Пресс-релизы
Теңізшевройл. Деректер мен дәйектер. 2023 жылдың үшінші тоқсаны бойынша мәлімет
Тарих/Қатысушылар
- Әлемдегі ең терең және ірі мұнай кеніштерінің бірі саналатын Теңіз мұнай кеніші 1979 жылы ашылды.
- «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (әрі қарай - ТШО) 1993 жылы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасында жасалған келісім негізінде құрылды.
- Қазіргі таңдағы ТШО серіктестері: «Шеврон» - 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ - 20%, «ЭксонМобил Қазақстан Венчурс Инк.» - 25% және «Лукойл» - 5%.
Өнім өндіру/Қорлар
- Теңіз коллекторының жалпы барланған қоры 3,1 миллиард тонна (25 миллиард баррель), ал Королев кен алаңында 200 миллион тонна (1,6 миллиард баррель) мұнайды құрайды.
- Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 1,4 миллиард тонна мөлшерінде (11,5 миллиард баррель).
- Теңіз коллекторының ені 20 шақырым (12 миль), ал ұзындығы 21 шақырым (13 миль).
- ТШО 2008 жылы Шикі газ айдау және Екінші буын зауыты (ШГА/ЕБЗ) жобасын аяқтады. Нәтижесінде мұнай өндірудің тәуліктік көлемі шамамен 80 мың тоннаға (640 мың баррель), табиғи газ 25 миллион текше метрге (870 миллион текше пұт) жетті.
- 2023 жылдың өткен үш тоқсанында шикі мұнай өндіру көлемі 21,7 миллион тоннаны (173,1 миллион баррель) құрады.
Денсаулық сақтау, өнеркәсіп қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
- ТШО 2000 жылдан бері қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыруға 3,2 миллиардқа жуық АҚШ доллары көлемінде инвестиция салды.
- 2000 жылдан бері өндірілген мұнайдың бір тоннасына шаққандағы атмосфераға жіберілген шығарындылардың көлемі 75%-ға азайды.
- ТШО 2023 жылдың үш тоқсанында өндірілген газдың 99,5%-ын кәдеге жаратты.
- 2023 жылдың үшінші тоқсанында суды қайтадан пайдалану көрсеткіші 45%-ды құрады. ТШО тұрмыстық ағын суларды кәдеге жарату, сондай-ақ өнеркәсіптік мақсатта тазарту және қайта пайдалану арқылы су ресурстарын үнемдеу бағытындағы іс-шараларды одан әрі жүзеге асыруды жалғастыруда.
- Кәсіпорын қалдықтардың 35 түрін қайта өңдеуге жібереді. 2023 жылдың үшінші тоқсаны соңында қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жалпы көрсеткіш 46%-ға жетті.
Өнімдерді өткізу
- 2023 жылдың үш тоқсанында 932 мың тоннадан аса сұйытылған газ, сондай-ақ 1,9 миллион тоннадан аса күкірт өткізілді.
- Кәсіпорын 2023 жылдың үш тоқсанында шамамен 6 миллиард текше метр тауарлық газ өндіріп, Қазақстанның газ құбыры желісіне жеткізді. Кәсіпорын түгелге жуық өндірілген құрғақ газ көлемін ішкі нарыққа өткізеді.
Қазақстан Республикасы экономикасына қосылған үлес
- ТШО-ның 1993 жылдан 2023 жылдың үш тоқсаны аралығындағы Қазақстан Республикасына тікелей қаржылық төлемі жергілікті қызметкерлерге төленген еңбекақыны, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржыны, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылған төлемдерді, қазақстандық серіктеске бөлінген дивидендтерді, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық пен роялтиді қоса алғанда 186 миллиардтан астам АҚШ долларын құрап отыр.
- 2023 жылдың өткен үш тоқсанында Қазақстанға төленген тікелей қаржылық төлем көлемі 10,3 миллиард АҚШ долларын құрады.
- Кәсіпорын 2023 жылдың тоғыз айында 3,2 миллиард АҚШ долларына қазақстандық қамтушылардың тауарлары мен қызметтерін сатып алды, оның 2 миллиард АҚШ долларынан астамы Келешек кеңею жобасы – Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) шеңберінде жұмсалды.
- ТШО 1993 жылдан бері 46,8 миллиардтан астам АҚШ долларына қазақстандық қамтушылардың тауарлары мен қызметтерін пайдаланды.
