молодые люди затем стали опорой развития Казахстана в качестве лидера в науке, технологиях и предпринимательстве», - сказал Посол Розенблюм на церемонии открытия.
Makerspace Aktobe – это современная творческая лаборатория, в которой аудитория получит уникальную возможность работать с 3D-печатью и иным оборудованием для воплощения своих идей в робототехнике, электронике, занятий научными экспериментами и др. Все рабочее пространство Makerspace ориентировано на совместную работу, обучение, исследование и обмен идеями.
“Для компании “Шеврон” очень важно, что мы не ограничиваем наши инвестиции только нефтегазовой отраслью. Вместе с нашими партнерами - государственными учреждениями, некоммерческими организациями, школами и университетами - наша цель состоит в постоянном укреплении человеческого капитала путем инвестиций в людей. Люди - это самый ценный ресурс, который у нас есть. С 1994 года компания “Шеврон” вложила около 500 миллионов долларов в социальные инвестиции, инициировав более 400 проектов с более чем 30 общественными организациями. Мы поддерживаем программы развития, которые охватывают тысячи детей, учителей и тренеров как из городских, так и из сельских школ”, - сказал Управляющий директор Евразийского подразделения компании “Шеврон” Дерек Магнесс.
Здесь ребята будут заниматься робототехникой, инженерным и дизайнерским делом, компьютерной графикой, 3D-моделированием. Также будут проходить семинары и тренинги, мастер-классы по компьютерному кодированию, мастерству, пайке, робототехнике, переработке отходов, дизайну, научным экспериментам и другим темам. Все мероприятия и семинары будут доступными и бесплатными. Ожидается, что Makerspace станет местом притяжения для молодых изобретателей со всей области.
Мейкерспейс в Актобе стал шестым по счету, открытым в Казахстане Посольством США при поддержке компании “Шеврон” - другие ранее открытые пространства находятся в Алматы, Астане, Оскемене, Павлодаре и Уральске. В 2020 г. Посольство США в Казахстане и компания “Шеврон” подписали соглашение о государственно-частном партнерстве, в рамках которого планируется открытие оборудованных мейкерспейсов в городах Казахстана. Партнеры разделяют единые задачи по развитию навыков и знаний, необходимых для успеха в 21-ом веке среди казахстанской молодежи.
Адрес Мейкерспейса в г. Актобе: Актюбинская областная универсальная научная библиотека им. С.Баишева, Адрес: 11 микрорайон, 112Е, Секция “Д”
Instagram: @american_corner_aktobe
“Шеврон” является одной из ведущих интегрированных энергетических компаний в мире. Мы считаем, что надежная, доступная и чистая энергия необходима для прогресса. “Шеврон” занимается добычей нефти и природного газа, производством ГСМ, нефтехимической продукции и присадок и разрабатывает технологии для развития нашего бизнеса и отрасли. Нашей целью является рост нашего традиционного направления бизнеса в сфере нефти и газа, снижение углеродоемкости нашей деятельности и развитие низкоуглеродных направлений бизнеса таких, как возобновляемые виды топлива, водород, улавливание углерода, использование оффсетов и других инновационных технологий. Больше информации о компании «Шеврон» вы найдете на www.chevron.com