Пресс-релизы
QazaqGaz Sustainalytics-тің ESG-рейтингінде жетекші газ компанияларының Топ-ондығына енді
Халықаралық Sustainalytics (Morningstar) рейтингтік агенттігі алғаш рет «QazaqGaz» ҰК» АҚ компаниялар тобы қызметінің тұрақтылығын бағалады. Алынған 19,2 ESG-рейтингі тұрақты даму саласында компанияның тәуекелдері төмен екендігін және бизнесті жауапты жүргізудің жоғары стандарттарын дәлелдейді.
Sustainalytics рейтингінде ұлттық компания әлемдегі халықаралық газ компанияларының арасында 7 орын алды. Осылайша, «QazaqGaz» ҰК» АҚ ұлттық деңгейде ғана емес, халықаралық масштабта да өз дәрежесін дәлелдеп отыр. Бұдан басқа, QazaqGaz басқа қазақстандық компаниялар арасында жоғары ESG-рейтингіне ие болды.
«QazaqGaz IPO-ға дайындық аясында ESG принциптеріне сай болуды көздейді. Оның аясында тек экологиялық емес, әлеуметтік тұрақтылық пен корпоративтік басқарудың ашықтығы есептелінеді. Оң ESG-рейтингін алуымыздың өзі IPO-ға шығу алдында жасалынған нақты әрі сенімді қадам.», - деді QazaqGaz Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов.
QazaqGaz ESG тәуекелдерін тиімді басқаруға ұмтылып қана қоймайды, сонымен қатар бұл мәселелерді компанияның стратегиясына біріктіреді. Газ өнеркәсібі Қазақстан экономикасында шешуші рөл атқарады. Ал компанияның тұрақты дамуға деген ұмтылысы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етеді.
ESG (экологиялық, әлеуметтік, басқару) «қоршаған орта және экология саласында басқару, сондай-ақ әлеуметтік және корпоративтік басқару» дегенді білдіреді. Кең мағынада бұл қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, жоғары әлеуметтік жауапкершілік және тиімді корпоративтік басқару принциптеріне негізделген коммерциялық қызметтің тұрақты дамуы.
Sustainalytics (Амстердам, Нидерланды) – экология, әлеумет және корпоративті басқару саласында зерттеулер жүргізетін жетекші тәуелсіз компания. Ұйым әлемдік инвесторларға әлеуметік жауапты инвестициялық стратегияларды әзірлеуге және жүзеге асыруға көмектеседі.
«QazaqGaz» ҰК» АҚ геологиялық барлау мен өндіруден бастап түпкілікті өнімді өткізуге дейінгі барлық тізбек бойынша қызметті жүзеге асыратын тігінен интеграцияланған ұлттық газ компаниясы.