Қызметкерлерді шыңдау
- Негізгі өндіріс пен ККЖ-ҰЕҚБЖ-да жұмыс істейтін қазақстандық қызметкерлердің үлесі 91,7%. ККЖҰЕҚБЖ-дағы қызметкерлерді есепке алмағанда, ТШО штатындағылардың 94,6%-ы қазақстандықтар. Ал,1993 жылы бұл көрсеткіш 50% болатын.
- Жалпы басшылық құрамның 79,2%-ын қазақстандық жоғары және орта буын жетекшілер құрайды. ККЖ-ҰЕҚБЖ-ны есепке алмағанда жоғары және орта буындағы қазақстандық басшылардың жалпы үлесі 86,7%.
- Кадрларды оқыту және шыңдау жөніндегі тұрақты бағдарламалар нәтижесінде анағұрлым жауапты лауазымдарға жергілікті қызметкерлер көбірек тартылуда.
Әлеуметтік салаға үлес
- «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасының 2023 жылғы бюджеті 25 миллион АҚШ долларын құрады. Аталмыш қаржының негізгі бөлігі Атырау облысындағы балабақшалар, мектептер және басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысына бағытталды.
- ТШО 1993 жылдан бері Атырау облысындағы мектептер, ауруханалар, демалыс орындары, балабақшалар мен басқа да жалпы әлеуметтік нысандарды салу және жақсарту үшін 120-дан астам әлеуметтік инфрақұрылым жобаларына 360 миллион АҚШ долларынан астам инвестиция салды.
- Сондай-ақ, ТШО 2010-2022 жылдар аралығында Атырау және Маңғыстау облыстарындағы денсаулық сақтау, білім беру, экономика мен азаматтық қоғамды дамыту салаларындағы қоғамдастықтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы шеңберінде үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) 123 әлеуметтік жобасын қолдады.
- 2023 жылы Атырау облысы мен Маңғыстау облысының Боранқұл ауылында денсаулық сақтау, білім беру сапасын көтеру және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін кәсіпорынның әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы шеңберінде 2,5 миллион АҚШ долларынан астам қаржы бөлінді.
- Сонымен қатар, 2023 жылдың үш тоқсанында Атырау облысы мен Жылыой ауданына 2,3 миллион АҚШ долларынан астам қаржыға демеушілік көмек көрсетілді.
- ТШО 2023 жылдың үшінші тоқсанында Жылыой ауданын дамыту жөніндегі бағдарламасы шеңберінде «Таңдау» деп аталатын жаңа пилоттық жобаның іске қосылғандығын жариялады. Жоба операторы - Орталық Азияның Еуразиялық қоры (ОАЕҚ).
Келешек кеңею жобасы – Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы
Жалпы мағлұмат
- 2016 жылы ТШО серіктестері Теңіз кен орнының өндірістік қуаттылығын арттырудың келесі кезеңі болып табылатын Келешек кеңею жобасы - Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасын (ККЖҰЕҚБЖ) қаржыландыруға қатысты қорытынды шешімнің қабылданғаны туралы хабарлады.
- ККЖ мұнай өндіру көлемін жылына шамамен 12 миллион тоннаға немесе тәулігіне 260 мың баррельге арттырмақ. Мұнай өндірудің жалпы көлемі жылына шамамен 39 миллион тоннаны немесе тәулігіне 850 мың баррельді құрайды.
- ҰЕҚБЖ кеніштегі ұңғы ернеуіндегі қысымды төмендетіп, өнім зауытқа жеткен кезде қолданыстағы алты технологиялық желінің кіре берісіндегі қысымды көтеру арқылы Теңіз кен орнындағы қолданыстағы зауыттарды толық қуатта ұстап тұратын болады.''
Қазақстандық қамту
- ТШО ККЖ-ҰЕҚБЖ жүзеге асырыла бастағаннан бері қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға 17,6 миллиардқа жуық АҚШ долларын жұмсады.
Жоба бойынша жұмыс барысы
- ТШО әдеттегідей, ККЖ-ҰЕҚБЖ-ын қауіпсіз және сенімді іске қосуды көздейді.
- Жоба өзінің маңызды мәресіне жетті. Ол ККЖ механикалық жұмыстарының бітуі, демек жоба құрылысының негізгі кезеңінің аяқталуын білдіреді.
- ККЖ-ҰЕҚБЖ – бұл білікті мамандарды даярлау, шетелдік компаниялармен серіктестік қатынас орнату арқылы технология алмасу және жергілікті инфрақұрылымды жаңғырту түрінде мұра қалдыруға мүмкіндік беретін республикалық маңызы бар жоба.