Пресс-релизы
КҚК Шығыс аймақ нысандарын су тасқынынан қорғау үшін қосымша арнайы техника жіберді
2024 жылғы 15 сәуірде Атырау қаласына Астрахан облысынан арнайы техника легі келіп жетті. «КҚК-Қ» АҚ нысандарындағы Жайық өзені тасқынынан (өзендегі су деңгейі көтеріледі деп күтілуде) қорғайтын бекіністерді салатын автомобиль паркіне техникалық қолдау көрсету үшін Каспий Құбыр Консорциумы Орталық аймақтан Шығыс аймаққа төрт экскаватор мен екі өзі аударғыш машинаны көшірді.
Ресей аумағынан Қазақтан Республикасына арнайы техниканы көшіру мүмкіндігі алдын ала Атырау облысы әкімдігімен үйлестірілді. Әкімдік 14 сәуір күні мемлекеттік шекарадан жедел өтуге жәрдемдесті, сондай-ақ арнайы техника легіне жол-патрульдік қызметі еріп жүруін қамтамасыз етті.
Бүгінгі таңда «Атырау» МАС аумағында тасқынға қарсы бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Ғимараттар мен құрылыстардың (оның ішінде операторлар ғимараты, дизель-электр станциясы, су дайындау қондырғысы, радиошелтерлер және т.б.) периметрі бойынша қорғаныс бөгеттері салынды. 209 км-дегі магистральдық шарлық кран (МШК) айналасындағы бөгет биіктетілді.
«Атырау» МАС аумағының периметрі бойынша топырақ үю жұмыстары, атап айтқанда автоматтандырылған газ тарату станциясын бөгеттеу, 192 және 197 км-дегі МШК-ны бөгеттеу, қоқыс полигоны аймағында қорғаныс бөгетін тұрғызу жұмыстары жалғасуда. Соколок каналында (190 км) арнаны тазалау, су өткізу құрылғысын бөлшектеу және қорғаныс бөгетін салу жұмыстары жүргізілуде. Сары өзек жақта КҚК арнайы техникасының көмегімен «КҚК-Қ» АҚ мен «ҚазТрансОйл» АҚ нысандарын (соның ішінде Т. Қасымов атындағы БМАС пен автожолды) ықтимал су басуынан қорғауға арналған қорғаныс бөгеттері тұрғызылуда.
Сонымен қатар тасқынға қарсы шаралар Жайық өзенінің жағалауы бойында іске асырылып жатыр. Береке ауылында ұзындығы 5 км-ден асатын қорғаныс бөгеті салынуда. Құрылыс алаңында 40 арнайы техника, соның ішінде 28 өзі аударғыш машина, сондай-ақ экскаваторлар, бульдозерлер және жол тегістейтін катоктар жұмылдырылған. Бөгетті салу және күшейту кезінде геотекстиль мен құм салынған қаптар пайдаланылады, және де қазіргі таңда 20 мың қап дайындалған. Консорциум Береке ауылы маңында бөгет салу үшін 2 км геотекстиль мен 300 мың құм салынған қапты қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта КҚК-ның барлық нысандары штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
КҚК құбыр жүйесі - ТМД аумағында энергетика саласындағы шетелдік капиталдың қатысуымен іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың бірі. Теңіз-Новороссийск құбырының ұзындығы 1 511 километрді құрайды. Бұл бағдармен Қазақстанның экспортқа шығарылатын мұнайының үштен екісінен астамы, сондай-ақ ресейлік, соның ішінде Каспийдегі кен орындарынан алынатын шикізат тасымалданады. КҚК теңіз терминалы үш шығарылатын айлақ құрылғысымен (ШАҚ) жабдықталған, олар танкерлерді жағадан айтарлықтай алшақта қолайсыз метео жағдайда да қауіпсіз тиеуге мүмкіндік береді.
КҚК акционерлері: Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі федералдық агенттік атынан «Транснефть» ЖАҚ (сенімгерлікпен басқару) - 24%, «КТК Компани» ҰК - 7 %, «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ - 19%, Kazakhstan Pipeline Ventures LLC - 1,75%, Chevron Caspian Pipeline Consortium Company – 15%, LUKARCO B.V. – 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company – 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited – 7,5%, BG Overseas Holdings Limited – 2%, Eni International N.A. N.V. S.ar.l. – 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC – 1,75%.